Bestprofi Logo

Бұйрық № 164 от 2018-05-05г./Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде шикі газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде шикі газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 164 бұйрығы ​Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 мамырда № 16961 болып тіркелді

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 146-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде шикі газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесі бекітілсін.

1) «Мұнай операцияларын жүргізу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 64 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9915 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

2) «Мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 64 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 274 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13982 болып тіркелген, 2016 жылғы 9 тамызда «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау қорына енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 164 бұйрығымен бекітілген

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде шикі газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесі

1. Осы Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде шикі газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 146-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 08.10.2020 жылғы № 351 Бұйрығына сәйкес (05.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

2) кен орнын сынамалап пайдалану кезінде;

3) шикі газды технологиялық еріксіз жағу кезінде шикі газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеуге арналған.

2. Үлес салмағына қарамастан, жер қойнауынан қалыпты атмосфералық температурада және қысым кезінде газ тектес күйде алынатын кез келген көмірсутектер, оның ішінде тазартылмаған табиғи, ілеспе, қатпарлы газ, көмiр қабаттарындағы метан, сондай-ақ олардың құрамындағы көмiрсутексіз газдар шикі газ деп танылады.

Мұнайдың құрамында қатталған жағдайларда еріген күйде кездесетін және қысым төмендеген кезде одан бөлініп шығатын көмірсутектердің және көмірсутекті емес газдардың көп құрауышты қоспасы ілеспе газ деп танылады.

Шикі газды дайындау және (немесе) қайта өңдеу (сепарациялау, тұрақтандыру, тазалау, құрғату, фракциялау, сұйыту, суыту және т.б.) бойынша технологиялық процестердің барлық сатыларында алынған газдар көмірсутектері мен көмірсутекті емес газдардың көпқұрамбөлікті қоспасы деп танылады.

2-тарау. Көмірсутекті өндіру, шикі газды кәдеге жарату және жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу

3. Жер қойнауын пайдаланушы көмірсутекті өндіру, шикі газды кәдеге жарату және жағу көлемдерін анықтауды жер қойнауын пайдаланушымен бекітілген өндірістік жоспарларды ескере отырып, жобалау құжаттарына және қолданылатын технологияға сәйкес бақылау-өлшеу аспаптары арқылы шикі газ көлемінің өлшемдерін есепке алу жүйесін қолдана отырып жүргізеді:

1) көмірсутекті өндіру, жинау, сақтау, тасымалдау, дайындау және қайта өңдеу қондырғыларының (жүйелерінің) кіре берісінде және шыға берісінде;

2) газ турбиналы қондырғының, пештердің, қазандықтардың, газ поршенді қондырғылардың, шикі газды қабатқа қайта айдау компрессорлары және шикі газды пайдаланатын басқа да жабдықтардың кіре берісінде;

3) шикі газдың көлемін есепке алу тораптарында;

4) факел қондырғыларының кіре берісінде.

4. Шикі газды жағудың нақты көлемі Әдістемеге сәйкес есептелген нормативтік көлемдерден аспайды.

5. Шикі газды өндірудің* жалпы көлемі (VI) мұнай, газ-мұнай, мұнай-газ, мұнай-газ конденсатты және газ конденсатты мұнай кен орындары/ұңғымалары үшін мынадай формула бойынша есептеледі:

5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 08.10.2020 жылғы № 351 Бұйрығына сәйкес (05.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Qм – мұнайды жылдық немесе тәуліктік өндіру, т.;

Гф – газ факторы (шикі газ көлемінің мұнай өндіру* көлеміне қатынасы, м3 /т).

Шикі газды өндірудің жалпы көлемі (VI ) газ және газ конденсатты кен орындары/ұңғымалары үшін ұңғыма дебиттерінің жүргізілген өлшемдері негізінде анықталады және шикі газдың жылдық немесе тәуліктік өндірілуі ретінде көрсетіледі, м3 .

Мұнай және шикі газ өндіру көлемі жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша оператор, сенімгерлік басқарушы) бекіткен және Кодексте көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларын жүргізу үшін базалық жобалау құжатындағы немесе әзірлеуді талдаудағы немесе Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжатындағы көрсеткіштерге сәйкес келеді.

6. Жағылатын шикі газдың есептік көлемі (VII) шикі газөндірудің* жалпы көлемі мен пайдаланылатын/кәдеге жаратылатын шикі газдың көлемі, оның ішінде қайта өңделетін шикі газдың көлемі арасындағы айырма ретінде мынадай формула бойынша анықталады:

6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 08.10.2020 жылғы № 351 Бұйрығына сәйкес (05.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

VII – жағылатын шикі газдың жалпы көлемі, м3 ;

VI – шикі газөндірудің* жалпы көлемі, м3 ;

(V1 + V2 + V3 + V4 + V5 ) – пайдаланылатын/кәдеге жаратылатын шикі газдың көлемі, м3 , оның ішінде:

V1 – өз технологиялық қажеттіліктеріне пайдаланатын шикі газдың көлемі (сағалық жылытқыштарда, жылыту пештерінде, қазандық және өзге де газды тұтынатын жабдықта пайдаланылатын газдың көлемі). Өз технологиялық қажеттіліктеріне пайдаланылатын шикі газдың есептік көлемі технологиялық жабдықтың техникалық сипаттамасына және оны пайдалану ұзақтығына сүйене отырып анықталады, м3 ;

V2 – технологиялық ысыраптарға (шикі газды өндіру, жинау, сақтау, тасымалдау, дайындау және қайта өңдеу технологиялық процестері кезіндегі ысыраптар) арналған шикі газдың көлемі қолданылатын технологиялық жабдықтың техникалық сипаттамаларымен, паспорттарымен және жобалық құжаттамасымен анықталады, м3 ;

V3 – электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын шикі газдың көлемі қолданылатын жабдықтың паспорттарына және техникалық сипаттамаларына сәйкес электр энергия бірлігіне шығарылған электр энергия мөлшеріне және меншікті газ шығынына сүйене отырып анықталады, м3 ;

V4 – қабатқа қайта айдауға арналған шикі газдың көлемі, жабдықтың техникалық сипаттамаларын, паспорттарын және пайдалану ұзақтығын негізге ала отырып анықталады, м3 ;

V5 – газды дайындау қондырғысында, газды кешенді дайындау қондырғысында, газ өңдеу қондырғысында немесе газ өңдеу зауытында газды дайындауға және (немесе) өңдеуге пайдаланылатын шикі газдың көлемі өткізілген тауарлық және сұйытылған газдардың, жеңіл көмірсутектердің үлкен фракциясының және (немесе) өзге де тауарлық өнім көлемдерін, бөгде ұйымға өткізілетін шикі газ көлемдерін, сондай-ақ қайта өңдеу, магистральдық газ құбырына дейін тасымалдау кезіндегі технологиялық ысыраптарды негізге ала отырып анықталады, м3 .

Шикі газ өндіру көлемі жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша оператор, сенімгерлік басқарушы) бекіткен және Кодексте көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларын жүргізу үшін базалық жобалау құжатындағы немесе әзірлеуді талдаудағы немесе Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжатындағы көрсеткіштерге сәйкес келеді.

3-тарау. Ұңғыма объектілерін сынау кезінде шикі газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу

7. Ұңғыманың әрбір объектісін сынау кезінде шикі газды жағу нормативтері (VIII) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен ұңғыманы сынау жоспарына сәйкес анықталады.

8. Мұнай, газ-мұнай, мұнай-газ, мұнай-газ конденсатты және газ конденсатты мұнай ұңғымаларын сынау кезінде шикі газды жағу көлемдерінің нормативтерін есептеу (VIII) мына формула бойынша жүргізіледі:

8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 08.10.2020 жылғы № 351 Бұйрығына сәйкес (05.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

VIII – ұңғыма объектілерін сынау кезінде шикі газды жағу көлемі, м3 ;

Д – ұңғымалардың дебиті (бір тәулік ішінде мұнай өндіру* көлемі), т/тәул.;

Гф – газ факторы* (шикі газ көлемінің мұнай өндіру* көлеміне қатынасы), м3 /т;

Т – ұңғыма объектілерін сынау күндерінің саны.

Газ және газ конденсатты ұңғымаларды сынау кезінде шикі газды жағу көлемдерін есептеу (VIII ) мына формула бойынша жүргізіледі:

VIII – ұңғыма объектілерін сынау кезінде шикі газды жағу көлемі, м3 ;

Д – ұңғымалардың дебиті (бір тәулік ішінде шикі газды өндіру* көлемі), м3 /тәул.;

Т – ұңғыма объектілерін сынау күндерінің саны.

Мұнайды өндіру көлемі және газ факторының мәні жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша оператор, сенімгерлік басқарушы) бекіткен және Кодексте көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларын жүргізу үшін базалық жобалау құжатындағы немесе әзірлеуді талдаудағы немесе Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжатындағы көрсеткіштерге сәйкес келеді.

Көрсетілген көрсеткіштер болмаған жағдайда, осыған дейін сыналған жер қойнауы учаскесіндегі ұңғымалар объектілерінің нақты көрсеткіштері қолданылады.

Жер қойнауы учаскесіндегі ұңғымаларда осыған дейін сыналған объектілер болмаған жағдайда, жақын орналасқан ұңғымалардың нақты көрсеткіштері қолданылады.

9. Ұңғыма объектілерін сынау кезінде шикі газды жағудың нақты көлемі ұңғыма объектілерін сынау кезінде шикі газды жағудың нормативтік көлемінен аспайды (VIII).

4-тарау. Кен орнын сынамалап пайдалану кезінде газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу

10. Кен орнын сынамалап пайдалану кезінде газ жағу нормативтерін (VIV) есептеу әрбір қолданыстағы ұңғыма бойынша шикі газды жағу нормативтерінің сомасын және көлемдерінің сомасын негізге ала отырып, мынадай формула арқылы жүргізіледі:

VIV – кен орнын сынамалап пайдалану кезінде шикі газды жағу нормативі мен көлемі, м3;

Qсын.пайдалану – кен орнын сынамалап пайдалану кезінде шикі газды жағудың жиынтық нормативі мен жиынтық көлемі, м3.

Q1, 2, 3,...n – кен орнын сынамалап пайдалану кезінде бір қолданыстағы ұңғыманың шикі газды жағу нормативі мен көлемі, м3;

10-1. Кен орнын сынамалап пайдалану кезінде өндірілетін газ көлемінің бөлігін қолдану (кәдеге жарату) кезінде шикі газды жағу нормативтері мен көлемі мынадай формула бойынша анықталады:

Әдістеме 10-1-тармақпен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 08.10.2020 жылғы № 351 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 20.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

VIV – кен орнын сынамалап пайдалану кезінде шикі газды жағу нормативі мен көлемі, м3 ;

Qсын . пайдалану – кен орнын сынамалап пайдалану кезінде шикі газдың өндіру көлемі, м3 ;

Q1, 2, 3,...n – кен орнын сынамалап пайдалану кезінде қолданыстағы бір ұңғыманың шикі газды өндіру көлемі, м3 ;

Qгазды к . ж . – қолданылатын/кәдеге жаратылатын газ көлемі, м3 .

Кен орнын сынамалап пайдалану кезінде қолданыстағы әрбір мұнай, газ-мұнай, мұнай-газ, мұнай-газ конденсатты және газ конденсатты мұнай ұңғымалары бойынша шикі газды өндіру көлемі мынадай формула бойынша анықталады:

Q1, 2, 3,...n – кен орнын сынамалап пайдалану кезінде қолданыстағы бір ұңғыманың шикі газды өндіру көлемі, м3 ;

Д – ұңғымалардың дебиті (бір тәулік ішінде шикі газды өндіру* көлемі), тәул/т.;

Гф – газ факторы (шикі газ көлемінің мұнай өндіру* көлеміне қатынасы), м3 /т;

Т – ұңғыма объектілерін сынау кезеңі (күн саны).

