Bestprofi Logo

Бұйрық № 286 от 2018-05-29г./Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

«Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 26.03.2023 г.

Документ на казахском языке

«Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 29 мамырдағы № 286 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 25 маусымда № 17112 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2023 жылғы 26 наурыздан бастап күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.03.2023 жылғы №36 Бұйрығына сәйкес

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 32-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6774 болып тіркелген, 2011 жылғы № 3 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережеде:

1 және 2-тараулардың атаулары мынадай редакцияда жазылсын:

1, 2 және 3-тараулардың атаулары мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау.Үдеріске қатысушылардың өзара іс-қимылы»;

«3-тарау.«Бекітілген халық тіркелімі» порталында халықты тіркеу»;

«7. Құрылымында перинаталдық орталығы (перзентханалық бөлімше) бар денсаулық сақтау ұйымының жауапты адамы бала туғаннан кейін 1 тәуліктен кешіктірмей БХТ порталында №907 бұйрықпен бекітілген нысандағы туу туралы медициналық куәлікті тіркеуді, сондай-ақ ата-аналары туралы мәліметтерді (оның ішінде білім деңгейі және отбасының табыс көзі туралы мәліметтер) енгізуді жүзеге асырады;

МСАК субъектісінің жауапты адамы БХТ порталында нәрестелерді бекітуді «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10173 болып тіркелген) бекітілген нысандағы туу туралы куәліктің негізінде жүзеге асырады.».

2. Қазақстан Респуликасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Респуликасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Респуликасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание