Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 322 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 31 мамырда № 16972 болып тіркелді
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына және Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Toggle Dropdown
1)«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 9 наурыздағы № 105 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15009 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
Toggle Dropdown
2) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 9 наурыздағы № 105 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 715 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16155 болып тіркелген, 2018 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және әскери білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
1
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Toggle Dropdown
1
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Т.С. Мұхтаровқа жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Toggle Dropdown
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник С. Жасұзақов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2018 жылғы 16 мамырдағы
№ 322 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) жұмысын бағалау тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
Toggle Dropdown
1) тікелей басшы – тура бағынысында болып табылатын бағаланушы қызметшіге қатысты адам;
Toggle Dropdown
2) жоғары тұрған басшы – тура бағынысында болып табылатын бағаланушы қызметшінің тікелей басшысына қатысты адам;
Toggle Dropdown
3) негізгі мақсатты индикаторлар (бұдан әрі – НМИ) – мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына сәйкес не «Б» корпусының қызметшісі жұмысының ерекшелігіне сүйене отырып (процестік жұмысты қоспағанда) белгіленетін, қол жеткізген жағдайда олардың жұмысының тиімділігі туралы дәлелдейтін көрсеткіштер;
Toggle Dropdown
4) жеке жұмыс жоспары – бағаланатын кезеңге «Б» корпусының қызметшісінің НМИ-ін көздейтін және тікелей басшымен бірлесіп жасалатын және жоғары тұрған басшы бекітетін құжат;
Toggle Dropdown
5) құзыреттер – нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби жұмысты тиімді түрде орындау үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың жиынтығы;
Toggle Dropdown
6) мінез-құлық индикаторлары – «Б» корпусының қызметшісінің мінез-құлық сипаттамалары және құзыреттерінің көріну деңгейі;
Toggle Dropdown
3. «Б» корпусының қызметшілерінің жұмысын бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
Toggle Dropdown
4. Егер оның нақты лауазымда болу мерзімі, оның ішінде әлеуметтік демалыстан шыққаннан немесе оқуды аяқтағаннан кейін үш айдан аз болған жағдайларда, сондай-ақ сынақ мерзімі кезеңінде бағалау жүргізілмейді.
Toggle Dropdown
Бағалауды жүргізу кезеңінде еңбек демалыстарында, жалақысы сақталмайтын демалыста болған, уақытша еңбекке жарамсыздығы, іссапарда немесе тағылымдамада болған кезеңінде, не қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілген «Б» корпусының қызметшілері жұмысқа шыққаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде бағалаудан өтеді.
Toggle Dropdown
5. Бағалауды жүргізу үшін «Б» корпусының қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адам (бұдан әрі – уәкілетті адам) жұмыс органы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кадр органы (бұдан әрі – кадр органы) болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) құрады.
Toggle Dropdown
Комиссия құрамын уәкілетті адам айқындайды, Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамды құрайды.
Toggle Dropdown
6. Бағалау екі жеке бағыт бойынша жүргізіледі:
Toggle Dropdown
1) НМИ-дің жетістіктерін бағалау;
Toggle Dropdown
2) «Б» корпусының қызметшілерінің құзыреттерін бағалау.
Toggle Dropdown
7. НМИ-дің орындалуын бағалау нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, ротациялау, мемлекеттік лауазымынан төмендету не босату бойынша шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
Құзыреттерді бағалау нәтижелері «Б» корпусының қызметшісінің қажетті құзыреттерін дамыту бойынша шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады. Бұл ретте құзыреттерді бағалау нәтижелері бонустар төлеуге, көтермелеуге, ротациялауға, мемлекеттік лауазымында төмендетуге не босатуға әсер етпейді.
Toggle Dropdown
8. Бағалауға байланысты құжаттар кадр органында бағалау аяқталған күннен бастап үш жыл бойы сақталады.
Toggle Dropdown
2-тарау. НМИ-ді айқындау тәртібі
Toggle Dropdown
9. НМИ-ді тікелей басшы осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау кезеңі басталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде жасалатын «Б» корпусының қызметшісінің жеке жұмыс жоспарында айқындайды.
Toggle Dropdown
10. Тиісті НМИ бар жеке жұмыс жоспары әзірленгеннен кейін ол бекіту үшін жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
Toggle Dropdown
11. Егер «Б» корпусының қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болып табылған жағдайда жеке жұмыс жоспарын осы лауазымды адам бекітеді.
Toggle Dropdown
12. НМИ осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда жоғары тұрған басшы жеке жұмыс жоспарын толық пысықтауға қайтарады.
