• Мое избранное
Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 4

Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 139 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 тамызда № 17274 болып тіркелді

Осы Бұйрық тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.04.2021 жылғы № 37 Қаулысына сәйкес (22.02.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 25.12.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3тармағының 2) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының қаржы секторының шолуын қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.11.2023 жылғы № 89 Қаулысына сәйкес (24.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.04.2021 жылғы № 37 Қаулысына сәйкес (22.02.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 316 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14804 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түріндегі эталондық бақылау банкі» 2017 жылғы 2 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  • 1
3. Зерттеулер және статистика департаменті (Тутушкин В.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  • 1
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
  • 1
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитетінің төрағасы  
 ________________ Н. Айдапкелов
2018 жылғы 23 шілде
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 маусымдағы
№ 139 қаулысымен
бекітілді
Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулық
Осы Нұсқаулық тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.04.2021 жылғы № 37 Қаулысына сәйкес (22.02.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда екінші деңгейдегі банктерден, Қазақстанның Даму Банкінен, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарынан және ипотекалық ұйымдардан қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтер (бұдан әрі – мәліметтер) түрінде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) ұсыну тәртібі белгіленеді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.04.2021 жылғы № 37 Қаулысына сәйкес (22.02.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.11.2023 жылғы № 89 Қаулысына сәйкес (24.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мәліметтер Нұсқаулыққа сәйкес бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде жасалады.
3. Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдар – халықаралық капитал нарықтарында қаражат тарту мақсатында қазақстандық компаниялар шет елдерде құратын еншілес ұйымдар;
2) институционалдық бірліктер – активтерге иелік ететін, өздеріне міндеттемелер қабылдайтын, шаруашылық қызметпен және басқа институционалдық бірліктермен операциялармен айналысатын шаруашылық бірліктер;
3) халықаралық банкаралық үзіліссіз байланысқан есеп айырысулар жүйесі (бұдан әрі – CLS халықаралық банкаралық жүйесі) - валюталық операциялар бойынша есеп айырысуға маманданатын төлем жүйесі, оның көмегімен ірі әлем банктері халықаралық валюта нарығында нақты уақыт режимінде сауда жасайды және ол валюталық операциялар бойынша есеп айырысулар кезінде кредиттік тәуекелді болдырмауға мүмкіндік береді;
4) экономика секторы – айналысатын негізгі қызмет түрі бірдей институционалдық бірліктерді біріктіретін экономиканың негізгі бөлімшесі.
4. «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым» деген ұғым «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мәнінде қолданылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.11.2023 жылғы № 89 Қаулысына сәйкес (24.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Қазақстан Республикасының резиденті және Қазақстан Республикасының бейрезиденті ұғымдары «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мәндерде қолданылады.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.02.2021 жылғы № 11 Қаулысына сәйкес (29.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.11.2023 жылғы № 89 Қаулысына сәйкес (24.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Мәліметтерді жасау тәртібі
6. Қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мына мәліметтер:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.01.2022 жылғы № 2 Қаулысына сәйкес (19.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.11.2023 жылғы № 89 Қаулысына сәйкес (24.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер;
Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік компаниялардың филиалдарымен және өкілдіктерімен операциялар бойынша баланстық шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер;
Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржы активтері мен пассивтеріндегі өзгерістер туралы мәліметтер;
Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланстық шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер ұсынылады.
7. Мәліметтер теңгемен жасалады.
8. Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер, Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес шетелдік компаниялардың филиалдарымен және өкілдіктерімен операциялар бойынша баланстық шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтер және Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес қаржы активтері мен пассивтеріндегі өзгерістер туралы мәліметтер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы қаңтардағы № 3 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарындағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары негізінде жасалады, оның 2-тарауының 1, 2 және 3-параграфтарының шоттары резиденттік белгілері, экономика секторы және валюталар тобы бойынша нақтыланады.
8-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.04.2021 жылғы № 37 Қаулысына сәйкес (22.02.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.01.2022 жылғы № 2 Қаулысына сәйкес (19.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Резиденттік белгісі мынадай кодтарға сәйкес көрсетіледі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.01.2022 жылғы № 2 Қаулысына сәйкес (19.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«1» коды – Қазақстан Республикасының резиденті;
«2» коды – Қазақстан Республикасының бейрезиденті.
10. Экономика секторлары мынадай кодтарға сәйкес көрсетіледі:
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.01.2022 жылғы № 2 Қаулысына сәйкес (19.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) мемлекеттік басқару органдары секторлары:
«1» коды – орталық басқару органдары;
«2» коды – жергілікті мемлекеттік басқару органдары;
2) қаржы ұйымдары секторлары:
«3» коды – орталық (ұлттық) банктер;
«4» коды – басқа депозиттік ұйымдар;
«5» коды – басқа қаржы ұйымдары;
3) қаржылық емес ұйымдар секторлары:
«6» коды – мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар;
«7» коды – мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар;
4) үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар секторы: