Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2018 жылғы 29 маусымдағы № 162-VI
Toggle Dropdown
1-бап. Қазақстан Республикасының мына конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 192-құжат; 1998 ж., № 7-8, 71-құжат; № 22, 290-құжат; 1999 ж., № 10, 340-құжат; № 15, 593-құжат; 2004 ж., № 7, 45-құжат; 2005 ж., № 7-8, 17-құжат; 2006 ж., № 23, 138-құжат; 2007 ж., № 12, 85-құжат; 2009 ж., № 2-3, 5-құжат; 2010 ж., № 11, 55-құжат; 2011 ж., № 3, 30-құжат; 2013 ж., № 17, 84-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат; 2015 ж., № 14, 75-құжат; № 22-III, 150-құжат; 2017 ж., № 6, 10-құжат; № 12, 33-құжат):
Toggle Dropdown
1) 9-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«2. Мәслихаттардың депутаттары аумақтық сайлау округі бойынша саяси партиялар ұсынатын партиялық тізімдермен сайланады.»;
Toggle Dropdown
2) 10-бапта:
Toggle Dropdown
2-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
Toggle Dropdown
3, 4 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«3. Аумақтық сайлау комиссияларын – Орталық сайлау комиссиясы, ал учаскелiк сайлау комиссияларын тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары құрады.
Toggle Dropdown
Орталық сайлау комиссиясын қоспағанда, сайлау комиссияларының құрамдарын тиісті мәслихаттар қалыптастырады.
Toggle Dropdown
Сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi бес жылды құрайды.
Toggle Dropdown
Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды.
Toggle Dropdown
Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелерi болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Toggle Dropdown
Мәслихат белгiлеген, сайлау комиссияларын құру мерзiмiне дейiн он бес күннен кем болмауға тиiс мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Toggle Dropdown
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адамдар оның жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтiнiштерiн қоса бередi. Сайлау комиссиясының төрағасы, төрағасының орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясының отырысында сайланады.
Toggle Dropdown
Сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi аяқталардан кемінде екi ай бұрын басталады және олардың өкілеттiк мерзiмiнің бiтуіне үш күн қалғанда аяқталады.
Toggle Dropdown
Сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыратын органдар сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi iшiнде олардың құрамына өзгерiстер енгiзуге құқылы.
Toggle Dropdown
4. Сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы шешiмдер, олардың құрамы мен орналасқан жерi бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.»;
Toggle Dropdown
«7. Сайлау комиссиясының қызметi сайлау комиссиясын құратын органның шешiмi бойынша немесе Орталық сайлау комиссиясының өтініші негiзiнде сот шешiмiмен тоқтатылуы мүмкiн.»;
Toggle Dropdown
3)11-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«4-1. Орталық сайлау комиссиясының қарамағында ведомстволық бағынысты ұйымдары болады, олардың функциясына аумақтық сайлау комиссияларының ұйымдастырушылық қызметіне жәрдемдесу және оның сайлау қызметінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін, интернет-ресурсты құруды, дамытуды, енгізуді, қолдап отыруды, оларға әкімшілік жүргізуді, пайдалануды және жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ материалдық-техникалық қамтамасыз ету кіреді.»;
Toggle Dropdown
4) 12-бапта:
Toggle Dropdown
2-1), 4), 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«2-1) саяси партияларды Парламент Мәжiлiсi депутаттарының және мәслихаттар депутаттарының партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын бір бөлiгiн сайлауға қатысуға жіберу туралы мәселені қарайды;»;
Toggle Dropdown
«4) Орталық сайлау комиссиясы айқындайтын тәртіппен, аумақтық сайлау комиссиялары беретін бюджеттік өтінімдердің негізінде сайлау науқанын өткiзуге жұмсалатын шығыстардың мөлшерлi сметасын жасап, Республика Үкiметiне ұсынады;
Toggle Dropdown
5) Президенттi, Парламент депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау комиссияларына басшылықты жүзеге асырады; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және оларды тоқтата тұрады; сайлау науқанын өткізу үшін бөлiнген республикалық бюджет қаражатын олардың арасында бөледi; сайлау комиссияларының қызметi үшін қажеттi материалдық-техникалық жағдайлардың жасалуын бақылайды; сайлау комиссияларының шешiмдерi мен әрекеттерiне (әрекетсiздігіне) арыздар мен шағымдарды қарайды; сайлау туралы заңнаманы түсіндіруді ұйымдастырады; сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастырады және өткізеді; саяси партиялардың өкiлдерiмен және сайлау процесіне басқа да қатысушылармен сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөнiнде семинарлар өткiзедi; сайлау жүйелерi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