Toggle Dropdown
Жеке жұмыс жоспарын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу толық пысықтауға жолданған күннен кейін 2 жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып, қол жеткізу қажет нәтиже дәл айқындалады);
Toggle Dropdown
2) өлшемді (НМИ жетістіктерін өлшеу үшін нақты өлшемшарттар айқындалады);
Toggle Dropdown
3) қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып айқындалады);
Toggle Dropdown
4) уақыты шектеулі (бағаланатын кезең ішінде НМИ-ға қол жеткізу мерзімі айқындалады).
Toggle Dropdown
14. НМИ саны 4 құрайды.
Toggle Dropdown
15. Жеке жұмыс жоспары кадр органында сақталады.
Toggle Dropdown
3-тарау. НМИ жетістігін бағалау тәртібі
Toggle Dropdown
16. Жеке жұмыс жоспарында көзделген НМИ жетістігіне бақылауды жүзеге асыру мақсатында тікелей басшы НМИ-де белгіленген жетістіктерге тоқсан сайын мониторингті жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Тоқсан сайынғы мониторинг қорытындылары бойынша тікелей басшы бағаланатын «Б» корпусының қызметшісіне НМИ-ге қол жеткізу және осы үшін қажетті одан әрі шаралар бойынша жазбаша ұсынымдар береді.
Toggle Dropdown
17. Бағалауды жүргізу үшін «Б» корпусының қызметшісінің тікелей басшысы осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша НМИ бойынша бағалау парағын толтырады және оған қол қояды.
Toggle Dropdown
18. Жеке жұмыс жоспарының іске асырылуын бағалау жеке жұмыс жоспары жасалған жыл қорытындылары бойынша НМИ жетістігін бағалау негізінде мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
барлық НМИ-ге қол жеткізілген кезде «өте жақсы» деген баға қойылады;
Toggle Dropdown
НМИ-дің 5-еуінен 4-еуіне қол жеткізілген кезде «тиімді» деген баға қойылады.
Toggle Dropdown
НМИ-дің 5-еуінен 3-еуіне қол жеткізілген кезде «қанағаттанарлық» деген баға қойылады;
Toggle Dropdown
НМИ-дің 5-еуінен 3-тен азына қол жеткізілген кезде «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады.
Toggle Dropdown
НМИ-ге қол жеткізу жеке жоспарда көзделген көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.
Toggle Dropdown
19. Тікелей басшы бағалау парағын толтырғаннан кейін ол жоғары тұрған басшыға қарауға енгізіледі.
Toggle Dropdown
20. Егер «Б» корпусының қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болып табылған жағдайда бағалау парағы оның қарауына енгізіледі.
Toggle Dropdown
21. «Б» корпусының қызметшісінің бағалау парағын қарау қорытындылары бойынша жоғары тұрған басшы мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
Toggle Dropdown
1) бағалаумен келісу;
Toggle Dropdown
2) толық пысықтауға жіберу.
Toggle Dropdown
22. Бағалау парағы НМИ-ге қол жеткізілгенін дәлелдейтін фактілер жеткіліксіз не анық болмаған жағдайда толық пысықтауға жолданады.
Toggle Dropdown
23. Бағалау парағын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу оны толық пысықтауға жолдаған күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
24. Жоғары тұрған басшы бағалау парағына қол қойғаннан кейін кадр органы 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына шығарады.
Toggle Dropdown
4-тарау. Құзыреттерді бағалау тәртібі
Toggle Dropdown
25. Құзыреттерді бағалауды тікелей басшы жүзеге асырады оның қорытындылары бойынша осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау парағы толтырылады.
Toggle Dropdown
26. Бағалау парағын толтыру кезінде осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік лауазымдарының санаттары үшін көзделген әрбір құзырет бойынша мінез-құлық индикаторларының жинағын басшылыққа алу қажет. Бір құзырет бойынша мінез-құлық индикаторларының саны оннан аспайтынды құрайды.
Toggle Dropdown
27. «Б» корпусының қызметшісі құзыретінің даму деңгейі бағалау кезеңі ішінде оның жұмысынан көрінетін мінез-құлық индикаторларының санымен мынадай тәртіппен айқындалады:
Toggle Dropdown
1) қызметшінің жұмысында белгілі бір құзыретпен көзделген мінез-құлық индикаторларының 3/4 немесе одан артығы көрінген жағдайда «күтілген нәтижелерге сәйкес» деген баға қойылады;
Toggle Dropdown
2) қызметшінің жұмысы нақты құзырет үшін көзделген мінез-құлық индикаторларының 3/4-нен азына сәйкес келмеген кезде осы нақты құзырет бойынша «күтілген нәтижеге сәйкес емес» деген баға қойылады.
Toggle Dropdown
28. Тікелей басшы бағалау парағына қол қойғаннан кейін кадр органы 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына шығарады.
Toggle Dropdown
5-тарау. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы және бағалау нәтижелеріне шағымдану
Toggle Dropdown
29. Кадр органы Комиссия төрағасымен келісім бойынша бағалауды жүргізу кестесін жасайды және бағалауды жүргізу туралы 7 жұмыс күні бұрын бағалауды жүзеге асыратын адамдарды хабардар етуді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
30. Комиссияның отырысы, егер оған оның құрамының кемінде 2/3-і қатысса, заңды деп саналады.
Toggle Dropdown
31. Комиссияның жоқ мүшесін немесе төрағасын ауыстыру Комиссия құру туралы бұйрыққа өзгерістер енгізу жолымен уәкілетті адамның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
32. Комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады.
Toggle Dropdown
33. Дауыс беру нәтижелері Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған кезде Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Toggle Dropdown
34. Комиссияның хатшысы кадр органының қызметкері болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
Toggle Dropdown
35. Кадр органы Комиссияның төрағасымен келісілген мерзімдерге сәйкес Комиссия отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
36. Кадр органы Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды ұсынады:
Toggle Dropdown
1) толтырылған бағалау парақтарын;
Toggle Dropdown
2) осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын.
Toggle Dropdown
37. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды және мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
Toggle Dropdown
1) бағалау нәтижелерін бекіту;
Toggle Dropdown
2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.
Toggle Dropdown
38. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия бағаны түзетеді және оны хаттаманың «Комиссияның бағалау нәтижелерін түзету (бар болған жағдайда)» деген бағанында көрсетеді.
Toggle Dropdown
39. Бағалау нәтижелерін уәкілетті адам бекітеді және осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті хаттамада тіркеледі.
Toggle Dropdown
40. Кадр органы «Б» корпусының қызметшісін ол аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде бағалау нәтижелерімен таныстырады.
Toggle Dropdown
41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүзеге асырылады. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда еркін нысанда акті жасалады, оған кадр органы және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісі қол қояды.
Toggle Dropdown
42. «Б» корпусының қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізу үшін кедергі болып табылмайды. Осы жағдайда кадр органы «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерін мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы жолдайды.
Toggle Dropdown
43. «Б» корпусының қызметшісінің Комиссия шешіміне шағымдануы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда шешім шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Шағымды қарау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік органға Комиссия шешімін жою және «Б» корпусының қызметшісінің бағалау нәтижелерін қайта қарауды ұсыну;
Toggle Dropdown
2) «Б» корпусының қызметшісінің бағалау нәтижелерін қайта қараусыз қалдыру.
Toggle Dropdown
44. «Б» корпусының қызметшісі бағалау нәтижелеріне сот тәртібінде шағымдануға құқылы.
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің «Б»
корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
1-қосымша
Toggle Dropdown
«БЕКІТЕМІН»
Жоғары тұрған басшы
_____________________________
(тегі, аты-жөнінің бас әріптері)
күні __________________________
қолы _________________________
Toggle Dropdown
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары
Toggle Dropdown
__________________________________ жыл (жеке жоспар жасалатын кезең)
Toggle Dropdown
Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде))___________________ Қызметшінің лауазымы: _______________________________________________________ Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:___________________________________ _____________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
|
№
|
НМИ-дің атауы
|
Саяси мемлекеттік қызметшінің меморандумының немесе «А» корпусы қызметшісі келісімінің қай көрсеткішінен жоспарлау жүйесінің құжатынан түйінделеді
|
Өлшем бірлігі
|
Жоспарлы мәні
|
Қол жеткізу мерзімдері
|
Түпкілікті нәтиже*
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
* Негізінде мақсатты индикаторға қол жеткізуден күтілетін оң өзгеріс
Toggle Dropdown
Қызметші Тікелей басшы ________________________________ ________________________________ (тегі, аты-жөнінің бас әріптері) (тегі, аты-жөнінің бас әріптері) күні ___________________________ күні ___________________________ қолы ___________________________ қолы ___________________________
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің «Б»
корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
