• Мое избранное
«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 7-1/764 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 03.08.2021 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 7-1/764 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 296 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 шілдеде № 17245 болып тіркелді 

Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 3 тамыздан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2021 жылғы № 171 Бұйрығына сәйкес 
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 7-1/764 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12097 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентінде:  
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарлары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) «электрондық үкіметтің»: www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтінішінің (бұдан әрі – өтініш) болуы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімін (іс-қимылын) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекцияларының кеңселері (бұдан әрі – кеңсе) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған құжаттарды тіркейді және жауапты орындаушыны (бұдан әрі – орындаушы) айқындау үшін басшылыққа жолдайды – 30 (отыз) минут;
2) басшылық ұсынылған құжаттармен танысады, орындаушыны айқындайды – 60 (алпыс) минут;
3) орындаушы ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді, ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосына орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiнiң импортына, экспортына, транзитiне рұқсат беруге сұраным немесе орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына рұқсат беруден уәжді бас тартуды дайындайды және жібереді – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
4) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiнiң транзиттік тасымалдануын басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді қажет ететін рұқсаттарды (30 (отыз) жұмыс күні ішінде) және тірі жануарлардың карантиннен өтуіне арналған рұқсаттарды (күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде) қоспағанда, сұранымды 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
Қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiнiң импортына, экспортына, транзитiне рұқсат береді не стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша уәжді бас тартады, сондай-ақ сұраным жіберген тиісті аумақтық бөлімшені, ветеринариялық бақылау бекетін рұқсат берілгені немесе рұқсат беруден бас тартылғаны туралы хабардар етеді;
5) кеңсе рұқсаттың нөмірін тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға береді – 30 (отыз) минут.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:
1) тіркелген өтініш, ұсынылған құжаттарды басшылыққа жолдау;
2) басшылықтың ұсынылған құжаттарды қарап, жауапты орындаушыны айқындауы және оған орындауға жолдауы;
3) құжаттардың дұрыстығын тексеру, рұқсат беруге арналған сұранымды немесе уәжді бас тартуды ресімдеу;
4) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосына сұраным жіберу;
5) сұранымды қарау және рұқсат беру немесе уәжді бас тарту;
6) рұқсатты тіркеу және беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініш электрондық тәсілмен берілген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық құжат нысанында ресімделеді, қағаз тәсілмен берілген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық құжат нысанында ресімделеді, басып шығарылады, оған басшылықтың қолы қойылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен куәландырылады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, жұмыскерлер арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:
1) кеңсе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға ұсынылған құжаттарды тіркейді және жауапты орындаушыны (бұдан әрі – орындаушы) айқындау үшін басшылыққа жолдайды – 30 (отыз) минут;
2) басшылық ұсынылған құжаттармен танысады, орындаушыны айқындайды – 60 (алпыс) минут;
3) орындаушы ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді, ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосына орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiнiң импортына, экспортына, транзитiне рұқсат беруге сұраным немесе орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына рұқсат беруден уәжді бас тартуды дайындайды және жібереді – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
4) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiнiң транзиттік тасымалдануын басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді қажет ететін рұқсаттарды (30 (отыз) жұмыс күні ішінде) және тірі жануарлардың карантиннен өтуіне арналған рұқсаттарды (күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде) қоспағанда, сұранымды 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
Қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiнiң импортына, экспортына, транзитiне рұқсат береді не стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша уәжді бас тартады, сондай-ақ сұраным жіберген тиісті аумақтық бөлімшені, ветеринариялық бақылау бекетін рұқсат берілгені немесе рұқсат беруден бас тартылғаны туралы хабардар етеді;
5) кеңсе рұқсаттың нөмірін тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға береді – 30 (отыз) минут.»;
13-тармақ алып тасталсын;
көрсетілген мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік  он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев
Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы 
Ауыл шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 11 шілдедегі № 296 
бұйрығына қосымша
«Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық
 жағдайды бағалауды ескере
отырып, орны ауыстырылатын 
(тасымалданатын) объектiлердiң
экспортына, импортына және 
транзитiне рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет регламентіне 2-қосымша
«Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы