• Менің таңдаулыларым
Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 5

Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 374 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 маусымда № 17063 болып тіркелді

Редакция 21.11.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 195-бабы 3-тармағының бірінші және төртінші бөлімдеріне, 215-бабының 3-тармағының бірінші және төртінші бөлімдеріне, 236-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларын бекітсін.  
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
  • 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  • 1
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
  • 1
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.  
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі  
__________ Б. Сұлтанов
2018 жылғы 29 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы  
_____________________ Н. Айдапкелов
2018 жылғы 25 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
___________ Қ. Бозымбаев
2018 жылғы 24 мамыр
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 24 мамырдағы
№ 374 бұйрығымен
бекітілді
  • 2
Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидалары  
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 195-бабының 3-тармағының бірінші және төртінші бөлімдеріне, 215-бабының 3-тармағының бірінші және төртінші бөлімдеріне, 236-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасыны Заңның 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Есептер өткен күнтізбелік жыл үшін жыл сайын әрбір жылдың отызыншы сәуірінен кешіктірілмей ұсынылады.
Толық емес күнтізбелік жыл үшін есептер нақты жер қойнауын пайдалану кезеңі үшін ұсынылады.
Жер қойнауы учаскесін пайдалану кезеңінің соңғы толық емес күнтізбелік жыл үшін есептер көрсетілген кезең аяқталғаннан кейін екі айдан кешіктірілмей ұсынылады.
Егер есептілікті ұсыну мерзімнің соңғы күні жұмыс емес күнге келген жағдайда, ұсыну мерзімі келесі жұмыс күнге ауыстырылады.  
3. Осы қағидаларда мынадай негізгі анықтамалар пайдаланылады:  
1) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган – жер қойнауын геологиялық зерттеу және жер қойнауы кеңістігін пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын уәкілетті орган;  
2) кең таралған пайдалы қазбалар – табиғи күйінде немесе сәл өңделіп және құрылыс пен басқа да шаруашылық мақсатында тазартуды пайдаланатын және жер қойнауында кең таратылуы бар кенсіз пайдалы қатты қазбалар;
3) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру – кең таралған пайдалы қазбаларды жатқан жерінен алуға бағытталған және тікелей айыруға байланысты жұмыстар кешені;
4) құзыретті орган – мемлекеттік саясатты іске асыру және Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы мүдделерін білдіретін орталық атқарушы орган;
5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары – жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысатын жергілікті атқарушы органдар;  
6) пайдалы қатты қазбалар – жер қойнауында немесе жер бетінде қатты күйде болатын, органикалық заттар және оның қоспасының минералдық түзілімдер;
7) пайдалы қатты қазбаларды өндіру – жерасты газдандыру және балқыту, химиялық және бактериялық сілтісіздендіру, буландыру, седименттеу және конденсаттау арқылы шашыранды кен орындарын драгалық және гидравликалық жолмен әзірлеу жұмыстарын, сондай-ақ өндіру учаскесінің аумағында алынған пайдалы қазбаларды жинауды, уақытша сақтауды, ұсақтауды және сұрыптауды қоса алғанда, пайдалы қатты қазбаларды кенжатындардан алуға және (немесе) жер бетіне шығаруға бағытталған және сонымен тікелей байланысты жұмыстар кешені түсініледі;
8) пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган – уран өндіруді қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды реттеу бойынша мемлекеттік саясатты іске асыратын орталық атқарушы орган.
2 тарау. Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну тәртібі
  • 1
4. Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде мынадай есептер түрлерін:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 18.06.2021 жылғы № 313 Бұйрығына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.06.2022 жылғы № 357 Бұйрығына сәйкес (15.12.2021ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) нысан бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлау бойынша лицензиялық міндеттемелердің орындалуы туралы есепті құзыретті органға;
2) нысан бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес пайдалы қатты қазбаларды өндіру бойынша лицензиялық міндеттемелердің орындалуы туралы есепті құзыретті органға;
3) нысан бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру бойынша лицензиялық міндеттемелердің орындалуы туралы есепті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына;
  • 1
4) нысан бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер және олардағы жергілікті қамту үлесі туралы есепті пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға;
5) нысан бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жер қойнауын пайдаланушыны пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру бойынша тікелей немесе жанама бақылайтын тұлғалардың және (немесе) ұйымдардың құрамы туралы есептерді пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға;
6) нысан бойынша осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес жұмыс бағдарламасын орындау туралы есепті (ұстап қалу мәртебесін берген жағдайда) құзыретті органға ұсынады.
Кодекстің 195-бабы 3-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне және 215-бабы 3-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген есептерге «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептерде көрсетілген шығыстарды растайтын аудиторлық есеп (қорытындылар) қоса беріледі. Жер қойнауын пайдаланушының жылдық қаржылық есептілігі аудитінің нәтижелері бойынша жасалған аудиторлық есепті, егер онда осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген есептерде көрсетілген барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларға арналған шығыстар келтірілсе (ашылса), ұсынуға жол беріледі.
5. Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін берілген және жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған рұқсаттар лицензиялар және келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушы Кодекстің 278-бабының 26-тармағында көзделген есептерді қоспағанда, мынадай есептер түрлерін:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2021 жылғы № 647 Бұйрығына сәйкес (18.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) нысан бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жұмыс бағдарламасы және лицензиялық\келісімшарттық талаптар мен міндеттемелерді орындау (пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру) туралы есепті құзыретті органға;
2) нысан бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жұмыс бағдарламасы және лицензиялық\келісімшарттық талаптар мен міндеттемелерді орындау (кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндіру) туралы есепті жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға;
3) нысан бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес жұмыс бағдарламасы және лицензиялық\келісімшарттық талаптар мен міндеттемелерді орындау (жер асты сулары, емдік балшықтарды барлау және (немесе) өндіру) туралы есепті құзыретті органға;
4) нысан бойынша осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жұмыс бағдарламасы және лицензиялық\келісімшарттық талаптар мен міндеттемелерді орындау (барлау және (немесе) өндіруге байланысты емес құрылыс және (немесе) жер асты құрылысын пайдалану) туралы есепті жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға;
5) нысан бойынша осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес барлауға арналған үлгілік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау туралы есепті құзыретті органға (пайдалы қатты қазбаларды, жер асты сулары және емдік балшықтар) ұсынады;
6) осы Қағидалардың 4-тармағының 4) тармақшасында көзделген есепті пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
6. Осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көзделген есептер жер қойнауын пайдаланушылармен «Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЖПБП) электрондық нысанды толтыру және ақпарат ұсынуға уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы ұсынылады, осы Қағидалардың 4-тармағының 4) тармақшасында және 5-тармағының 6) тармақшасында көзделген есептерді қоспағанда, олар жер қойнауын пайдаланушылармен «Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және олардың өндірушілерінің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – Тізілім) электрондық нысанды толтыру және ақпарат ұсынуға уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы ұсынылады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2021 жылғы № 647 Бұйрығына сәйкес (18.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 27.02.2025 жылғы № 68 Бұйрығына сәйкес (21.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 03.11.2025 жылғы № 472 Бұйрығына сәйкес (27.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган есептер негізінде жиынтық ақпарат дайындайды, оны лицензиялық-келісімшарттар талаптарының міндеттемелерін орындау туралы есеп ұсыну мерзімі өткен бойда екі ай ішінде құзыретті органға және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына ЖҚПБП арқылы жолдайды.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2021 жылғы № 647 Бұйрығына сәйкес (18.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 27.02.2025 жылғы № 68 Бұйрығына сәйкес (21.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)