• Мое избранное
Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 355 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 маусымда № 17064 болып тіркелді

Редакция 07.05.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 213-бабы 1-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 24.04.2024 жылғы № 154 Бұйрығына сәйкес (12.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
 ______________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы 31 мамыр
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2018 жылғы 21 мамырдағы
№ 355 бұйрығымен
бекітілген
Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 213-бабы 1-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес әзірленген және жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 24.04.2024 жылғы № 154 Бұйрығына сәйкес (12.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі – ТЖҚ) сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының аумағында жүргізіледі.
3. Осы Қағидалардың қолданысы:
1) ТЖҚ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларға;
2) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан артық пайызын тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдинг иеленетін жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларға таралмайды.
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.01.2022 жылғы № 45 Бұйрығы​на сәйкес (28.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.04.2023 жылғы № 241 Бұйрығына сәйкес (20.05.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 28.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) әлеуетті жеткізуші – ТЖҚ сатып алу туралы шартты жасасуға ниеттенетін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға, заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);
2) біртекті ТЖҚ – бірдей болып табылмайтын, ұқсас сипаттамалары бар және бір функцияны орындауға және өзара алмасымды болуға мүмкіндік беретін ұқсас құрамдастардан тұратын ТЖҚ;
3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын ТЖҚ-ны сатып алуды бақылау және мониторингілеу, сондай-ақ электрондық сатып алу жүргізу мен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын ТЖҚ тізбесін қалыптастыруға арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе;
4) жер қойнауын пайдаланушының (мердігердің) уәкілетті тұлғасы – осы Қағидаларға сәйкес қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ТЖҚ-ны жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) атынан сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) уәкілеттік берген жеке немесе заңды тұлға;
5) жеткізуші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, өзімен жасалған ТЖҚ сатып алу туралы шартта тапсырыс берушінің контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға, заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);
6) жұмыстар – заттық нәтижесі бар қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстарға жатқызылған өзге де қызмет;
7) жүйе әкімшісі – жүйенің иегері немесе иесі;
8) Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы – мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде электрондық құжаттарды қалыптастыру үшін жеке немесе заңды тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын және тіркеу куәліктерін беретін куәландырушы орталық;
9) қазақстанда шығарылған тауар – Қазақстан Республикасының аумағында шығарылғандығын растайтын, ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификат берілген тауар;
10) қазақстандық тауар өндірушісі – Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстанда шығарылатын тауарларды өндіретін заңды тұлғалар;
11) қаржы жылы – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес белгіленген уақыт кезеңі;
12) кешенді жұмыс – жобалық және (немесе) іздестіру жұмыстарын, «толық аяқталған» құрылыс, «толық аяқталған» жабдықты немесе бағдарламалық қамтуды (лицензиялық бағдарламалық қамту) жеткізуді, жобалық және (немесе) іздестіру жұмыстарын басқаруды, «толық аяқталған» құрылысты және көрсетілген жұмыстарға тауарларды ілеспелі жеткізуді, қызметтерді көрсетуді қамтитын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтығы;
13) конкурстық комиссия – осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 3) тармақшаларында белгіленген тәртіппен және тәсілдермен ТЖҚ-ны сатып алуды жүргізудің рәсімдерін орындау үшін тапсырыс беруші құратын алқалы орган;
14) конкурстық құжаттама – ашық конкурсты және бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурсты (электрондық сауда-саттық) өткізу шарттарын қамтитын, конкурстық өтінімді дайындау үшін әлеуетті жеткізушіге ұсынылатын, тапсырыс беруші бекіткен құжаттама;
15) құжаттың электрондық көшірмесі – түпнұсқа құжаттың түрі мен ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық пішімде толық көрсететін құжат;
16) көрсетілетін қызметтер – тапсырыс берушінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, заттық нәтижесі жоқ қызмет;
17) мердігер – қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізумен байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау үшін жер қойнауын пайдаланушы немесе оның уәкілетті тұлғасы тартатын жеке немесе заңды тұлға;
18) сатып алу коды – осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен ТЖҚ сатып алуды жүргізу туралы хабарландыруларды қалыптастыру кезінде немесе осы Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тәсілмен ТЖҚ сатып алу қорытындыларын шығару хаттамасын қалыптастыру кезінде тізіліммен (жүйемен) қалыптастырылған код;
19) сауда-делдалдық қатынастарда өндірушімен бірге тұрған тұлға – ол дайындаушы зауыттың және (немесе) сауда үйінің дилері және (немесе) дистрибьюторы және (немесе) ресми өкілі болып табылатындығы туралы дайындаушы зауыттан құжаттық растау ұсынылған әлеуетті өнім беруші;
20) тапсырыс беруші – осы Қағидаларға сәйкес ТЖҚ сатып алуды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы, мердігер, жер қойнауын пайдаланушының (мердігердің) уәкілетті тұлғасы;
21) тауарлар – нәрселер (заттар), оның ішінде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәріздес күйдегі шикізат, электр және жылу энергиясы, зияткерлік меншік құқығының объектілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмілелерін жасасуға болатын заттық құқықтар;
22) ТЖҚ сатып алу – осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және тәсілдермен жүзеге асырылатын, қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын, жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия (келісімшарт) бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті ТЖҚ-ны өз қаражат есебінен сатып алу;
23) ТЖҚ сатып алу туралы шарттың елеулі талаптары - шарттың нысанасы, тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдері мен орны және төлем тәртібі туралы талаптар;
24) «толық аяқталған» құрылыс – құрылыс, оны қамтамасыз ету және пайдалануға дайын объектіні тапсырыс берушіге өткізу;
25) «толық аяқталған» жабдықты немесе бағдарламалық қамтылымды (лицензиялық бағдарламалық қамтылым) жеткізу – жабдықты немесе бағдарламалық қамтылымды (лицензиялық бағдарламалық қамтылымды) жобалау, дайныдау (әзірлеу) жеткізу, монтаждау және іске қосу жұмыстары, орнату және оларға кепілдікті қызмет көрсету бойынша жұмыстар кешені;
26) тізілім әкімшісі – қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті орган;
27) шартты баға – ТЖҚ қазақстандық өндірушісі болып табылатын әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімінің баға ұсынысын шартты түрде жиырма пайызға төмендетуді ескере отырып есептеген және ашық конкурстың, бағаны төмендетуге бағытталған ашық конкурстың (электрондық сауда-саттық) жеңімпазын анықтау мақсатында конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру үшін ғана қолданылатын баға;