• Мое избранное
Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі есептердің нысандарын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі есептердің нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 31 мамырдағы № 419 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 маусымда № 17050 болып тіркелді

Редакция 07.09.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 90-бабының 5-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.08.2020 жылғы № 200 Бұйрығына сәйкес (31.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:  
1) жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі мерзімді есеп нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегітүпкілікті есеп нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.  
2. «Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 396 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11028 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;  
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.  
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.  
5. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.  
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушы Қ. Өскенбаев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
​______________ Қ. Бозымбаев
2018 жылғы 4 маусым
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы «31» мамырдағы
№ 419 бұйрығына
1-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі мерзімді есеп нысаны
Нысан жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.08.2020 жылғы № 200 Бұйрығына сәйкес (31.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Есептік кезең: 20__ ж. Индекс: 1-ЖҚГЗ. Кезеңділігі: жылдық. Ұсынатын тұлғалардың аясы: жер қойнауын пайдаланушылар. Қайда ұсынылады: жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға ұсынады. Ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейін.
Есеп мынадай құрылымдық элементтерден тұрады:
1) заттаңба;
2) мазмұн бөлігі;
3) орындалған геологиялық барлау жұмыстарының түрлері мен көлемі және объекті бойынша есептен шығаруға жататын шығындар туралы анықтама;
4) есептік формуляр.
Типтік мекенжай бөлігі
Атауы_________________ Мекенжайы___________________________ 
______________________ ____________________________
Телефоны_______________________________________
Электрондық почта мекенжайы________________________________________
Орындаушы______________________________________ ____________ 
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Ескертпе: Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі мерзімді есеп нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға 1-қосымшада берілген.
Жер қойнауын геологиялық
зерттеу жөніндегі мерзімдік
есеп нысанына 1-қосымша
Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі мерзімді есеп нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме
Есеп* жоспарланған жұмыстардың кезеңдеріне сәйкес және нақты орындалуына қарай қалыптастырылады және мынадай ақпаратты қамтиды:
1. Заттаңба өлшемі 140-150 х 100-110 миллиметр тіктөртбұрыш пішінінде болады, есептің әрбір кітабы, дәптері, папкасы мұқабасының ортасында орналасады және жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі мерзімді есеп нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге 1-қосымшаға сәйкес тиісті нысанда әзірленеді.
2. Мазмұн бөлігі есепті кезендегі геологиялық барлау жоспары немесе жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес орындалған жұмыстар туралы мәліметтерді қамтиды.
3. Орындалған геологиялық барлау жұмыстарының түрлері мен көлемі және объект бойынша есептен шығаруға жататын шығындар туралы анықтамада жоспарланған (жоба бойынша) және нақты орындалған жұмыстардың түрлері мен көлемдері физикалық өлшемде, геологиялық барлау жұмыстарының сметалық құнының жиынтық есебіне сәйкес зерттеулердің сатылар мен түрлеріне бөлінген жұмыстардың сметалық құны мен нақты шығындары, ал геологиялық түсірілім жұмыстары үшін геологиялық түсірілімнің бір шаршы километрінің сметалық және нақты құны көрсетіледі. Анықтамаға қаржылық-экономикалық қызметтің басшысы (бас бухгалтер) және жұмысты қаржыландыруды қамтамасыз ететін ұйымның бірінші басшысы қол қояды. Екі немесе одан да көп кітаптардан тұратын есепке арналған анықтама бірінші кітапта орналастырылады.
Орындалған геологиялық барлау жұмыстарының түрлері мен көлемі және объекті бойынша есептен шығаруға жататын шығындар туралы анықтама Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі мерзімді есеп нысанын толтыру жөніндегі түсіндірмеге 2-қосымшаға сәйкес толтырылады.
4. Есептің формуляры Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі мерзімді есеп нысанын толтыру жөніндегі түсіндірмеге 3-қосымшаға сәйкес тиісті нысанда әзірленеді.
Ескертпе:
* Есептердің әрбір кітабы жұмсақ түптемеде (жұмсақ картон мұқабада) ресімделеді. Есеп қағаз және электрондық түрде жасалады. Қағаз тасымалдағыштағы геологиялық есептің данасы Өңіраралық департаменттердің аумақтық қорларына сақтауға тапсырылады, ал Республикалық геологиялық қорға тек электрондық нұсқасы (түгел қолдарымен және мөрлерімен бірге, есептің қағаздағы нұсқасына ұқсас) флэш жинағыштарда немесе компак-дискіде тапсырылады.
Ескертулер болмаған жағдайда, есеп жіппен тігіледі.
Жер қойнауын геологиялық 
зерттеу жөніндегі мерзімді 
есеп нысанын толтыру 
жөніндегі түсіндірмеге 
1-қосымша
Нысан
 Заттаңба
 Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитеті 
_______________________________________ 
жер қойнауын пайдаланушының атауы 
_________________________________________________ 
жұмыстарды орындаушы ұйымның атауы
Рұқсатты шектеу белгісі _____
______ дана
Жауапты орындаушы______________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
 Есеп
 __________________________________________________________________________ 
есептің толық атауы
 бағдарламаның/кіші бағдарламаның, тақырыптың атауы және нөмірі, лицензияның/келісімшарттың сериясы және нөмірі 
_______________________________________________ 
кітаптардың жалпы саны
 _____________________________________________________________
 кітаптың реттік нөмірі және атауы
 _____________________________________________
 Есептің шығарылған орны, жылы