• Мое избранное
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 29.03.2019 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 256 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 тамызда № 17306 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 29 наурыздан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2019 жылғы № 108 Бұйрығына сәйкес
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:  
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары бекітілсін.  
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.  
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;  
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.  
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
 ________ Д. Абаев
2018 жылғы 25 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
 _______________Б. Сұлтанов
2018 жылғы «___»____________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________Т. Сүлейменов
2018 жылғы «___»____________
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 15 маусымдағы
№ 256 бұйрығына
1-қосымша
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тауар өндірушілер), асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға жергілікті бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаражат және іс-шаралар есебінен және шегінде бюджеттік субсидиялар (бұдан әрі – субсидиялар) беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аналық бас – табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын, жыныстық жағынан жетілген (мал шаруашылығы бойынша: асыл тұқымды жануарлар – 13 айдан бастап, тауарлық жануарлар – 18 айдан бастап, қой шаруашылығы бойынша – 12 айдан бастап, марал шаруашылығы (бұғы шаруашылығы) бойынша – 24 айдан бастап, шошқа шаруашылығы бойынша – 8 айдан бастап) жануарлардың ұрғашы дарақтарының басы;
2) арнайы шот – шарт талаптарын қамтамасыз ету үшін субсидиялар сомалары аударылатын қаржы институтындағы/екінші деңгейдегі банктегі тауар өндірушінің шоты;  
3) бұқашықтарды өсіріп жетілдіру жөніндегі шаруашылық – тұқымдық түрлендіру нәтижесінде алынған бұқашықтарды сатып алуды, оларды өсіріп жетілдіруді жүзеге асыратын және бұқашықтарды қорытынды бордақылау үшін сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына өткізетін шаруашылық;
4) етті мал шаруашылығындағы оператор – сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын, асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды тауарлық және қоғамдық табындарға жалға беруді жүзеге асыратын, сондай-ақ одан әрі бордақылау үшін бұқашықтарды сатып алуды жүзеге асыратын бордақылау алаңы;  
5) қоғамдық табын – жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған ірі қара мал табыны;
6) қой шаруашылығындағы оператор – саулық басы 3000 бастан басталатын, тауарлық отарларға асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды жалға беруді жүзеге асыратын, сондай-ақ одан әрі бордақылау үшін еркек тоқтыларды сатып алуды жүзеге асыратын шаруашылық;  
7) мал бордақылау жөніндегі көрсетілетін қызметтер – бордақылау алаңы меншігінде бордақылауға арналған бұқашықтары бар заңды тұлғаларға көрсететін мал бордақылау жөніндегі ақылы қызмет;  
8) сатып алынған асыл тұқымды және таза тұқымды жануарларды мақсатты пайдалану – сатып алынған және субсидияланған жануарларды осы Қағидаларда көрсетілген талаптар мен мерзімдерде өсімін молайту мақсатында пайдалану;  
9) тауарлық табын/отар – ірі қара малдың/қойдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді жүзеге асыратын шаруашылықтың немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің мал басынан қалыптастырылған ірі қара мал табыны/қой отары;  
10) тұқымдық түрлендіру – өсімін молайтуда асыл тұқымды тұқымдық жануарларды пайдалану жолымен аналық бастың тұқымдық және өнімділік сапаларын жақсарту;  
11) шағылыстыру маусымы – ауыл шаруашылығы жануарларының өсімін молайту кезеңі;
12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
3. Субсидиялауға жататын бағыттар:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға:
ірі қара малдың, қойлардың, шошқалардың, маралдардың (бұғылардың) аналық басымен, сондай-ақ балараның ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізуге жұмсалған шығындарды арзандату;
отандық және шетелдік шаруашылықтардан асыл тұқымды немесе таза тұқымды ірі қара малдың аналық басын, етті бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын, асыл тұқымды тұқымдық қошқарларын, өнімдік бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырларын, асыл тұқымды тұқымдық түйелерін, асыл тұқымды және таза тұқымды шошқалардың аналық басын, асыл тұқымды ешкілердің аналық басын сатып алуға жұмсалған шығындарды арзандату;  
отандық және шетелдік шаруашылықтардан құстардың етті бағыттағы ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын сатып алуға жұмсалған шығындарды арзандату;
республикалық палаталарда тіркелген құс фабрикаларында алынған құстардың жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын сатып алуға жұмсалған шығындарды арзандату;
оператордың тауарлық табынның/отардың өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын/асыл тұқымды тұқымдық қошқарларын күтіп-бағуға жұмсалған шығындарын арзандату;  
жеке және заңды тұлғалардың қоғамдық табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-бағуға жұмсалған шығындарын арзандату;  
сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының сатып алынған бір жынысты немесе қос жынысты ұрығының құнын арзандату;
асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықтардың шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларының ұрығымен ірі қара малдың аналық басын, сондай-ақ қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерін субсидиялау;  
эмбриондарды телу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау;
2) мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiм сапасын арттыруға:
сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген бұқашықтардың құнын арзандату;
сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарының бұқашықтарды бордақылауы кезіндегі шығындарды арзандату;
ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорындардың сиыр етін дайындау құнын арзандату;
өткізілген қозылар құнын арзандату;  
құс етiн (бройлер тауығының етін, күркетауық, суда жүзетін құс етін), тағамдық жұмыртқа (тауық жұмыртқасы), сүт (сиырдың, биенің, түйенің сүті), биязы және жартылай биязы жүн өндіру құнын арзандату;