• Мое избранное
«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы  
Внимание! Документ утратил силу с 25.01.2021 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы   Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 187 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 шілдеде № 17242 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 25 қантардан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 25.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-331/2020 Бұйрығына сәйкес   
Редакция 06.07.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:  
1. Қоса беріліп отырған «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 176 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10936 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А. В. Цойға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
 ___________________ Т. Сүлейменов
  20___ жылғы « » ____________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
 ___________________ Қ. Бозымбаев
  20___ жылғы « » ____________
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы 23 сәуірдегі
№ 187 бұйрығымен
бекітілген
«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» 
санитариялық қағидалары
1-тарау. Негізгі ережелер
1. Осы «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144 және 145-баптарына сәйкес әзірленген, өндірістік объектілердегі өндіріс және тұтыну қалдықтарын, қатты тұрмыстық және медициналық қалдықтарды жинауға, пайдалануға, қолдануға, жинақтауға, олармен жұмыс істеуге, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
2. Тұтыну қалдықтары келесідей бөлінеді:
1) тұрмыстық қатты қалдықтар (бұдан әрі – ТҚҚ);
2) медициналық қалдықтар (бұдан әрі – МО).
3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылды:
1) ағызу станциялары – елді мекендердің кәріз тартылмаған аудандарынан сұйық қалдықтарды кәріз желілеріне қабылдауға және ағызуға арналған құрылыстар;
2) ассенизациялау алқабы, жер жырту алқабы – елді мекеннің шегінен тыс сұйық қалдықтарды жинау және залалсыздандыру үшін арнайы бөлінген аумақ;
3) жоспарлы-тұрақты тазарту – қалдықтарды белгіленген жиілікпен жинау және жою бойынша іс-шаралар жүйесі;
4) жерді рекультивациялау – белгілі мақсатта пайдалану үшін бұзылған жерлерді, оның ішінде бұзылған жерлердің кері әсері нәтижесінде өз құндылығын толық немесе ішінара жоғалтқан іргелес жер учаскелерін қалпына келтіруге, сондай-ақ қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар кешені;
5) коммуналдық қалдықтар – елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік етуінің нәтижесінде қалыптасқан тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен қалыптасу сипаты бойынша оларға жақын өндіріс қалдықтары;
6) қалдық сақтау қоймасы – радиоактивті, уытты және қалдықтар деп аталатын пайдалы қазбалардың басқа да төгілген қалдықтарын сақтауға немесе көмуге арналған арнайы құрылыстар мен жабдықтар кешені;
7) қалдықтарды есепке алу – қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамасы мен олармен жұмыс істеу тәсілдері туралы ақпарат жинау және ұсыну жүйесі;
8) қалдықтарды жою – қалдықтарды көму және жою бойынша операциялар;
9) қалдықтарды жинау – қалдықтарды одан әрі кәдеге жарату немесе жою мақсатында оларды сұрыптауды қамтитын қалдықтарды арнайы бөлінген орындарға немесе объектілерге шығаруға, жинауға және орналастыруға байланысты қызмет;
10) қалдықтарды залалсыздандыру – механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу жолымен қалдықтардың қауіпті қасиеттерін азайту немесе жою;
11) қалдықтарды кәдеге жарату – қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретінде пайдалану;
12) қалдықтарды көму – көмілген қалдықтардың халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпті әсерін болдырмайтын, шектеусіз мерзім бойы оларды сақтау үшін белгіленген орындарда қалдықтарды жинау;
13) қалдықтарды қайта өңдеу – қалдықтардан шикізаттарды және (немесе) одан әрі тауарларды немесе басқа өнімдер өндірісінде (дайындауда) пайдаланылатын басқа материалдарды алуға, сондай-ақ олармен жұмыс істеуді жеңілдету, олардың көлемін немесе қауіпті қасиеттерін азайту мақсатында қалдықтардың қасиеттерін өзгертуге бағытталған, сұрыптауды қоса алғандағы физикалық, химиялық немесе биологиялық процестер;
14) қалдықтарды орналастыру – өндіріс және тұтыну қалдықтарын сақтау немесе көму;
15) қалдықтарды сақтау – қалдықтарды кейіннен кәдеге жарату, қайта өңдеу және (немесе) жою үшін арнайы бөлінген орындарда жинау;
16) қалдықтарды уақытша сақтау – өз қызметі нәтижесінде түзілетін өндіріс және тұтыну қалдықтарын адамдардың оларды кейiннен кәдеге жарату, қайта өңдеу, сондай-ақ қайта өңдеуге немесе кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтарды жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға беру үшін жобалау құжаттамасында айқындалған уақытша сақтау орындарында және мерзімдерге (бірақ алты айдан асырмай) жинап қоюы;
17) қалдықтарды тасымалдау – қалдықтарды олардың пайда болған немесе сақталған жерінен қайта өңдеу, кәдеге жарату немесе көму орындарына немесе объектілеріне тасымалдау;
18) қалдықтардың қауіптілік сыныбы – бұл адамның денсаулығына және оның тіршілік ету ортасына қалдықтардың қауіптілік түрі мен дәрежесін айқындайтын олардың сандық сипаттамасы;
19) қалдықтар түрі – шығу тегіне, қасиеттеріне және қалдықтар сыныптамасының негізінде айқындалған жұмыс істеу технологияларына сәйкес жалпы белгілері бар қалдықтар жиынтығы;
20) қалдықпен жұмыс істеу – қалдықтардың пайда болуының алдын алуды және азайтуды, есепке алу мен бақылауды, қалдықтарды жинақтауды, сондай-ақ қалдықтарды жинауды, қайта өңдеуді, кәдеге жаратуды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (қоймаға жинауды), жоюды қоса алғанда қалдықтармен байланысты қызмет түрлері және олармен байланысты өзге де іс-қимылдар;
21) қалдықтармен жұмыс істеу шаруашылығын консервациялау – қалдықтарды тасымалдау және оларды қалдықтарды сақтау орындарына орналастыру бойынша қызметті уақытша тоқтату. Бұл ретте қалдықтармен жұмыс істеу шаруашылығы мен қалдықтарды сақтау орындарының құрылыстарын қоршаған ортаға теріс әсерін болдырмайтындай етіп оқшаулайды;
22) қалдықтармен жұмыс істеу шаруашылығын жою (көму) – қалдықтарды тасымалдау және оларды қалдықтарды сақтау орындарына орналастыру бойынша қызметті тоқтату. Бұл ретте қалдықтармен жұмыс істейтін шаруашылықтың барлық ғимараттары мен құрылыстарын жою, ал қалдықтарды сақтау орнын қоршаған ортаға қоршаған ортаға теріс әсерін болдырмайтындай етіп оқшаулау қажет;
23) қатты тұрмыстық қалдықтар (бұдан әрі – ҚТҚ) – қатты түрдегі коммуналдық қалдықтар;
24) қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондар – қатты тұрмыстық қалдықтарды оқшаулауға және залалсыздандыруға арналған арнайы құрылыстар;
25) қауіпті химиялық заттар – адам денсаулығына және қоршаған ортаға тікелей немесе ықтимал зиянды әсер етуі мүмкін заттарға ие болатын заттар;
26) мамандандырылған ұйымдар – қызметі қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты ұйымдар;
27) медициналық қалдықтар (бұдан әрі – МҚ) – медициналық қызметтерді көрсету және медициналық емшаралар жүргізу процесінде түзілетін қалдықтар;