Toggle Dropdown
С 1 сентября 2017 года для 2 классов, с 1 сентября 2018 года для 3 классов, с 1 сентября 2019 года для 4 классов в соответствии с Приказом Министра образования и науки РК от 08.04.2016 г. № 266 Настоящий Приказ будет дополнен приложениями 175, 176, 177, 178, 179, 180, 181,182,183, 184, 185, 186, 187, 188, 189, 190 и 191:
Данная редакция действовала до внесения изменений от 23.06.2018 г.
Приложение 175
к приказу Министра образования
и науки Республики Казахстан
от 3 апреля 2013 года № 115
Типовая учебная программа по предмету «Обучение грамоте»
для 1 класса уровня начального образования
(с казахским языком обучения)
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2. Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұнын және олардың білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады.
3. Оқу бағдарламасы оқыту процесін оқушылардың пән салалары бойынша білім мен біліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігін дамытуға, әлеуметтік-мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін бағыттайды.
4. Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерімен үйлесімді сабақтасқан. Оқытудағы тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады.
5. Құндылыққа, іс-әрекетке, тұлғаға бағдарлық коммуникативтік тәсілдер білім берудің классикалық негізі ретінде оқыту мақсаттарының жүйесі мен білім беру процесі нәтижелерінің басымдылығын арттыру үшін қолданылып, оқу бағдарламасының жаңа құрылымында көрініс тапты.
6. Қазіргі кезеңде оқушының өздігінен білімді игеруі үшін оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Мұндай тәсіл пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.
7. Тұлғалық-бағдарлық білім беруді осындай сипатта жақсарту білім беру процесіне барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану кезінде мүмкін. Диалогтік және рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады. Оқу процесін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдер оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін оқушының шынайы шығармашылық процесіндегі қарым-қатынас моделіне айналдырады.
8. Нақты пәннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы пәннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.
9. Әр пәннің оқу бағдарламаларында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған. Көптілді оқу ортасын құрудағы әр пәннің қосқан үлесі үш тілде білім беру саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тіл үйретудің негізі болып табылатын коммуникативтік тәсілдер әрбір оқу пәнінің түрлі оқу жағдаяттарында білім және білікпен алмасу, тілдік және сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс қолдану сияқты әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылады.
10. Пән мазмұнын меңгеру және оқу мақсаттарына қол жеткізу процесінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту үшін алғышарттар/жағдайлар жасау керек.
11. Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары оқушыны өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды.
12. Оқу бағдарламалар білім беру құндылықтарының өзара байланысы мен өзара шарттылығына негізделген тәрбиелеу мен оқытудың біртұтастығы қағидатын және нақты пәнді оқыту мақсаттарының жүйесі бар мектепті бітіргеннен кейінгінәтижелерін іске асыруға мүмкіндік береді.
13. Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар, кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағыттылғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі:
1) білімді функционалдық және шығармашылық қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларын дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады.
14. Экономикадағы заманауи инновациялар, еңбек нарығындағы өзгерістер оқушылардың күрделі міндеттерді шешу үшін немесе оларды шешудің жаңа тәсілдерін табу үшін жағдаятқа, идеялар мен ақпараттарға талдау жасау және бағалауға, алған білімі мен тәжірибесін жаңа идея мен ақпаратты жинақтау үшін шығармашылық қолдануға мүмкіндік беретін дағдылар жиынтығын меңгеру қажеттілігіне себепші болады. Жігерлілік, алғырлық, білім құмарлылық, өзгерістерге дайындығы, байланысқа бейімділігі сияқты тұлғалық қасиеттер өзекті болып отыр.
15. Нақты пән бойынша күнделікті білім беру процесінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу процесінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады.
16. Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы: «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарына оқушыларды дағдыландырудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар оқушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.
2. «Сауат ашу» пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері
17. «Сауат ашу» - жалпы білімнің негізін құрайтын аса маңызды пәндердің бірі. Пәнді оқу барысында оқу мен жазуға қатысты жұмыс интеграциялау арқылы жүзеге асады.
