Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 514 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 тамызда № 17281 болып тіркелді
ID документа скопирован в буфер обмена
Бұйрық № 514 от 2018-07-13г./Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы
Языки документа
Уважаемые пользователи, процесс скачивания данного документа займет несколько минут.
Редакция 15.01.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-37) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2020 жылғы № 218 Бұйрығына сәйкес (25.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидалары бекітілсін.
2. Мына:
1) «Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 246 бұйрығының 1-тармағы 2) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10831 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 маусымда жарияланған);
2) «Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 246 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 1108 бұйрығының 1-тармағы 3-40 абзацтарының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14749 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдауды;
4) осы бұйрықты оны ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі ________________ Д. Абаев 2018 жылғы 20 шілде
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ________________ Т. Сүлейменов 2018 жылғы 20 шілде
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 514 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қызметкерлердің штат санының, техникалық жарақталуы мен кәсіби жарамдылығының «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9942 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарына (бұдан әрі – рұқсат беру талаптары) және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі.
3. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттауды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосы жүзеге асырады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2020 жылғы № 218 Бұйрығына сәйкес (25.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге аттестаттау жүргізу тәртібі
4. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер (бұдан әрі – МеӨҚҚ) аттестатын алу үшін заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі – стандарт) құжаттарды береді.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 10.12.2018 жылғы № 896 Бұйрығына сәйкес (13.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 4-тармақ өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 25.10.2019 жылғы № 928 Бұйрығымен (10.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2020 жылғы № 218 Бұйрығына сәйкес (25.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 4-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 04.02.2021 жылғы № 59 Бұйрығына сәйкес (16.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі стандартта баяндалған.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, көлік құралдарының бар-жоғы (мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы көлік құралының тіркеу нөмірін және көлік құралы куәлігінің тіркеу нөмірін көрсеткен кезде), жұмыскерлерді, өрт сөндіру-құтқару техникасын, жабдық пен құрал-жабдықты орналастыру үшін объектіні пайдалану құқығының бар-жоғы (көрсетілетін қызметті алушы жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірін көрсеткен кезде), жұмыскерлерде жүргізуші куәліктерінің бар-жоғы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыскерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлерін көрсеткен кезде), көлік құралдарының міндетті техникалық байқауы (көрсетілетін қызметті алушы көлік құралының тіркеу нөмірін көрсеткен кезде), жұмыскерлердің білімі және еңбек қызметі (көрсетілетін қызметті алушы жұмыскерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлерін көрсеткен кезде) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш бергеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті Порталда тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды қабылдау туралы хабарлама алады, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті орындаушыны анықтайды. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
5. Құжаттарды қабылдау және оларды қарау нәтижесін беру электронды нысанда жүзеге асырылады.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 10.12.2018 жылғы № 896 Бұйрығына сәйкес (13.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығы тексеріледі. Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды әзірлейді және көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жолдайды.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 10.12.2018 жылғы № 896 Бұйрығына сәйкес (13.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2020 жылғы № 218 Бұйрығына сәйкес (25.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.04.2022 жылғы № 95 Бұйрығына сәйкес (04.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Көрсетілетін қызметті алушы МЕӨҚҚ аттестатын алу үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы төрт жұмыс күні ішінде құжаттарды рұқсат беру талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Орындаушы көрсетілетін қызметті алушыға тиісті тексеру жүргізілгеннен кейін қағаз форматта аттестат беру құқығына арналған құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына баянат құрайды.
«Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушыға қағаз форматта тыңдау нәтижелері бойынша аттестат беру құқығына құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына баянат немесе аттестат беруден дәлелді бас тарту жасайды және порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде электрондық нәтижеге қол қояды және оны Портал арқылы беруді жүзеге асырады.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, электрондық байланыс болмаған немесе хабарламаларды жіберуге кедергі келтіретін өзге де жағдайлар туындаған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті бөлімшесі техникалық істен шығудың пайда болуы анықталған сәттен бастап дереу көрсетілген себептерді анықтау және жою үшін шаралар қабылдайды (жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін).
Хабарламаларды жөнелтудің бір сағаттан артық кідіруіне әкеп соғатын авариялық жағдайдың әрбір оқиғасын көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті бөлімшесінің жауапты орындаушысы арнайы журналда тіркейді.
7. Құжаттарды қарау және олар бойынша шешім қабылдау мерзімі өтініш тіркелген күннен бастап жеті жұмыс күнін құрайды.
8. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына тиісті аттестатты бір мезгілде бере отырып, аттестаттау жөніндегі өзінің шешімі туралы өтініш берушілерді МеӨҚҚ атауында шығу және/немесе шығусыз техникасымен – өртке қарсы қызмет түрін көрсетумен не стандартқа сәйкес аттестаттаудан дәлелді бас тарту туралы хабардар етеді.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2020 жылғы № 218 Бұйрығына сәйкес (25.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Аттестаттау нәтижелері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МеӨҚҚ тіркеу журналына енгізіледі және ведомствоның сайтына орналастырылады.
10. МеӨҚҚ аттестаттау жүргізу үшін ұсынылған құжаттар, сондай-ақ оның нәтижелері іске қалыптастырылады.
11. Аттестаттың жарамдылығы мынадай негіздер бойынша тоқтатылады:
1) МеӨҚҚ-ның аттестаттың жарамдылығын тоқтату туралы өтініш (еркін нысанда) ұсынуы;
2) заңды тұлғаның таратылуы.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Осы Қағидалар 3-тараумен толықтырылды ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2020 жылғы № 218 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 31.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға береді.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.04.2022 жылғы № 95 Бұйрығына сәйкес (04.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
«Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларына» 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 10.12.2018 жылғы № 896 Бұйрығына сәйкес (13.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Нысанның жоғарғы оң жақ бұрышының мәтіні жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 04.02.2021 жылғы № 59 Бұйрығына сәйкес (16.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 26.12.2022 жылғы № 334 Бұйрығына сәйкес (01.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нысан
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
Өртке қарсы қызмет комитетінің
төрағасына
_______________________
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті аттестаттау туралы өтініш
Сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарауды және ______________________________________________________________________ мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет атауы ______________________________________________________________________ мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет түрі ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат беруіңізді сұраймын Бизнес сәйкестендіру нөмірі:________________________________________ Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет орналасқан жері:_________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ _________ Меншік тұрғын үй не өзге заңды құқықта көлік құралдарының: Мемлекеттік нөмірлік белгінің (тіркеу нөмірі)__________________________ Техникалық паспорт сериясы және нөмірінің бар-жоғы туралы мәлімет ___________________________________ Меншік тұрғын үй не өзге заңды құқығында кезметкерлерді, өрт сөндіру- құтқару техникасын, жабдық пен жарақты орналастыруға арналған объектінің бар-жоғы туралы мәлімет: Жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі _____________________________________ Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9942 болып тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің бір жұмыскеріне арналған арнайы киім-кешек пен өртке қарсы құрал-жабдық тізбесі бойынша арнайы киім-кешекпен және өртке қарсы құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген қызметкерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлері: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Басшы _______________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ____________________ Күні
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларына 1-1-қосымша
Осы Қағидалар 1-1-қосымшамен толықтырылды ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2020 жылғы № 218 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 31.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-1-қосымша өзгертілді ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 04.02.2021 жылғы № 59 Бұйрығымен (16.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
||
1 |
Көрсетілетін қызметті беруші атауы |
Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті. |
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz. веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
7 жұмыс күні. |
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электронды (толық автоматтандырылған) |
5 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат беру. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. |
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. 2) портал арқылы жүгінген кезде – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында: www.mvd.gov.kz, www.emer.gov.kz; 2) «электрондық үкімет» веб-порталында: www.egov.kz, www.elicense.kz ескерту. |
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық сұрату; 2) «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 9942 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 783 бұйрық) бекітілген Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің өртті сөндіруге әзірлігін техникалық байқау актілерінің электрондық көшірмелері; 3) «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығына 2-қосымшаға (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10382 болып тіркелген) сәйкес, нысан бойынша мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарын аяқтағаны туралы куәліктердің электрондық көшірмесі. |
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар мен объектілердің № 783 бұйрықпен бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы. |
10 |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің байланыс телефоны 8 (7172) 60-21-33, Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары 1414, 8 8000 080 7777. |
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларына 2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 10.12.2018 жылғы № 896 Бұйрығына сәйкес (13.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 25.10.2019 жылғы № 928 Бұйрығына сәйкес (10.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нысан
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті
Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 04.02.2021 жылғы № 59 Бұйрығына сәйкес (16.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
№__________________ аттестат нөмірі
Осы аттестат ____________________________________________________ заңды мекенжайы ____________________________________________________________________ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің атауы
ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына
______________________________________________________________ берілді мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің түрі
Төраға __________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Нұр-Сұлтан қаласы, 20___жылғы «___»__________________
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларына 3-қосымша
Нысан
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді тіркеу журналы (тізілімі)
№ |
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің атауы |
Аттестаттың тіркеу нөмірі |
Өртке қарсы қызметтің түрі |
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің орналасқан мекенжайы, телефондары |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена
Ссылка на документ скопирована в буфер обмена
Документ добавлен в избранное
Комментарий удален
Закладка успешно добавлена
Закладка удалена
Закладка изменена
Функция доступна только для подписчиков системы
Чтобы оставить закладку, пожалуйста
Содержание
Комментарий успешно добавлен