1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
| Продукты: |
|
Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соттың қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама бойынша кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8 Нормативтік қаулысы
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Қылмыстардан жәбірленген адамдардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін заңды қолдану тәжірибесі туралы» 1992 жылғы 24 сәуірдегі № 2 (Қазақстан Респуликасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 3, 2010 жылғы 25 маусымдағы № 5, 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) тақырыбында және кіріспеде:
«Қылмыстардан» деген сөз «Қылмыстық құқық бұзушылықтардан» деген сөздермен ауыстырылсын;
«реттейтін заңды қолдану тәжірибесі» деген сөздер «регламенттейтін заңнаманы қолдану практикасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«реттейтiн заңды соттардың» деген сөздер «регламенттейтін заңнаманы соттардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) бүкіл мәтін бойынша:
«80» деген цифрлар «76» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«процессуалдық» деген сөз «процестік» деген сөзбен ауыстырылсын;
«хұқығы», «хұқықты», «хұқықтары», «хұқыққа», «хұқықтарын», «хұқығынан», «хұқығына» деген сөздер тиісінше «құқығы», «құқылы», «құқықтары», «құқыққа», «құқықтарын», «құқығынан», «құқығына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 1-тармақтағы «Конституция» деген сөз «Қазақстан Республикасының Конституциясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 3-тармақта:
«әрбір» деген сөз алып тасталсын;
«жөніндегі жәбірленуші болып» деген сөздерден кейін «,» белгісі алып тасталсын;
«қылмыс», «қылмысқа», «Қылмыспен» деген сөздер тиісінше «қылмыстық құқық бұзушылық», «қылмыстық құқық бұзушылыққа», «Қылмыстық құқық бұзушылықпен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«моральдық немесе» деген сөздер алып тасталсын;
«Мұндай жағдайда» деген сөздерден кейін «өкілеттігі тиісті сенімхатпен ресімделген» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 4-тармақта:
«процессуалдық хұқықтарға» деген сөздер «процестік құқықтарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қылмыстық іс қозғалғаннан кейін» деген сөздер «сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған сәттен бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ҚІЖК-нің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК)» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 5-1-тармақ мынадай редкцияда жазылсын:
«5-1. Қордан өтемақы алуға құқығы бар жәбірленушіге қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың нәтижесінде келтірілген зиян «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 131-VI Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда, тәртіп пен мөлшерде өтеледі.
Адамда өтемақы алу құқығы ол жәбірленуші деп танылғаннан кейін тікелей бірден туындайды және оның немесе оның өкілінің қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органға арыз беру жолымен іске асырылады (2020 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі).».;
7) 6-тармақта:
«қылмыстар жөніндегі» деген сөздер «қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жақын туысқандары,» деген сөздерден кейін «жұбайы (зайыбы),» деген сөздермен толықтырылсын;
«келісімдерi бойынша» деген сөздерден кейін «жәбірленушінің өкілі емес,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«ҚПК-нің 7-бабының 11) тармағына сәйкес ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер, ата, әже, немерелер жақын туыстар болып табылады.»;
8) 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жәбірленуші өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетімен не қылмыстық процесті жүргізуші орган қылмыстық процеске қатысуға жіберетін өкіл арқылы жүзеге асыра алады. Бұл жағдайда ордердің негізінде адвокат та, заң бойынша сенімхаттың негізінде жәбірленушінің мүдделерін білдіруге өкілетті кез келген адам да, оның ішінде жақын туыстар да өкіл бола алады.
Егер жәбірленуші кәмелетке толмаған адам немесе сот ісін жүргізу тілін білмейтін не өзінің дене бітімі немесе психикалық жағдайы бойынша өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін өздігінен қорғауға мүмкіндігі жоқ адам болып табылса, заңды өкілдің және өкілдің қатысуы міндетті. Бұл жағдайда жәбірленушінің жеке өзі немесе оның заңды өкілі таңдап алған адвокат қана өкіл ретінде жіберіледі. Заңды өкілдің ұғымы ҚПК-нің 7-бабының 13) тармағында берілген.
Осы талап бұзылған жағдайда қандай жағдайда болмасын соттың үкімінің, қаулысының күші жойылуға жатады.
Он төрт жасқа дейінгі не он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған жәбірленушіден жауап алу кезінде заңды өкілдермен қатар педагог пен психолог қатысады.»;
9) 8-тармақта:
«азаматты» деген сөз «адамды» деген сөзбен ауыстырылсын;
«ҚІЖК-нің» деген сөздер «ҚПК-нің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тергеушінің» деген сөз «прокурордың, тергеушінің немесе анықтаушының» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 9-тармақта:
«алдын-ала тергеу», «алдын-ала тергеудiң» деген сөздер «сотқа дейінгі тергеп-тексеру» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тергеушіні» деген сөз «сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын тұлғаны» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 15-тармақ алып тасталсын;
12) 16-тармақта:
бірінші абзацтағы екінші және үшінші сөйлемдер алып тасталсын;
«қылмыс туралы» деген сөздер «қылмыстық құқық бұзушылық туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 17-тармақтағы «жасы 15-ке дейінгі жасы толмағандардың келтiрген зиянына оның ата-анасы (бала ғып алушылар) немесе қамқоршысы жауап беруге (егер олар зиян олардың кiнәсiнен пайда болғанын дәлелдей алмаса) мiндеттi екендерiн ескеруге мiндеттi.» деген сөздер «он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамның келтірген зиянын, онда зиянды өтеу үшін жеткілікті мүлік немесе өзге де кіріс көздері болмаған жағдайда, оның заңды өкілдері, егер зиянның пайда болуына өздерінің кінәлі еместігін дәлелдей алмаса, зиянды толық немесе жетіспейтін бөлігінде өтеуге тиіс екенін ескергендері жөн.» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 18-тармақта:
«сарапшының» деген сөз «сараптама» деген сөзбен ауыстырылсын;