Кен орнын сынамалап пайдалану кезінде қолданыстағы әрбір газ және газ конденсатты ұңғымалары бойынша шикі газды өндіру көлемі мынадай формула бойынша анықталады:

Q1, 2, 3,...n – кен орнын сынамалап пайдалану кезінде қолданыстағы бір ұңғыманың шикі газды өндіру көлемі, м3 ;

Д – ұңғымалардың дебиті (бір тәулік ішінде шикі газды өндіру* көлемі), м3 /тәул.;

Т – ұңғыма объектілерін сынау кезеңі (күн саны).

Мұнайды өндіру көлемі және газ факторының мәні жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша оператор, сенімгерлік басқарушы) бекіткен және Кодексте көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларын жүргізу үшін базалық жобалау құжатындағы немесе әзірлеуді талдаудағы немесе Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжатындағы көрсеткіштерге сәйкес келеді.

11. Кен орнын сынамалап пайдалану кезінде мұнай, газ-мұнай, мұнай-газ, мұнай-газ конденсатты және газ конденсатты мұнай ұңғымаларында шикі газды жағу нормативі мен көлемі мынадай формула бойынша анықталады:

11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 08.10.2020 жылғы № 351 Бұйрығына сәйкес (05.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Q1, 2, 3,...n – кен орнын сынамалап пайдалану кезінде қолданыстағы бір ұңғыманың шикі газды жағу нормативі мен көлемі, м3 ;

Д –ұңғымалардың дебиті (бір тәулік ішінде мұнай өндіру* көлемі, т/тәул.);

Гф – газ факторы* (шикі газ көлемінің мұнай өндіру* көлеміне қатынасы), м3 /т;

Т –сынамалап пайдалану кезеңі (күн саны).

Кен орнын сынамалап пайдалану кезінде әрбір қолданыстағы газды және газ конденсатты ұңғыма бойынша шикі газды жағу нормативі мен көлемі мынадай формула бойынша анықталады:

Q1, 2, 3,...n – кен орнын сынамалап пайдалану кезінде қолданыстағы бір ұңғыманың шикі газды жағу нормативі мен көлемі, м3 ;

Д – ұңғымалардың дебиті (бір тәулік ішінде өндірілетін* шикі газдың көлемі), м3 /тәул.;

Т – сынамалап пайдалану кезеңі (күн саны).

Мұнайды және шикі газды өндіру көлемі, сондай-ақ газ факторының мәні жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша оператор, сенімгерлік басқарушы) бекіткен және Кодексте көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларын жүргізу үшін базалық жобалау құжатындағы немесе әзірлеуді талдаудағы немесе Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжатындағы көрсеткіштерге сәйкес келеді.

12. Кен орнын сынамалап пайдалану кезінде шикі газды жағудың нақты көлемі кен орнын сынамалап пайдалану кезінде шикі газды жағудың нормативтік көлемінен аспайды (VIV).

5-тарау. Шикі газды технологиялық еріксіз жағу кезінде газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу

13. Көмірсутекті өндіру, жинау, сақтау, тасымалдау, дайындау және қайта өңдеу жүйелерінің объектілерінде шикі газды технологиялық еріксіз жағудың (Vv) болуы шикі газды жағудың есептік нормативтері мен көлемдерін белгілеу үшін олардың санын бағалау қажеттілігіне негізделеді.

14. Шикі газды технологиялық еріксіз жағу нормативі мен көлемі әрбір кен орны үшін жеке болып табылады және технологиялық жабдықпен газ құбырының әр түрлі бағыттағы нақты технологиялық және геометриялық параметріне, жер қойнауын пайдаланушылармен көмірсутектерді өндірудің, жинаудың, сақтаудың, тасымалдаудың, дайындаудың және қайта өңдеудің, шикі газды жағудың технологиялық процестерінің барлық кезеңдерінде қолданалатын технологиялық жабдықтың техникалық сипаттамалары, паспорттары және жобалық құжаттамасы негізінде жабдықты технологиялық пайдалану режиміне байланысты болады.

