• Мое избранное
Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 5 шілдедегі № 176-VІ  

Құжат мәтініндегі «және терроризмді қаржыландыруға», «және терроризмді қаржыландыру» деген сөздер тиісінше «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға», «, терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 19.09.2025 № 219-VIII Заңына сәйкес (18.07.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңның тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.06.2026 жылғы № 306-VIII Заңына сәйкес (09.01.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Құжат мәтініндегі «заң көмегі», «заң көмегін» «заң көмегіне», «заң көмегінің», «Заң көмегі», «Заң көмегін», «Заң көмегінің», «заң көмегімен» деген сөздер тиісінше «білікті заң көмегі», «білікті заң көмегін» «білікті заң көмегіне», «білікті заң көмегінің», «Білікті заң көмегі», «Білікті заң көмегін», «Білікті заң көмегінің», «білікті заң көмегімен» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 11.06.2026 жылғы № 306-VIII Заңына сәйкес (09.01.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.07.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) адвокаттық қызмет – адвокаттар жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оларды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында, осы Заңда белгіленген тәртіппен, кәсіптік негізде көрсететін білікті заң көмегі;
2) заң консультанттарының қызметі – заң консультанттарының жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында білікті заң көмегін көрсету жөніндегі кәсіптік қызметі;
3) заң көмегі – Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 3-тармағында бекітілген әркімнің білікті заң көмегін алу құқығын іске асыруды қамтамасыз етуге, оның ішінде осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен арнайы заң білімі мен дағдыларын пайдалана отырып қамтамасыз етуге бағытталған қызмет;
3-тармақша өзгертілді ҚР 17.12.2025 жылғы № 241-VIII Заңымен (19.09.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақша өзгертілді ҚР 11.06.2026 жылғы № 306-VIII Заңымен (09.01.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) білікті заң көмегіне қатысушылар – білікті заң көмегін көрсететін тұлғалар, клиенттер, заң көмегін көрсетуге тартылған өзге де тұлғалар;
5) білікті заң көмегін көрсету саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – білікті заң көмегінің ұйымдастырылуын, сондай-ақ оның сапасын бақылауды қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган;
6) клиент – білікті заң көмегін алу үшін өтініш жасаған жеке немесе заңды тұлға (өкіл);
7) құқықтық ақпарат беру – белгіленбеген тұлғалар тобына Қазақстан Республикасы заңнамасының мәселелері бойынша ауызша, жазбаша нысандарда, электрондық құжат нысанында не көріп танысу түрінде ақпарат беру арқылы көрсетілетін білікті заң көмегінің түрі;
8) құқықтық консультация беру – жеке және заңды тұлғаларға ауызша және жазбаша консультациялар нысанында көрсетілетін, оның ішінде арыздарды, шағымдарды, өтінішхаттарды және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасау мәселесіне қатысты білікті заң көмегінің түрі;
9) мүдделер қақтығысы – білікті заң көмегін көрсететін тұлғаның жеке мүдделері мен клиенттің мүдделері арасындағы білікті заң көмегін көрсетпеуге немесе сапалы көрсетпеуге алып келуі мүмкін қайшылық.
2-бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заң мен Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметті және білікті заң көмегін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Білікті заң көмегі осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес көрсетіледі.
2-тармақ өзгертілді ҚР 09.06.2021 жылғы № 49-VII Заңымен (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР 17.12.2025 жылғы № 241-VIII Заңымен (19.09.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
4. Жекелеген тұлғалардың білікті заң көмегін көрсету шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
3-бап. Білікті заң көмегін көрсету қағидаттары
Білікті заң көмегін көрсету мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) заң үстемдігі;
2) білікті заң көмегін көрсететін тұлғалардың тәуелсіздігі;
3) клиенттің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және қорғау;
4) клиенттің мүддесінде білікті заң көмегін ұсыну;
5) кәсіптік құпияны сақтау;
6) кәсіптік және әдептік мінез-құлық нормаларын сақтау;
7) білікті заң көмегін көрсету шектері мен шараларын айқындау еркіндігі;
8) білікті заң көмегін көрсету стандарттарын сақтау;
9) сотқа, сот ісін жүргізу қағидаларына және кәсіп бойынша әріптестерге құрмет;
10) білікті заң көмегінің қолжетімділігі.
4-бап. Білікті заң көмегін көрсету қағидаттарының мәні
1. Білікті заң көмегін көрсетудің мазмұнын айқындайтын және заң көмегіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін іске асырудың жалпы шарттарын қамтамасыз ететін оның іргелі бастаулары заң көмегін көрсету қағидаттары болып табылады.
2. Білікті заң көмегін көрсету қағидаттары өзара байланысты болады және өздерінің жүйесін құрайды. Қағидаттардың әрқайсысын іске асыру заң көмегін көрсетудің өзге қағидаттарымен өзара іс-қимыл жасаса отырып жүзеге асырылады.
3. Білікті заң көмегін көрсету қағидаттарын сақтамау осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
5-бап. Заң үстемдігі
Білікті заң көмегі баршаның заң алдындағы теңдігі, Қазақстан Республикасы Конституциясының, сондай-ақ осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтау міндеті бастауларында ұсынылады.
6-бап. Білікті заң көмегін көрсететін тұлғалардың тәуелсіздігі
Білікті заң көмегін көрсететін тұлғалар өздерінің құқықтарын жүзеге асыру және кәсіптік міндеттерін орындау кезінде тәуелсіз болады.
Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, олардың қызметіне прокуратура, соттар, басқа да мемлекеттік органдар, өзге де ұйымдар мен тұлғалар тарапынан араласуға жол берілмейді.
7-бап. Клиенттің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және қорғау
Білікті заң көмегі жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оларды іске асыруда жәрдемдесу мақсатында көрсетіледі.
Білікті заң көмегін көрсету кезінде клиенттің ар-намысын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемітетін, оның жеке өмірінің қолсұғылмаушылығына қол сұғатын, оның жеке және отбасылық құпиясын, жеке салымдар мен жинақ ақшалардың, хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесулердің, пошталық, телеграфтық және өзге де хабарлардың құпиясын бұзатын әрекеттерге тыйым салынады.
8-бап. Клиенттің мүддесінде білікті заң көмегін ұсыну
Білікті заң көмегін көрсететін тұлға клиенттің мүдделеріне зиян келтіруді болғызбау үшін қажетті шараларды қабылдай отырып, өзінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындауға міндетті.
Білікті заң көмегін көрсету кезінде заң көмегін көрсететін тұлға клиентке, қаржылық шығындардың сипаты мен мөлшерін қоса алғанда, білікті заң көмегінің ықтимал нәтижелері мен салдарларын түсіндіруге міндетті.
Білікті заң көмегін көрсету шараларын таңдау клиенттің мүдделерін негізге алуға тиіс.
Білікті заң көмегін көрсететін тұлға кәсіптік міндеттерін орындау кезінде мүдделер қақтығысын болғызбау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
9-бап. Кәсіптік құпияны сақтау