6) Президенттi және Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау жөнiндегі дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң нысаны мен мәтiнiн, Парламент Сенатының, мәслихаттардың депутаттарын және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөнiндегі дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң нысанын, оларды жасау тәртiбiн, сондай-ақ қорғалу дәрежесiн, сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерiнiң, Президенттiкке кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға және Сенаттың депутаттығына кандидаттарды қолдайтын таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарының, өзге де сайлау құжаттарының нысандарын, дауыс беруге арналып, мөлдiр материалдан жасалған жәшiктiң нысанын және сайлау комиссиялары мөрлерiнiң үлгiлерiн, сайлау құжаттарын сақтау тәртiбiн белгiлейдi; Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау бюллетеньдерiн дайындауды қамтамасыз етедi;»;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«6-2) кандидатура алып тасталған, кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күші жойылған, кандидаттарды, партиялық тізімдерді тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайларда сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер енгізу тәртібін айқындайды;»;
Toggle Dropdown
15) және 16-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«15) мәслихаттар депутаттарын және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерін сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде аумақтық сайлау комиссиялары қызметiнің осы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады және осы Конституциялық заңның бұзылуы анықталған кезде олардың шешiмдерiнің күшін жояды;»;
Toggle Dropdown
«16-2) Қазақстан Республикасының сайлаушы азаматтарының бiрыңғай электрондық Тізілімін жүргiзедi;»;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 16-5), 16-6), 16-7), 16-8) және 16-9) тармақшалармен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«16-5) консультативтік-кеңесші органдарды құрады;
Toggle Dropdown
16-6) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Парламенті, мәслихаттары депутаттарының, сондай-ақ өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнің сайлауын ақпараттық қамтамасыз ету тәртiбiн айқындайды;
Toggle Dropdown
16-7) оған қатысты мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын ведомстволық бағынысты ұйымнан ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін, интернет-ресурсты құру, дамыту, енгізу, қолдап отыру, оларға әкімшілік жүргізу, пайдалану және жүйелік-техникалық қызмет көрсету және сайлау қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алады;
Toggle Dropdown
16-8) сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Toggle Dropdown
16-9) сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;»;
Toggle Dropdown
5) 14-бапта:
Toggle Dropdown
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«3) төмен тұрған аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне басшылық жасайды; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және оларды тоқтата тұрады; сайлау науқанын өткiзу үшін бөлiнген республикалық және жергілікті бюджеттердiң қаражатын олардың арасында бөледi; сайлау науқанын өткізуге арналған бюджеттік өтінімдерді ұсынады; учаскелiк сайлау комиссияларының қызметi үшін қажеттi материалдық-техникалық жағдайлардың жасалуын бақылайды; учаскелiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен әрекеттерiне (әрекетсiздiгіне) арыздар мен шағымдарды қарайды; Орталық сайлау комиссиясының шешiмдерiн тиiстi
Toggle Dropdown
әкiмшiлiк-аумақтық бірлік шегiнде құрылған барлық сайлау комиссиясының орындауын ұйымдастырады;»;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«4-1) сайлаушылар және сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтердің өзектілігі мен анықтығын, дауыс беруге арналған сайлаушылар тізімдерінің уақтылы әрі дұрыс жасалуын және олардың барша жұрттың танысуы үшін ұсынылуын бақылайды;»;
Toggle Dropdown
7), 8), 9), 10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«7) мәслихаттар депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөнiндегi сайлау бюллетеньдерiнiң жасалуын, сондай-ақ учаскелiк сайлау комиссияларына сайлау бюллетеньдерінің жеткiзiлуiн қамтамасыз етедi;
Toggle Dropdown
8) мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастырады және олардың өткізілуін қамтамасыз етеді; мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсынатын саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді тіркейді, саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркейді, кандидаттар мен сенім білдірілген адамдарға тиісті куәліктер береді; бұқаралық ақпарат құралдарында партиялық тізімдерді тіркеу туралы хабар жариялайды;
Toggle Dropdown
9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі сайлау учаскелері бойынша дауыс беру нәтижелерiн белгiлейдi, мәслихат депутаттарын сайлау қорытындыларын шығарады, сайланған депутаттарды тiркейдi және бұқаралық ақпарат құралдарында бұл туралы хабар жариялайды; сайлау қорытындыларын шығару және Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсында жариялау үшiн жоғары тұрған сайлау комиссиясына тиiстi сайлау округтерi мен учаскелерi бойынша дауыстарды санау хаттамаларын ұсынады;
Toggle Dropdown
10) Сенат депутаттарына қайта дауыс беруді және оларды қайта сайлауды, мәслихаттар депутаттарын қайта сайлауды, сондай-ақ Сенаттың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды ұйымдастырады;
Toggle Dropdown
11) мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды, қайта сайлауды және шығып қалған мүшелерiнiң орнына сайлауды тағайындайды және ұйымдастырады; мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрілген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi; жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабарларды жариялайды; мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау қорытындыларын шығарады; жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары туралы хабар жариялайды;»;