2-қосымша
Toggle Dropdown
«БЕКІТЕМІН»
Жоғары тұрған басшы
___________________________
(тегі, аты-жөнінің бас әріптері)
күні _________________________
қолы _________________________
Toggle Dropdown
НМИ бойынша бағалау парағы
Toggle Dropdown
_______________________________________________________ (бағаланатың адамның тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы) ____________________________________ (бағаланатын кезең)
Toggle Dropdown
|
№
|
НМИ-дің атауы
|
Өлшем
бірлігі
|
Жоспарлы мәні
|
Нақты мәні
|
Нәтижеге қол жеткізілді/нәтижеге қол жеткізілген жоқ
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Бағалау нәтижесі __________________________________________________ (қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, тиімді, өте жақсы)
Toggle Dropdown
Қызметші Тікелей басшы ________________________________ ________________________________ (тегі, аты-жөнінің бас әріптері) (тегі, аты-жөнінің бас әріптері) күні ___________________________ күні ___________________________ қолы ___________________________ қолы ___________________________
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің «Б»
корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
3-қосымша
Toggle Dropdown
Құзыреттер бойынша бағалау парағы
Toggle Dropdown
_________________жыл (бағаланатын жыл)
Toggle Dropdown
Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) _________________________________________________________ Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ______________________________ Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ________________________________________________________________
Toggle Dropdown
|
№
|
Құзыреттер атауы
|
Бағалау нәтижелері (күтілетін нәтижеге сәйкес/күтілетін нәтижеге сәйкес емес)
|
Қызметшіде байқалмаған мінез-құлық индикаторларының атауы («күтілетін нәтижеге сәйкес емес» деген баға алған жағдайда)
|
|
1
|
Қызметті басқару
|
|
|
|
2
|
Ынтымақтастық
|
|
|
|
3
|
Шешімдер қабылдау
|
|
|
|
4
|
Жеделділік
|
|
|
|
5
|
Өздігінен даму
|
|
|
|
6
|
Көрсетілетін қызметті тұтынушыға бағдарлану *
|
|
|
|
7
|
Көрсетілетін қызметті тұтынушыларды хабарландыру *
|
|
|
|
8
|
Адалдық
|
|
|
|
9
|
Жауапкершілік
|
|
|
|
10
|
Бастамашылдық
|
|
|
|
11
|
Стреске төзімділік
|
|
|
Toggle Dropdown
*Лауазымдық міндеттері шеңберіне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері кірмейтін «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері «Көрсетілетін қызметті тұтынушыға бағдарлау» және «Көрсетілетін қызмет тұтынушыларын хабарландыру» құзыреттері бойынша бағаланбайды.
Toggle Dropdown
Қызметші Тікелей басшы ___________________________ ___________________________ (тегі, аты-жөні) (тегі, аты-жөні) күні ______________________ күні ______________________ қолы ______________________ қолы ______________________
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің «Б»
корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
4-қосымша
Toggle Dropdown
Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары
Toggle Dropdown
|
Құзыреттер атауы
|
Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдар санаты
|
Тиімді мінез-құлықтың индикаторлары
(мінез-құлық)
|
Тиімсіз мінез-құлықтың (мінез құлық) индикаторлары
|
|
қызметті басқару
|
C-4;
C-5;
|
Басымдығына қарай тапсырмаларды маңыздылығы ретімен қояды;
Басшылыққа сапалы құжаттарды дайындайды және енгізеді;
Шектелген уақыт жағдайларында жұмыс істей алады;
Басымдықтарды қоя отырып, белгіленген мерзімдерді сақтайды.
|
Тапсырмаларды жүйесіз орындайды;
Құжаттарды сапасыз әзірлейді;
Жедел жұмыс істемейді;
Мерзімдерді бұзуға жол береді.
|
|
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
|
C-4;
C-5;
|
Ұжымның жұмысына үлесін қосады және қажет болған кезде түсіндірмелер алу үшін тәжірибесі мол әріптестеріне өтініш жасайды;
Әріптестерімен және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен өзара іс-қимылды дамытады;
Пікірлермен алмасады және талқылауды ескере отырып, міндеттерді орындайды.
|
Тәжірибесі молырақ әріптестерінен көмек сұрамай, жұмыста тұйықтық ұстанымын көрсетеді;
Әріптестерімен және әртүрлі мемлекеттік органдардың және ұйымдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл жасамайды;
Әріптестерімен міндеттерді талқыламайды.
|
|
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ
|
C-4;
C-5
|
Қажетті ақпаратты таба алады;
Мүмкін болатын тәуекелдерді ескере отырып, міндеттерді шешудің бірнеше нұсқаларын ұсынады;
Ол үшін маңызы бар өз пікірін негіздей алады.
|
Қажетті ақпаратты таба алмайды;
Міндеттерді шешудің баламалы нұсқаларын ұсынбайды не мүмкін болатын тәуекелдерді ескермейді;
Шешімдерге негізсіз пікірін білдіреді.
|
|
КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ ТҰТЫНУШЫҒА БАҒДАРЛАНУ
|
C-4;
C-5;
|
Сыпайы және мейірімді қызмет көрсетеді;
Көрсетілген қызмет сапасымен қанағаттандыру деңгейін талдайды және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
Қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді.
|
Көрсетілетін қызмет алушымен дөрекі және немқұрайлы сөйлеседі;
Тұтынушы проблемаларына және мәселелеріне қызығушылық танытпайды
Қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша бастамасының жоқ екенін көрсетеді.
|
|
ҚЫЗМЕТТІ ТҰТЫНУШЫҒА АҚПАРАТТАНДЫРУ
|
C-4;
C-5;
|
Көрсетілетін қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімді тәсілдерін пайдаланады;
Тұтынушыға ақпаратты ауызша және жазбаша түрде қолжетімді жеткізеді;
Көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты уақтылы қабылдай және бере алады.
|
Көрсетілетін қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімсіз тәсілдерін қолданады;
Тұтынушыға ақпаратты ауызша да, жазбаша да нысанда жеткізбейді немесе түсініксіз жеткізеді;
Көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты уақтылы қабылдай және бере алмайды.
|
|
ЖЕДЕЛДІЛІК
|
C-4;
C-5;
|
Жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді;
Оларды енгізудің жаңа бағыттары мен әдістерін үйренеді;
Өзгерген жағдайларда өзін-өзі бақылауды сақтайды;
Өзгеретін жағдайларда жылдам бейімделеді.
|
Қолданыстағы рәсімдерді және жұмыс әдістерін ұстанады;
Оларды енгізудің жаңа ұстанымдары мен тәсілдерін зерделемейді;
Өзгерген жағдайларда өзін-өзі бақылай алмайды;
Өзгеретін жағдайларға бейімделмейді немесе ұзақ бейімделеді.
|
|
ӨЗДІГІНЕН ДАМУ
|
C-4;
C-5;
|
Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытады;
Өздігінен дамуға ұмтылады, жаңа ақпаратты және оны қолдану тәсілдерін іздейді;
Тәжірибеде оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа дағдыларды қолданады.
|
Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытпайды;
Дамымайды және жаңа ақпаратқа және оны қолдану тәсілдеріне қызықпайды;
Оларға ие дағдылармен шектеледі.
|
|
АДАЛДЫҚ
|
C-4;
C-5;
|
Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сүйенеді;
Өзінің жұмысын адал орындайды;
Өзін адал, қарапайым, әділ ұстайды, басқаларға сыпайылық және биязылық танытады.
|
Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сай келмейтін мінез-құлықтар танытады;
Өзінің жұмысын орындау барысында немқұрайлылық көрсетеді;
Өзін әділетсіз, шамданғыш, теріс ойлы екенін көрсетеді және басқаларға дөрекілік және менсінбеушілік танытады;
|
|
СТРЕССКЕ ТӘУІЛДІЛІК
|
C-4;
C-5;
|
Сынға сабырлылықпен қарайды және ол негізді болған жағдайда кемшіліктерді жою жөніндегі шараларды қабылдайды.
|
Сынға сабырсыз ден қояды және кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды.
|
|
ЖАУАПТЫЛЫҚ
|
C-4;
C-5;
|
Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыруға жеке өзі жауапты болады.
|
Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыруға жауаптылықты басқа лауазымды адамдарға жүктейді.
|
|
БАСТАМАШЫЛДЫҚ
|
C-4;
C-5;
|
Идеялар мен ұсыныстарды пысықтайды және ұсынады
және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындайды.
|
Идеялар мен ұсыныстарды пысықтамайды және ұсынбайды және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындамайды.
|
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің «Б»
корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалаудың
үлгілік әдістемесіне
5-қосымша
Toggle Dropdown
«БЕКІТЕМІН»
Уәкілетті адам
___________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні ________________________
қолы _________________________
Toggle Dropdown
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы) ____________________________________________________________ (бағалау кезеңі, жылы)
Toggle Dropdown
Бағалау нәтижелері
Toggle Dropdown
|
№
|
Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты ( бар болған кезде)
|
Бағалау нәтижелері туралы мәлімет
|
Комиссияның бағалау нәтижелерін түзетуі (бар болған жағдайда)
|
Комиссияның ұсынымдары
|
|
1.
|
|
|
|
|
|
2.
|
|
|
|
|
|
...
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Комиссия қорытындысы:
Toggle Dropdown
________________________________________________________________ Тексерілді: Комиссияның хатшысы: ____________________ Күні: _____________ (тегі, аты-жөні, қолы) Комиссияның төрағасы: ____________________ Күні: ____________ (тегі, аты-жөні, қолы) Комиссияның мүшесі: _______________________ Күні: _____________ (тегі, аты-жөні, қолы)