18. «Сауат ашу» пәні – «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» пәндерінің құрамдас бөлігі, тіл және әдебиет туралы білім жүйесіне дайындық болып табылады. «Сауат ашу» пәнініңмаңыздылығы – оқушылардың өмірінде жаңа пайда болған «жетекші әрекет» – оқу әрекетіне бейімдеу, тұрақты зейіні мен жадын, логикалық ойлауы мен білім алуға деген қызығушылығын қалыптастырып, ой-өрiсiн жетiлдiру, сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеуге үйрету міндеттерін жүзеге асыруында. Сонымен қатар, сөйлеу әрекетінің тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым түрлерін дамыту арқылы басқа пәндерді меңгертуге негіз болуында.
19. «Сауат ашу» пәні оқушылардың:
1) қазақ тілі фонетикасы, лексикасы, грамматикасы мен пунктуациясы туралы бастапқы білім негіздерін игеруіне;
2) оқу мен жазуға деген қызығушылығының оянуына;
3) айтылым, тыңдалым, жазылым және оқылым дағдыларын қалыптастыруға;
4) жұппен, топпен, ұжыммен жұмыс жасауға дағдылануына және түрлі рөлді (көшбасшы, орындаушы) орындауға үйренуіне; өз ұлтының, Қазақстанда тұрып жатқан басқа да халықтардың мәдениетіне ізгілік және құрмет сезімінің қалыптасуына негіз қалаушы пән болып табылады.
20. «Сауат ашу» пәнінің мақсаты– айтылым, тыңдалым, жазылым және оқылым дағдыларын қалыптастыру процесі арқылы функционалды сауаттылығының негізін қалап, білім алуға ынталы жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.
21. Алға қойылған осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер шешілуі көзделеді:
1) қазақ әліпбиіндегі әріптермен (баспа және жазба түрі, бас әріп және кіші әріп) таныстыру;
2) әріптен буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрап оқуға және жазуға дағдыландыру;
3) оқу дағдысы (дұрыс, мәнерлеп, шапшаң және түсініп оқу) мен жазу дағдысын (қатесіз, сауатты, таза, каллиграфия ережелерін сақтай отырып жазу) қалыптастырып, жетілдіру;
4) тілдік бірліктер (дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін) және орфография, пунктуация туралы қарапайым түсініктерді меңгерту;
5) кітап оқуға қызығушылығын тәрбиелеу;
6) қарапайым талдау жасау тәсілдерін меңгерту арқылы салыстыру, топтастыру, жүйелеу біліктерін дамыту;
7) сөйлеу және қарым-қатынас жасау мәдениеті нормаларын сақтауға дағдыландыру;
8) сөздік қорын байыту және белсендіру,байланыстыра сөйлеу тілін дамыту;
9) ана тіліне, тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;
10) коммуникативтік дағдыларын (диалог барысында басқа адамның сөзін ести және тыңдай білуін, диалогке/сұхбатқа қатысуға дайын болуын, әркімнің өз көзқарасы мен пікірі болатынын түсінуін; өз пікірін айқын да дұрыс және толық жеткізе білуін) қалыптастыру;
11) алған тілдік білімі мен дағдыларын жеке қарым-қатынас тәжірибесінде, күнделікті өмірлік жағдаяттарда қолдануға үйрету;
12) оқушыны өз іс-әрекетін адамгершілік, ізгілік тұрғысынан ұйымдастыруға және жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
22. «Сауат ашу» пәнінде оқу және жазу жұмыстары өзара тығыз байланыста қатар жүреді:
1) оқу дағдысы жақсы қалыптасқан оқушының сауатты жазу дағдысы да соған сай қалыптасады. «Сауат ашу» пәні арқылы оқушылар қазақ тілі мен әдеби мұрасын меңгеріп, ана тілі мен туған халқының мәдениетін құрметтеуге, оқу процесінде және күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарда тілдік қарым-қатынасқа еркін түсіп, өз пікірін білдіруге дағдыланады.
3. Оқыту процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер
23. Жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей) «білім алуды үйрету» ұстанымын негізге алады, ол ұстаным бойынша өз бетімен білім алуға ұмтылатын, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол және зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлға қалыптастыру көзделеді.
24. Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі технологиялар мен әдіс-тәсілдер қолданады деп күтіледі, олар:
1) зерттеушілік тәсілдер (оқушылар «не білемін? нені білгім келеді? нені білдім?» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);