Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 тамыздағы № 501 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 тамыздағы № 501 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.11.2023 жылғы № 1041 Қаулысымен (01.09.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 8, 46-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:
«1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігi (бұдан әрі – Министрлік) әлеуметтік-еңбек саласындағы, сондай-ақ құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.»;
«59) өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту тәртібін, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін әзірлеу және бекіту;»;
«62) шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту;»;
«71) жұмыспен қамтудың жеке картасының нысанын және оны жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;».
мынадай мазмұндағы 72-1), 72-2), 72-3), 72-4), 72-5), 72-6) және 72-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«72-1) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтер аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
72-2) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтер аутсорсингі туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
72-3) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
72-4) халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесін және тарифтердің шекті деңгейін әзірлеу және бекіту;
72-5) жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
72-6) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі шеңберінде ұсынылатын көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
72-7) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру, жұмыс орындарын құру туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;».
«75) оралман мәртебесін беру немесе ұзарту тәртібін айқындау;»;
мынадай мазмұндағы 78-1) және 78-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«78-1) өз құзыреті шегінде көші-қон процестерін реттеу, мемлекеттік органдардың халықтың көші-қоны саласындағы жұмыстарын үйлестіру;
78-2) көші-қон процестерінің мониторингін жүзеге асыру;».
«16) оралман мәртебесін беруден немесе ұзартудан бас тартылуы туралы шағымдарды қарайды;».
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 01.09.2023 жылғы № 753 Қаулысымен (11.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)
4. «Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2018 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 858 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 66-67, 406-құжат):
«1. Мыналар:
1) 2 185 адамнан тұратын оралмандарды қабылдаудың 2018 жылға арналған өңірлік квотасы;
2) 7 119 адамнан тұратын қоныс аударушыларды қабылдаудың 2018 жылға арналған өңірлік квотасы белгіленсін.».
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |