• Мое избранное

Отправить по почте

1

Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларын және Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 25 мамырдағы № 393 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 маусымда № 17053 болып тіркелді

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 72-бабының 6 және 7-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидалары;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес пайдалы қазбалардың қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға беру қағидалары бекітілсін.  
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.  
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:  
1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
1
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
1
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Қ. Өскенбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
______________ Ө. Шөкеев
2018 жылғы 31 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2018 жылғы 30 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы 25 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
______________ Қ. Бозымбаев
2018 жылғы 28 мамыр
1
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 25 мамырдағы
№ 393 бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидалары
1. Осы Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 72-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу (бұдан әрі – бірыңғай кадастр) тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.06.2023 жылғы № 446 Бұйрығына сәйкес (22.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 02.07.2023 жылдан бастап)
2. Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат базасының жай-күйін есепке алу мақсатында, мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізуді жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.  
2-тарау. Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу тәртібі
1) пайдалы қазбаларды мемлекеттік есепке алу, олардың көрініс табуы туралы және жер қойнауы кеңістігінің объектілері туралы мәліметтерді;  
2) жер қойнауын геологиялық зерттеу, көмірсутектерді, пайдалы қатты қазбаларды, кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндіру, жер қойнауы кеңістігін пайдалану, сондай-ақ кен іздеушілік үшін пайдалануға берілген жер қойнауы учаскелері туралы мәліметтерді;  
3) көмірсутектерді және пайдалы қатты қазбаларды, кең таралған пайдалы қазбаларды өндірудің, кен іздеушіліктің, зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың жойылған объектілері туралы мәліметтерді;  
4) техногендік минералдық түзілімдерді орналастырудың жұмыс істеп тұрған объектілерін мемлекеттік есепке алу туралы мәліметтерді қамтиды.
4. Кодекстің 72-бабының 2-тармағына сәйкес пайдалы қазбаларды мемлекеттік есепке алу пайдалы қазбалардың кен орындары, негізгі және олармен тұтасып жатқан пайдалы қазбалардың саны мен сапасы, олардың құрамындағы құрауыштар, өнеркәсіптік маңызы бар кен орнының тау-кен техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық сипаттамалары, олардың орналасуы, зерттелу дәрежесі, өнеркәсіптік игерілу дәрежесі, өндіру, шығындар, өнеркәсіптің пайдалы қазбалармен қамтамасыз етілуі туралы, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру немесе олардың ресурстарын және (немесе) қорларын қайта бағалау нәтижесінде есепті жылда пайдалы қазбалар ресурстары мен қорларын бағалаудағы өзгерістер туралы мәліметтерді қамтиды.
Пайдалы қазбалардың әрбір көрініс табуы бойынша пайдалы қазбалардың болжамды (перспективалы) ресурстары, олардың көрініс табуының гидрогеологиялық сипаттамалары туралы геологиялық-экономикалық деректер тіркеледі.  
Жер қойнауы кеңістігінің объектілері туралы мәліметтер жер қойнауы қуысының орналасу координаттары мен сипаттамалары туралы, оларда өндірістік, шаруашылық және өнеркәсіптік объектілер мен заттардың орналасу, оларда технологиялық процестерді жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы деректерді қамтиды.  
5. Кодекстің 72-бабының 3-тармағына сәйкес жер қойнауының әрбір учаскесі бойынша кеңістік шекараларда жер қойнауы учаскелерін айқындауға мүмкіндік беретін сәйкестендіру сипаттамалары, оның мөлшері мен орналасқан жері, жер қойнауын пайдаланушы, жер қойнауын пайдалану құқығы солардың негізінде берілген құжаттар туралы мәліметтер, жер қойнауын пайдалану құқығының кепілі туралы мәліметтер, жер қойнауын пайдаланушы ұсынған есептілік, геологиялық ақпарат тіркеледі.  
6. Кодекстің 72-бабының 4-тармағына сәйкес көмірсутектерді, пайдалы қатты қазбаларды, кең таралған пайдалы қазбаларды өндірудің жойылған объектілері туралы мәліметтер;ге жойылған өндіру объектілерін орналастыру жоспарлары, жою актілері және өндіру салдарын жою туралы деректер жатады.
7. Кодекстің 72-бабының 5-тармағына сәйкес бірыңғай кадастр мәліметтерін қалыптастыру:
4) пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және жер қойнауы кеңістігін пайдалану учаскеден барлығынан немесе бөлігінен бас тарту;
5) қатты пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операциялар салдарын жою актілері;  
6) пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге арналған лицензияны және (немесе) жер қойнауы кеңістігіне арналған лицензияны қайтарып алу есебінен қамтамасыз етіледі.  
8. Сипатқа тән геологиялық, тау-кен-техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық параметрлерді есепке алу үшін жер қойнауын пайдаланушылар меншік нысанына және қаржыландыру көздеріне қарамастан, осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мынадай объект түрлеріне паспорт жасайды:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.06.2023 жылғы № 446 Бұйрығына сәйкес (22.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 02.07.2023 жылдан бастап)
1) пайдалы қазбалардың қоры мен ресурстарын бағалаудағы өзгерістер туралы мемлекеттік есепке енгізілген пайдалы қазбалардың ресурсы мен қоры бар кен орындары;
2) пайдалы қазбалардың қоры мен ресурстарын бағалаудағы өзгерістер туралы мемлекеттік есептен шығарылған пайдалы қазбалардың кен орындары, ресурстары мен қорлары;
3) ірі кен орындарының геологиялық және кеңістік тұрғысынан оқшауланған учаскелері;
4) пайдалы қазбалардың, ең болмаса, бір денесінің (кенжатының) болуы белгіленген қатты пайдалы қазбалар көріністері;  
5) барлық жерасты сулары түрлерінің, сондай-ақ көпдебитік бұлақтар түрінде берілген кен орындары, емдік балшықтардың кең орындары;  
6) жер қойнауын геологиялық зерттеуге және барлауға жер қойнауын пайдалану құқығы берілген келешегі бар іздеу жұмыстары учаскелері;