15. Шикі газды технологиялық еріксіз жағу нормативі мен көлемін есептеуді орындау үшін жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектерді өндіру, жинау, сақтау, тасымалдау, дайындау және қайта өңдеу жүйелеріне талдау жүргізуі тиіс, жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектерді өндірудің, жинаудың, сақтаудың, тасымалдаудың, дайындаудың және қайта өңдеудің, шикі газды жағудың технологиялық процестерінің барлық кезеңдерінде қолданатын технологиялық жабдықты пайдаланудың нақты параметрлерін айқындауы тиіс.

16. Шикі газды технологиялық еріксіз жағу нормативі мен көлемі (Vv) мынадай формула бойынша анықталады:

Vv – шикі газды технологиялық еріксіз жағу нормативі мен көлемі, м3;

V6 – технологиялық жабдықты іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізу кезінде шикі газды жағу нормативі мен көлемі технологиялық жабдықтың техникалық сипаттамасы, паспорттары, жобалық құжаттамасы және іске қосу-баптау жұмыстарының жоспар-графигі негізінде анықталады, м3;

V7 – технологиялық жабдықты пайдалану кезінде шикі газды жағу нормативі мен көлемі технологиялық жабдықты пайдалану режимі жөніндегі техникалық құжаттамамен, техникалық сипаттамаларымен, паспорттарымен және жобалық құжаттамасымен анықталады, м3;

V8 – технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде шикі газды жағу нормативі мен көлемі технологиялық жабдықты пайдалану жөніндегі техникалық құжаттамамен және техникалық қызмет көрсету, ағымды, қалпына келтіру (орта) және күрделі жөндеу туралы жоспар-графикпен анықталады, м3;

V9 – технологиялық жабдық жұмысындағы технологиялық іркілістер, істен шығулар мен ауытқулар кезінде жағылатын шикі газдың көлемі м3.

17. Технологиялық жабдық, газ құбырының жеке учаскесі үшін (Qн . е . ж .) шикі газды есепті нормативтік жағу саны мынадай формула бойынша есептеледі:

17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 08.10.2020 жылғы № 351 Бұйрығына сәйкес (05.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Qн . е . ж . – газ құбырының және технологиялық жабдықтың жекелеген учаскесі үшін шикі газды нормативтік есептік жағу саны, шикі газды технологиялық еріксіз жағудың әрбір түріне жеке есептеледі (V6 , V7 , V8 , V9 ), м3 ;

Vг .o. – шикі газбен толтырылатын технологиялық жабдықтың, газ құбырының жеке учаскесінің геометриялық көлемі,м3 ;

К – газ көлемінің Р – газ қысымынан, Торт – орташа температурасынан, Z – сығылғыштық коэффициентінен тәуелділігін ескеретін жинақтаушы коэффициент (бұл көрсеткіштер газдың химиялық-физикалық құрамын негізге ала отырып, кен орындарын өңдеу, пайдалану туралы анықтама әдебиетінен алынады) және мынадай формула бойынша есептеледі:

18. Іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізген кезде (V6) шикі газды жағу көлемін есептегенде технологиялық жабдықты тұрақты жұмыс режиміне енгізгенге дейін іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізу үшін белгіленген кезең есепке алынады.

19. Технологиялық жабдықты пайдалану кезінде шикі газды жағу көлемі (V7) технологиялық жабдықтың жер қойнауын пайдаланушы қолданатын технологияға сәйкес жұмыс істеуі кезінде шикі газды еріксіз жағуды қамтиды.

20. Технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде шикі газды жағу көлемі (V8) техникалық құжаттама, техникалық қызмет көрсету, алдын ала жоспарлы, ағымды, қалпына келтіру (орташа) және күрделі жөндеулердің жоспар-графиктерінде көзделген газ құбырларын және технологиялық жабдықты босату және үрлеу кезінде шикі газды еріксіз жағуды қамтиды.

21. Технологиялық жабдық жұмысындағы технологиялық іркілістер (V9, бұдан әрі – технологиялық іркілістер) істен шығулар мен ауытқулар, соның ішінде жабдықтың және басқару жүйесінің бұзылуы, шикізат және қамтамасыз ету құралдарын (су, ауа, отын газы, бу және электр энергиясы) жеткізудің тоқтатылуы, жұмыс параметрлерінің (қысым, деңгей, температура, шығын) асып кетуі (төмендеуі), жұмыс ортасының азаюы, газ және өрт хабарлағыштың ескертулері, тасымалдау компаниясымен* өнімдерді қабылдауда жоспарланған шектеулер кезінде (V9) шикі газды жағу көлемі мынадай формула бойынша есептеледі:

21-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 08.10.2020 жылғы № 351 Бұйрығына сәйкес (05.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

V9 – технологиялық іркілістер кезінде шикі газды жағу көлемі, м3 ;

VI – Әдістеменің 5-тармағына сәйкес есептелген, шикі газды өндіру көлемі, м3 ;

Х1 = 1 × 10-4 – шикі газды өндіру, дайындау және (немесе) қайта өңдеу объектілері үшін технологиялық жабдықтарды пайдалану кезіндегі технологиялық іркілістер коэффициенті;**

Х1 = 1 × 10-2 – қабат флюидіндегі күкіртті сутек 3,5 және одан жоғары пайызда болатын немесе аномальдық коэффиценті 1,5 және одан жоғары кенжатын жиынтығының қабаттық қысымы аномальдық жоғары болатын немесе бес мың метрден астам тереңдіктегі жатқан кен орындардың шикі газды өндіру, дайындау және (немесе) қайта өңдеу объектілері үшін технологиялық жабдықтарды пайдалану кезіндегі технологиялық іркілістер коэффициенті. Осы технологиялық іркілістер коэффициенті газ және газконденсаттық кен орындардың шикі газын өндіру, дайындау және (немесе) қайта өңдеу объектілері үшін технологиялық жабдықтарды пайдалануға қолданылмайды;**

Х2 = 2 × 10-2 – іске қосу-баптау жұмыстары кезеңіндегі технологиялық іркілістер коэффициенті.

Х2 коэффициенті – шикі газды, мұнайды, конденсатты өңдеуді жүзеге асыратын кешендер үшін іске қосу-баптау жұмыстары кезеңінде қолданылады.

Тасымалдау компаниясымен өнімді қабылдауда жоспарланған шектеулер болған кезде шикі газды жағу нормативі мен көлемі тасымалдау компаниясымен берілген алдын ала жоспарлы жұмыстар графигі және тасымалдау компаниясымен өнімді қабылдаудағы нақты шектеулер жөніндегі статистикалық деректер жиынтығы негізінде қалыптастырылады.

Технологиялық іркілістер кезіндегі шикі газды жағудың жиынтық көлемі іске қосу-баптау жұмыстары кезеңіндегі технологиялық іркілістер коэффициенті Х2 қолданумен есептелген технологиялық іркілістер кезіндегі шикі газды жағудың көлемінен аспайды.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірістік процесс сипаттамаларына сәйкес технологиялық іркілістер коэффициенттерінің мәндерін азайта алады.

Технологиялық іркілістер кезінде әрбір жанып тұрған факел қондырғысында газды үздіксіз жағуға рұқсат етіледі:

жер үстінде шикі газды өндіру, дайындау және (немесе) өңдеу объектілері үшін үздіксіз 24 сағаттан аспауы тиіс;

теңізде өндіру объектілері үшін және теңізде өндіру объектілерімен байланысы бар жер үстінде шикі газды өндіру, дайындау және (немесе) қайта өңдеу объектілері үшін үздіксіз 48 сағаттан аспауы тиіс.

22. Авариялар технологиялық іркілістер болып табылмайды.

23. Технологиялық іркілістер кезінде шикі газды жағу нормативі мен көлемі пайдалануға жаңа берілетін объектілерді және іске қосу-баптау жұмыстары кезеңіндегі объектілерді қоспағанда, технологиялық іркілістер жөніндегі статистикалық деректер негізінде қалыптастырылады.

24. Шикі газды технологиялық еріксіз жағудың нақты көлемі шикі газды технологиялық еріксіз жағудың нормативтік көлемінен аспайды (Vv).

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание