Toggle Dropdown
Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысанын және оны толтыру мен беру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде түзілген қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 392 қаулысы
Редакция 30.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 248, 250, 261, 273 және 275-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында;
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс;
ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысандары;
2) Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты толтыру мен беру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде түзілген қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидалары бекітілсін.
2. «Тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысанын және оны беру, оған өзгерістер немесе толықтырулар енгізу, сондай-ақ оны кері қайтарып алу (жою) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 73 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 24, 340-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 28 маусымдағы
№ 392 қаулысымен
бекітілген
Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу шарттары туралы құжат
1.
|
Құжатты берген Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы туралы мәліметтер (атауы)
|
|
2.
|
Құжат берілген тұлға туралы мәліметтер (тұлғаның атауы, мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелері*)
|
|
3.
|
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу операцияларын тікелей жасайтын тұлға (тұлғалар) туралы мәліметтер (тұлғаның атауы, мекенжайы, БСН, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, банктік деректемелері*)
|
|
4.
|
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында шетелдік тауарлар және олардың қайта өңделген өнімдері туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН коды, саны мен құны)
|
|
5.
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында оларға қатысты шетелдік тауарларды қайта өңдеудің технологиялық процесін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері белгіленген ЕАЭО тауарлары туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және саны)
|
|
6.
|
Тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтер
|
|
7.
|
Қайта өңделген өнімдердің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормалары
|
|
8.
|
ЕАЭО кедендік аумағындағы қайта өңдеу операциялары, оларды жасау тәсілдері туралы мәліметтер
|
|
9.
|
ЕАЭО кедендік аумағында қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын шетелдік тауарларды өңдеу өнімдерінде сол тауарларды сәйкестендіру тәсілдері туралы мәліметтер
|
|
10.
|
Қалдықтары мен қалғандары туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны)
|
|
11.
|
ЕАЭО кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу мерзімі
|
|
12.
|
Кодекстің 252-бабында айқындалғандай, егер балама тауарлармен ауыстыру көзделген болса, тауарларды ауыстыру туралы мәліметтер
|
|
13.
|
Қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану мүмкіндігі туралы мәліметтер
|
|
14.
|
Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру және осы кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау көзделетін кеден органы (кеден органдары)
|
|
Басшы ____________ ____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ;
ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы;
* деректер (мәліметтер) болған кезде толтырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 28 маусымдағы
№ 392 қаулысымен
бекітілген
Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжат
1.
|
Құжатты берген Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы туралы мәліметтер (атауы)
|
|
2.
|
Құжат берілген тұлға туралы мәліметтер (тұлғаның атауы, мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелері*)
|
|
3.
|
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу операцияларын тікелей жасайтын тұлға (тұлғалар) туралы мәліметтер (тұлғаның атауы, мекенжайы, БСН, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, банктік деректемелері*)
|
|
4.
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында оларға қатысты шетелдік тауарларды қайта өңдеу технологиялық процесін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері белгіленген ЕАЭО тауарлары туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және саны)
|
|
5.
|
Тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтер
|
|
6.
|
Қайта өңделген өнімдердің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормалары
|
|
7.
|
ЕАЭО кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу операциялары, оларды жасау тәсілдері туралы мәліметтер
|
|
8.
|
ЕАЭО кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған ЕАЭО тауарларының қайта өңделген өнімдерінде сол тауарларды сәйкестендіру тәсілдері туралы мәліметтер
|
|
9.
|
ЕАЭО кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу мерзімі
|
|
10.
|
Кодекстің 263-бабында айқындалғандай, егер балама тауарлармен ауыстыру көзделген болса, тауарларды ауыстыру туралы мәліметтер
|
|
11.
|
ЕАЭО кедендік аумағынан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру және осы кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау көзделетін кеден органы (кеден органдары)
|
|
12.
|
Қалдықтары, қалғандары және өндірістік шығындар туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны және құны)
|
|
Басшы ____________ ________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ;
ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы;
* деректер (мәліметтер) болған кезде толтырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 28 маусымдағы
№ 392 қаулысымен
бекітілген
Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжат
1.
|
Құжатты берген Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы туралы мәліметтер (атауы)
|
|
2.
|
Құжат берілген тұлға туралы мәліметтер (тұлғаның атауы, мекенжайы, БСН, СТН, банктік деректемелері*)
|
|
3.
|
Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу операцияларын тікелей жасайтын тұлға (тұлғалар) туралы мәліметтер (тұлғаның атауы, мекенжайы, БСН, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, банктік деректемелері*
|
|
4.
|
Шетелдік тауарлар және олардың қайта өңделген өнімдері туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны)
|
|
5.
|
Тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтер
|
|
6.
|
Қайта өңделген өнімдердің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормалары
|
|
7.
|
Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу операциялары, оларды жасау тәсілдері туралы мәліметтер
|
|
8.
|
Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын шетелдік тауарларды оларды қайта өңдеу өнімдерінде сол тауарларды сәйкестендіру тәсілдері туралы мәліметтер
|
|
9.
|
Қалдықтар мен қалғандары туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны)
|
|
10.
|
Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімі
|
|
11.
|
Қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану мүмкіндігі туралы мәліметтер
|
|
12.
|
Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру және осы кедендік рәсімнің аяқталуы көзделетін кедендік орган (кедендік органдар)
|
|
13.
|
Қайта өңдеу өнімдерін экономикалық тиімді тәсілмен бастапқы күйіне дейін қалпына келтірудің мүмкін еместігі туралы мәліметтер
|
|
Басшы ____________ ______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ;
ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы;
* деректер (мәліметтер) болған кезде толтырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2018 жылғы 28 маусымдағы
№ 392 қаулысымен
бекітілген
Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың нысанын және оны толтыру мен беру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде түзілген қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидалары