• Менің таңдаулыларым
Назар аударыңыз! Құжаттың 13.05.2025 күші жойылды

Отправить по почте

«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2018 жылғы 23 шілдедегі № 698 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 23 шілдеде № 17225 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес 
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:  
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:  
9 «Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер» функционалдық кіші тобында:  
мынадай мазмұндағы 001  бюджеттік бағдарламасы мен 100, 103 және 104  бюджеттік кіші бағдарламалары бар 248 - бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:  
«248 Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі  
001 Қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру
100 Қоғамдық даму саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету
103 Социологиялық, талдамалық зерттеулер жүргізу және консалтингтік қызметтер көрсету
 104 Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету»;        
248 «Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша 100 және 102 кіші бағдарламалары бар мынадай мазмұндағы 002 бюджеттік бағдарламасы мен толықтырылсын:  
«002 Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру
100 Этносаралық келісімді нығайту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру  
102 Конфессияаралық келісімді нығайту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру»;  
мынадай мазмұндағы 100, 101, 102, 105, 109, 114, 116, 119 және 122 бюджеттік бағдарламалары мен толықтырылсын:
«100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
101 Өкілдiк шығындарға арналған қаражат есебiнен іс-шаралар өткізу
102 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер
105 Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың,  оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу
109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
114 Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша орталық мемлекеттік органдардың міндеттемелерін орындау
116 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер
119 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнайы резервi есебінен іс-шаралар өткізу
122 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнайы резервi есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер»;  
03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобында:  
9 «Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік саласындағы басқа да қызметтер» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 001, 002, 003, 004, 032, 100, 106, 107, 108, 109, 115, 118, 119, 123 және 124 бюджеттік бағдарламалары бар 329-бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:  
 «329 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың  отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы   
001 Жергілікті деңгейде отбасы институтын күшейту, гендерлік теңдік, әйелдердің, балалар мен жастардың құқығы мен заңнамалық мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер  
032 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары  
100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
106 Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен іс-шаралар өткізу
108 Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың,  оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу
109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен іс-шаралар өткізу
115 Жергілікті атқарушы орган резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау
118 Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге  арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
119 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнайы резервi есебінен іс-шаралар өткізу
123 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен  әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша ағымдағы шығыстарға іс-шаралар өткізу
124 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша даму шығыстарына іс-шаралар өткізу»;  
1 «Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 034 бюджеттік бағдарламасы бар 360-бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:  
«360 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасы