• Мое избранное
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау, қаржы ұйымдарының қызметін тәуекелге бағдарланған қадағалау, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау, қаржы ұйымдарының қызметін тәуекелге бағдарланған қадағалау, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 2 шiлдедегi № 168-VІ

Редакция 01.01.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 15, 55-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 3-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі «банктерді қайта құрылымдауға,» деген сөздерден кейін «банктерді лицензияларынан айыру салдарларының туындауына,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 318-баптың 2-тармағында:
«соттан тыс күштеу тәртібімен» деген сөздер «соттан тыс тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мәжбүрлеп соттан тыс» деген сөздер «соттан тыс» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
2-тармақшаның төртінші абзацы осы Заңның 2-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру шеңберінде қарыз бойынша қамтамасыз ету болып табылатын кепіл нысанасына өндіріп алуды қолдану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.»;
2-тармақшаның бесінші абзацы осы Заңның 2-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 319-баптың 2-тармағындағы «соттан тыс мәжбүр ету тәртібімен» деген сөздер «соттан тыс тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117, 119-құжаттар; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 725-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:  
«725-1-бап. Қарыз алушымен – жеке тұлғамен жасалатын қарыз шартының ерекшеліктері»;
2) 718-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қарыз алушымен – жеке тұлғамен жасалатын қарыз шарты бойынша сыйақы осы Кодекстің 725-1-бабының талаптары ескеріле отырып айқындалады.»;
3) мынадай мазмұндағы 725-1-баппен толықтырылсын:
«725-1-бап. Қарыз алушымен – жеке тұлғамен жасалатын қарыз шартының ерекшеліктері
1. Қарыз алушымен – жеке тұлғамен жасалатын қарыз шартының мынадай ерекшеліктері бар:
1) тектік белгілерімен айқындалған, оның ішінде төлемнің кейінге қалдырылуы және бөліп төленуі арқылы берілген ақша немесе заттар қарыз шартының нысанасы болып табылады;
2) дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға қарыз шарты бойынша қарыз алушы ретінде әрекет етеді;
3) қарыз Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында беріледі;
4) қарыз шартында осы баптың 3-тармағында көзделген қағидаларға сәйкес есептелген, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі міндетті түрде қамтылуға тиіс;
5) қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі берілген қарыз сомасының жүз пайызынан, оның ішінде қарызды қайтару мерзімі өзгертілген жағдайда аса алмайды;
6) қарыз шарты бойынша қарыз сомасын қайтару және (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемені бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсiмпұлдың) мөлшері мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттеме сомасының 0,5 пайызынан, бірақ берілген қарыз сомасының жылына он пайызынан аспайды;
7) қарыз нысанасын қоспағанда, сыйақы, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсiмпұл), комиссиялар және қарыз шартында көзделген өзге де төлемдер сомасын қоса алғанда, қарыз алушының қарыз шарты бойынша барлық төлемі жиынтығында қарыз шартының бүкіл қолданылу кезеңiнде берілген қарыз сомасынан аса алмайды;
8) қарыз шарты бойынша міндеттемелер мен төлемдерді кез келген валюталық баламасына байланыстыра отырып индекстеуге жол берілмейді;
9) қарыз шартының сыйақы, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсiмпұл), комиссиялар және өзге де төлемдер мөлшерлері туралы талаптары оларды ұлғайту жағына қарай өзгертіле алмайды;  
Егер нысанасы тектік белгілерімен айқындалған заттар болып табылатын қарыз шарты бойынша қарыз алушының міндеттемелерін орындау борыш есебіне ақша беру арқылы жүзеге асырылған, ал сыйақының, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсiмпұлдың), комиссиялардың және қарыз шартында көзделген өзге төлемдердің төленуі мен мөлшері ақшалай нысанда жүзеге асырылса, осындай шартқа осы тармақтың бірінші бөлігі 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларының талаптары қолданылады.
2. Қарыз алушымен – жеке тұлғамен жасалатын, осы баптың 1-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін қарыз шарты мәнсіз болып табылады.
3. Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидалары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
4. Қарыз алушымен – жеке тұлғамен жасалатын қарыз шартына осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, қарыз шартына қатысты қағидалар қолданылады.
5. Осы баптың талаптары осы Кодекстің 718-бабының 2-тармағында аталған тұлғалар қарыз берушілер болып әрекет ететін қарыз шарттарына қолданылмайды.»;
4) 728-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жеке тұлғаларға берілетін ипотекалық қарыз ерекшеліктері «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.»;
5) 751-бап:
5-тармақша осы Заңның 2-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«банк» деген сөзден кейін «осы баптың ережелерін ескере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Ағымдағы банктік шотта орналастырылған ақшаны пайдаланғаны үшін сыйақы төленбейді.
Банк қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырғаны үшін қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарының сомасынан банктік шот шартында айқындалған кірісті төлеуі мүмкін.»;
1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) жинақ салымы;»;
2-тармақтың екінші және үшінші бөліктері алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мерзiмдi салым белгiлi бiр мерзiмге енгізіледі.  
Егер банктік салым шартында өзгеше көзделмесе, салымшы мерзімді салымды белгiленген мерзiм өткенге дейiн талап еткен жағдайларда, салым бойынша сыйақы талап етілгенге дейінгі салым бойынша белгіленген мөлшерде төленедi.»;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Жинақ салымы белгiлi бiр мерзiмге енгізіледі.  
Салымшы жинақ салымын белгiленген мерзiм өткенге дейiн талап еткен жағдайларда, салым бойынша сыйақы талап етілгенге дейінгі салым бойынша белгіленген мөлшерде төленеді.