«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 707 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі № 444 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 26.03.2019 жылғы № 142 Қаулысына сәйкес, 1-тармағын, 2-тармағын және 3-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда
Редакция 04.10.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 707 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті құрылсын.
2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелер қайта аталсын.
3. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі № 444 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, діни қызмет, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, қайырымдылық, волонтерлік қызмет, медиация, ішкі саяси тұрақтылықты, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету салаларында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті;
3) Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті.
3. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, № 15 кіреберіс.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлiгi» мемлекеттiк мекемесi.
11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Министрліктің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігіне заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер, егер Қазақстан Республикасы заңнамасында өзгеше белгіленбесе республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
2-тарау. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің миссиясы:
сындарлы мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды қалыптастыру, тұрақтылықты нығайту, мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының әріптестігінің тиімді жүйесін дамыту, мемлекеттік жастар және отбасы саясатын тұжырымдау және тиімді іске асыру.
15. Міндеттері:
мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, діни қызмет, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, қайырымдылық, волонтерлік қызмет, медиация, ішкі саяси тұрақтылықты, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің құзыретіне жататын қызметі салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігіне жүктелген өзге де міндеттер.
16. Функциялары:
1) орталық аппараттың функциялары:
мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, діни қызмет, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, қайырымдылық, волонтерлік қызмет, медиация, ішкі саяси тұрақтылықты, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі реттейтін салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіптік одақтармен және өзге де ұйымдармен Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ келісімдер, меморандумдар және шарттарды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі реттейтін салалардағы халықаралық шарттарды әзірлеу және жасасу;
Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі реттейтін салалардағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің стратегиялық жоспарын бекіту;
Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі реттейтін салаларда мемлекеттік ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының біліктілік анықтамалықтарын немесе үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу және бекіту;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |