• Мое избранное
"Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Үкіметінің 31.12.2019 жылғы № 1054 Қаулығына сәйкес  
Редакция 19.10.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар Бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар (келісім бойынша) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ақпарат берсін.
4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелсін.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.04.2019 жылғы № 231 Қаулысына сәйкес (22.06.2018 ж. редакцияны қараңыз)
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы 
 Үкіметінің 
 2018 жылғы 22 маусымдағы 
 № 372 қаулысымен 
 бекітілген
"Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы
Бағдарлама өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.10.2019 жылғы № 775 Қаулысымен (29.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)
1. Бағдарламаның паспорты



Бағдарламаның атауы



"Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы



Әзірлеу үшін негіздеме



Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы;



Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары;



Қазақстан Республикасы Президентінің қатысумен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысының 2016 жылғы 9 қыркүйектегі № 01-7.8 (ПӘ) хаттамасының 3.11-тармағы;



Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 қарашадағы "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Қазақстан халқына Жолдауы;



Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауы;



Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 наурыздағы "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты Қазақстан халқына үндеуіндегі тапсырма.



Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган



Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі



Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар



Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері



Бағдарламаның мақсаты



Халық үшін тұрғын үйдің қолжетiмдiлiгiн арттыру



Бағдарламаның міндеттері



1-міндет. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу.




2-міндет. Кредиттік тұрғын үй салу.



3-міндет. Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту.



4-міндет. Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру.



5-міндет. Квазимемлекеттік сектор субъектілерін тарту арқылы тұрғын үй салу.



Іске асыру мерзімдері



2017 – 2021 жылдар



Нысаналы индикаторлар



Индика-тордың атауы



2016 жыл (бағалау)



2017 жыл



2018 жыл



2019 жыл



2020 жыл



2021 жыл



Ақпарат көзі



Қол жеткізуге жауаптылар



Қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үйді іске қосу көлемі, мың шаршы метр*, оның ішінде:



9619



10116



12097



13065



14110



15239



ресми статистика деректері


ИИДМ,
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО,
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ,
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ



көп пәтерлі тұрғын үй



4825



5116



6991



7550



8154



8806



жеке тұрғын үй



4322



5000



5106



5515



5956



6433




 



*Осы индикаторлар тиісті қаржы жылдарына арналған қаржыландыру көлемдеріне қарай нақтыланады.



Қаржыландыру көздері мен көлемі



Бағдарламаны іске асыруға арналған қаржы шығындары республикалық бюджет есебінен, сондай-ақ жеке инвестициялар, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің есебінен көзделеді.

Бағдарламаны қаржыландыру көлемі мынаны құрайды:





 






 



2017 жыл



2018 жыл



2019 жыл



2020 жыл



2021 жыл



Барлығы



РБ*



127,6



148,6



304,2



294,2



297,1



1171,7



Бюджеттен тыс қаражат**



43,1



120,9



129,4



101,2



109,6



504,2



Барлығы



170,7



269,5



433,6



395,4



406,7



1675,9




 

*Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетті бекіткен кезде нақтыланады;



**осы қаражат тұрғын үйдің сатылуынан түскен қаражаттың түсуіне қарай бағытталатын болады.




 

2. Кіріспе
Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар республикаға экономикалық және әлеуметтік жағдайы тұрақты ел ретінде орнығуға, капитал мен инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді.
Құрылыс саласы Қазақстан Республикасы экономикасының белсенді дамушы салаларының бірі болып табылады әрі елдің және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай әсер етеді. Жалпы ішкі өнімдегі (бұдан әрі – ЖІӨ) құрылыс саласының үлесі бүгінгі күні 6,2 %-ды құрайды. Құрылыс саласы бойынша тұрғын үй құрылысы секторын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді, оның ЖІӨ-нің құрылымындағы үлесі 11%-ды құрайды.
Тұрғын үйдің қолжетімділігі мен қолайлылығын арттыру есебінен халықтың өмір сүру сапасын қамтамасыз ету  Қазақстан Республикасының  2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының басым міндеті болып табылады.
Осы "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) қолданыстағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі шеңберінде әзірленді.
2017 жылы Мемлекет басшысының 2016 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасы бойынша қабылданған "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы іске қосылды, ол халықтың қалың жігінің тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру үшін тұрғын үй құрылысын ынталандырудың жаңа тәсілдерін әзірлеуге және оған қолданыстағы бағдарламалардағы тұрғын үй мәселелерін интеграциялауға бағытталды.
Мемлекеттік тұрғын үй саясатында тікелей қаржыландырудан бюджеттен тыс қаржыландыруға көшуге басты көңіл бөлінді. Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы) және Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысы саласына бөлінген қаражат шоғырландырылып, осы Бағдарламада қайта бөлінді.
Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің ең маңызды құралдары – бұл тұрғын үй құрылысына жеке инвестициялар тарту және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті ынталандыру болып табылады.
Әрбiр отбасының тұрғын үйді сатып алу мүмкiндiгiн жақсарту мақсатында Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 наурыздағы "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты Қазақстан халқына үндеуінде Ұлттық Банкке "7-20-25" деген жаңа ипотекалық бағдарлама әзiрлеуге тапсырма берілді, оның негiзгi шарттары кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылына 7 %-дан аспайды, бастапқы жарна 20 %-дан аспайды, кредит мерзiмi 25 жылға дейiн болады.
Миллиондаған қазақстандықтар қолайлы шарттармен тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік алады. Осы бастаманы іске асыру тұрғын үй құрылысы индустриясының дамуына үлкен серпін береді және тұтастай алғанда, бүкіл ел экономикасының одан әрі өсуі үшін үлкен мультипликативтік әсерін тигізеді.
Тұтас алғанда, жеке инвестицияларды тарту және кәсіпкерлік қызметті қолдау арқылы Бағдарламаны іске асыру құрылыс индустриясын дамыту үшін негіз болып, республиканың жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосады.
    3. Ағымдағы жағдайды талдау
    Тұрғын үй құрылысы секторының ағымдағы жағдайын бағалау
Тұрғын үй құрылысы секторында оң динамика сақталып отыр.  
2015 – 2017 жылдары тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың барлық көздері бойынша 2 549,8 млрд. теңге инвестициялар көлемі1  жұмсалды.
30,6 млн шаршы метр тұрғын үйдің жалпы көлемі пайдалануға берілді, оның ішінде:
2015 жылы – 8,9 млн. шаршы метр (2014 жылға қарай 118,9%);
2016 жылы – 10,5 млн. шаршы метр (2015 жылы - 117,6%);
2017 жылы – 11,2 млн. шаршы метр (2016 жылға қарай 106,2%).
Тұрғын үйдің басым бөлігін – 26,6 млн. шаршы метр немесе 86,9% жеке құрылыс салушылар тапсырды, оның ішінде тұрғындар 13,9 млн шаршы метр, ол пайдалануға берілген жалпы көлемінің  53% құрайды.
Мемлекеттік инвестициялардың есебінен соңғы үш жылда 4,0 млн. шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы қамтамасыз етіледі, оның ішінде:
2015 жылы – 1,4 млн. шаршы метр;
2016 жылы – 1,0 млн. шаршы метр;
2017 жылы – 1,6 млн. шаршы метр.
Соңғы үш жылда республикада жалпы 268 900 бірлік тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде 95 897 жеке тұрғын үй және тұрғын үй бағдарламалары шеңберінде 60 мыңнан астам пәтер.
2018 жылдың қаңтар – ақпан айларының қорытындысы бойынша 1,9 млн. шаршы метр тұрғын үйдің жалпы ауданы пайдалануға берілді, оның ішінде 1,7 млн. шаршы метрін немесе 89 % жеке құрылыс салушылар мен тұрғындар пайдалануға берді. Сандық мәнде 16 525 бірлік тұрғынжай, оның ішінде – 5 663 жеке тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау шаралары туралы
Мемлекет тұрғын үй құрылысының қарқынын қолдау және халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жан-жақты шаралар қабылдап жатыр.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 – 2007 жылдарға және 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалары, Қазақстан Республикасы құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасы, "Қолжетімді тұрғын үй – 2020" бағдарламасы табысты іске асырылды.
Осы бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы өткізілетін кредиттік тұрғын үй салу схемалары әзірленді және қолданылуда, коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін салу қайта басталды, ЖАО мен квазимемлекеттік сектор субъектілері жалға берілетін тұрғын үй секторын дамыту бойынша шаралар қабылдады, жеке құрылыс салушылардың коммерциялық тұрғын үй салуына және тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарға ИКИ-ді дамытуға және жайластыруға қолдау көрсетілді.
Құрылыс жұмыстары көлемінің өсуіне бірінші кезекте 2015 жылдан бастап жалға берілетін, кредиттік және коммерциялық тұрғын үйлердің құрылысын қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаражат бөлуді көздейтін "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және тұрғын үйлерді іске қосу себеп болды.
"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2016 жылдан бастап кредиттік тұрғын үй құрылысын тездету үшін ЖАО-ның бағалы қағаздар шығаруы есебінен әрбір 2 жыл сайын қаражаттың айналымға түсуін және оларды ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдар және ҚТҚЖБ салымшылары үшін тұрғын үй құрылысын қаржыландыратын оператор болып табылатын "Бәйтерек девелопмент" АҚ сатып алуын қамтамасыз ететін тетік енгізілді.
Жеке құрылыс салушыларды және бастапқы тұрғын үй нарығындағы ұсыныстарды қолдау мақсатында коммерциялық тұрғын үй салу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарында "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ тартылды.
ЖАО жаппай тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарға ИКИ жүргізуді қамтамасыз етеді. Жалға берілетін, кредиттік, коммерциялық және жеке тұрғын үйлер объектілері үшін шамамен 9 мың км электрмен, газбен, жылумен және сумен жабдықтау желілерін салуға қаражат бөлінді. Шамамен 179 мың жер учаскесі ИКИ-мен қамтамасыз етілді.
Халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі туралы
Мемлекеттік қолдаудың арқасында 2018 жылға қарай тұрғын үй құрылысының жыл сайынғы көлемі 11 млн. шаршы метр тұрғын үйден асып кетті.
Қазақстанда халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі2  2005 жылдан бері 20 %-ға өсті және 2017 жылға қарай бір адамға шаққанда 21,4 шаршы метрді құрады. БҰҰ-ның әлеуметтік стандарттарына сәйкес өмір сүру сапасын қамтамасыз ету үшін бір тұрғынға кемінде 30 шаршы метр тиесілі болуға тиіс. Қазақстан осы көрсеткіш бойынша Ресейден (23,4 шаршы метр), Польшадан (25 шаршы метр), ҚХР-дан (32 шаршы метр), Германиядан (39 шаршы метр) және АҚШ-тан (69,7 шаршы метр), Ұлыбританиядан (70 шаршы метр) артта қалып отыр. Шет елдердің тәжірибесі тұрғын үймен қамтамасыз етуді лайықты мерзімдерде (бір ұрпақтың өмірлік циклының ішінде) түпкілікті жақсарту үшін құрылыс белсенділігі жылына бір тұрғынға шаққанда 1 шаршы метрге жуық болуы тиіс екенін көрсетіп отыр. Мысалы, тұрғын үй проблемасын қарқынды шешу кезеңінде Жапонияда жыл сайын 1 адам үшін 0,9 – 1 шаршы метр, АҚШ-та – 0,7 – 0,8 шаршы метр, Франция мен Германияда – 0,7 шаршы метрге жуық салынды. Қытай ұзақ уақыт бойы құрылыс белсенділігін 1 адам үшін 1 шаршы метр деңгейінде ұстап тұр.