|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы – «Теңіздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру»
|
|
1.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
|
|
2.
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)
|
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense. kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
|
|
3.
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну мерзімі
|
13 жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толық болуын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды береді.
|
|
4.
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
|
Электрондық (ішінара автоматтандырылған).
|
|
5.
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
|
Теңіздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.
|
|
6.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
|
|
7.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі
|
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін;
2) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде арыздарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)
|
|
8.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін
|
Порталға:
1) «Теңіздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі)1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теңіздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат алу үшін өтініш;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теңіздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат алу үшін мәліметтер нысаны
|
|
9.
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
1) өтініш беруші рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталса;
2) өтініш берушінің және (немесе) рұқсатты беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне және Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде құру, орналастыру және пайдалану қағидаларына белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы болса;
4) өтініш берушіге қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
5) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болса, оның негізінде өтініш беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылса.
|
|
10.
|
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
|
мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің www. energo. gov. kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;
порталда орналастырылған.
2) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, оның мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар;
3) көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар;
4) портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді;
5) мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www. gov. kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777.
|
Комментарий успешно добавлен