Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 29 маусымдағы № 163-VІ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 54-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«сайлау процесіне қатысушыларды оқыту;»;
2) 55-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«сайлау процесіне қатысушыларды оқыту;».
2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111- құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2018 жылғы 15 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 112-баптың бесінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Эфирден және баспасөз бетінен орын бергені үшін төлемнің мөлшері, шарттары және тәртібі туралы мәліметті сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған және жарияламаған, сондай-ақ сайлау комиссиясына ұсынбаған бұқаралық ақпарат құралдарының сайлауға қатысатын кандидаттардың, саяси партиялардың үгіт материалдарын жариялауы немесе эфирге шығаруы –»;
2) 119-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;
3) 120-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«120-бап. Сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргiзу шарттарын бұзу
1. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пiкiрге сауал салу нәтижелерін, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер нәтижелерінің болжамдарын жариялау тәртiбiн бұзуы, атап айтқанда сауал салуды жүргізген заңды тұлғаны, сауал салуға тапсырыс берген және оның ақысын төлеген тұлғаларды, сауал салу жүргізілген уақытты, ақпарат жинау әдісін, сұрақтың нақты тұжырымын, сауал салынғандар санын және сауал салу нәтижелерінің қателік коэффициентін көрсетпеу –
жеке тұлғаларға – он бес, заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерiнiң болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні Интернет желісінде жариялау, сондай-ақ сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргізу –
жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу –
жеке тұлғаларға – он бес, заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.».
3. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 21-I, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-I, 47, 49-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат; № 13, 45-құжат; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат):
1) 6-баптың 1-тармағының 7-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамалық актiсiне сәйкес аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларының мүшелерiн жасырын немесе ашық дауыс берудi өткiзу жолымен сайлау;»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) депутат «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес өзі сайланған саяси партиядан шықса немесе шығарылса;
3-2) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес депутат сайланған саяси партия қызметiн тоқтатса;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мәслихат депутатының өкілеттіктері осы баптың 3-тармағының 1), 2), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған кезде тиісті аумақтық сайлау комиссиясы мәслихат депутатының өкілеттіктерін тоқтатуға әкеп соғатын негіздердің басталу фактісі көрсетілетін шешім қабылдайды және тиісті мәслихатқа мәслихат депутатының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыну енгізу туралы шешім қабылдайды.
Мәслихат аумақтық сайлау комиссиясының осы тармаққа сәйкес енгізілген ұсынуы негізінде мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен мәслихаттың тиісті депутатының өкілеттіктерін тоқтатады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Өкілеттіктер осы баптың 3-тармағының 3-1) және 3-2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған кезде тиісті аумақтық сайлау комиссиясы адамның мәслихат депутатының өкілеттіктерін жоғалту фактісін көрсететін шешім қабылдайды және бұл туралы тиісті мәслихатқа хабарлайды.»;
3) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды қамтамасыз етеді;»;
4) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
«19-1) сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды қамтамасыз етеді;»;
5) 39-7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аумақтық жергілікті өзін-өзі басқару кеңестерін республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала мәслихатының шешімі негізінде тиісті әкімдік қалалық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі тиісті сайлау округінің шегінде қала әкімі ұсынған құрамда құрады.»;
6) 41-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. 20-баптың 3 және 4-тармақтары тоқтатыла тұрған кезеңде:
«3. Мәслихат депутатының өкiлеттiктерi мынадай:
1) ол заңға сәйкес депутаттық мiндеттердi орындаумен сыйыспайтын лауазымға сайланған немесе тағайындалған;
2) соттың оны әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет ету қабілеті шектеулі деп тану туралы шешiмi заңды күшiне енген;
3) мәслихаттың өкiлеттiктерi тоқтатылған;
4) ол қайтыс болған, соттың оны хабарсыз кетті деп тану не қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген;
5) ол Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан;
6) қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың оған қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енген;
7) ол тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктен тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;
8) оның отставка туралы жеке өтiнiшiне байланысты;
9) ол өз мiндеттерiн жүйелi түрде орындамаған, оның iшiнде мәслихат сессиясының жалпы отырыстарында немесе құрамына өзі сайланған мәслихат органдарының отырыстарында дәлелсіз себептермен қатарынан үш реттен артық болмаған;
10) ол облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы немесе тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалған жағдайларда, мерзімінен бұрын тоқтатылады.
4. Депутаттың өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм тиісті аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сессиясында қабылданады.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақтардың қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.».
4. Осы Заңның 20-бабының 4-1-тармағы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі деп белгіленсін.».
4. «Саяси партиялар туралы» 2002 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 16, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2009 ж., № 2-3, 6-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 22-I, 140-құжат):
1) 9-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) саяси партиядан сайланған депутаттарды керi шақырып алу немесе ротациялау негiздерi;»;
2) 16-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тиісті мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдері ұсынылады.»;
3) 22-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
9-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде:
«9) бiрыңғай жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжiлiсінің саяси партиядан сайланған депутаттарын керi шақырып алу немесе ротациялау негiздерi;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, 9-баптың 1-тармағы 9) тармақшасының;
16-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде:
«2) тиiстi мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ұсынылады.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, 16-баптың 4-тармағы 2) тармақшасының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.».
5. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 153-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 123-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат):
1) 15-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналаса алады.»;
2) 20-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік саяси қызметке, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кірген мемлекеттік қызметшілер, сайлау қорытындылары бойынша тағайындалған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері үшін сынақ мерзімі белгіленбейді.»;
3) 26-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңда көзделген жағдайларда, сондай-ақ жергілікті өкілді органдардың тағайындауы немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сайлау тәртібімен «Б» корпусының мемлекеттік лауазымдарына конкурстан тыс тәртіппен алғаш рет кіретін немесе қайтадан кіретін азаматтарға көрсетілген іріктеу кезеңдері қолданылмайды.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