Bestprofi Logo

Бұйрық № 310 от 2018-07-17г./Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

«Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 09.06.2020 г.

Документ на казахском языке

«Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 17 шілдедегі № 310 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 22 тамызда № 17303 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 9 маусымнан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 жылғы № 181 Бұйрығына сәйкес 

1. «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11223 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жеке шот – субсидиялауға арналған өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тізілімдегі жазбалар жиынтығы;

2) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес облыстың (бұдан әрі – облыстық басқарма), республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының Ауыл шаруашылығы басқармасы немесе астананың Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы (бұдан әрі – қалалық басқарма) айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және меншік иесі ретінде оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;

3) отандық тыңайтқыштарды өндiрушi (бұдан әрi – тыңайтқыштарды өндіруші) – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, Қазақстан Республикасында тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) өндiрудi жүзеге асыратын және оларды тіркеген жеке немесе заңды тұлға;

4) өтінім – толық құнымен сатып алған тыңайтқыштар үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің (бұдан әрі – ауылшартауарынөндіруші) немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің (бұдан әрі – ауылшаркооперативі) субсидиялар алуына арналған электрондық өтiнiм;

5) өтпелі өтінім – ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) арзандатылған құнмен сатып алатын тыңайтқыштар үшін тыңайтқыш өндірушінің субсидиялар алуына арналған электрондық өтiнiм;

6) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

7) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – субсидия алуға арналған өтінімді (өтпелі өтінімді) тіркеуге, сондай-ақ өтінімді (өтпелі өтінімді) субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оларды өңдеуге мүмкіндік беретін, субсидиялау процестерін орындау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;

8) танаптың электрондық картасы – бұрылыс нүктелерінің координаталарын, соңғы екі жылдағы ауыспалы егіс туралы ақпаратты және жерді қашықтықтан зондтау спутниктерінен алынған мәліметтерді қамтитын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінде орналасқан танап туралы ақпарат;

9) тыңайтқыштарды жеткізуші – шетелдік өндіріс тыңайтқыштарын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) өткізуді жүзеге асыратын, оларды тіркеген жеке немесе заңды тұлға;

10) тыңайтқыштарды сатушы – тыңайтқыштарды өндіруші, тыңайтқыштарды жеткізуші немесе шетелдік тыңайтқыштарды өндіруші;

11) тыңайтқыштардың ең төменгі нарықтық құны – тыңайтқыштарға субсидия номаларын белгілеу үшін олардың бағаларына талдау жүргізу жолымен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы айқындайтын, тиісті жылға арналған тиісті тыңайтқыш түрлері бойынша қалыптасқан тыңайтқыштардың ең төмен нарықтық құны;

12) шетелдiк тыңайтқыштарды өндiрушi – шетелдік өндіріс тыңайтқыштарын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) тіркеген Қазақстан Республикасының бейрезиденті;

13) электрондық агрохимиялық картограмма – танап топырағының өсімдіктер үшін сіңімді қоректік элементтермен – қарашірікпен, макро және микроэлементтермен қамтамасыз етілуі дәрежесін түсті бейнеде көрсететін, топырақты агрохимиялық зерттеп-қарау жөніндегі мамандандырылған (аккредиттелген) зертхана берген картографиялық ақпарат;

14) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

3. Тыңайтқыштарды өндірушілер, жеткізушілер және шетелдік өндірушілер және олар өндіретін (өткізетін) өнімдер тізбесін (бұдан әрі – жеткізушілер тізбесі) инвестициялар және даму саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) және облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына кейінгі жылға өткен жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей және тиісті жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей бередi. Бұл ретте жеткізушілер тізбесі алынғаннан кейін оны Министрлік үш жұмыс күні ішінде Министрліктің ресми интернет-ресурсында, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тиісті ресми интернет-ресурсында және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде орналастырады.

4. Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялар нормалары (бұдан әрі – тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормалары) екі данада жасалады және облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен Министрлікке мақұлдауға тиісті жылдың 15 қарашасынан кешіктірілмей беріледі.

Бұл ретте, тиісті тыңайтқыш түрлеріне қалыптасқан нарықтық бағаларды растайтын құжаттарды, сондай-ақ субсидиялауға жататын тыңайтқыш түрлерінің көлемдері бойынша есептемелерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы кейінгі жылға өткен жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей Министрлікке береді.

Оң шешім шығарған жағдайда, Министрлік субсидиялар нормаларының бір данасын тиісті ілеспе хатпен тиісті жылдың 25 қарашасынан кешіктірмей кері қайтарады. Теріс шешім шығарған жағдайда, Министрлік субсидиялар нормаларының екі данасын да уәжді негіздемесі бар хатпен тиісті жылдың 25 қарашасынан кешіктірмей пысықтауға жолдайды.

Пысықталған субсидиялар нормалары екі данада облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің, ол болмаған жағдайда,

оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен тиісті жылдың 30 қарашасынан кешіктірілмей Министрлікке қайта мақұлдауға беріледі.

Министрлік мақұлданған субсидиялар нормаларының бір данасын тиісті ілеспе хатпен тиісті жылдың 7 желтоқсанынан кешіктірмей кері қайтарады.

Субсидиялар нормалары облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қаулысымен жыл сайын, тиісті жылдың 14 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы субсидиялар нормалары мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде тиісті интернет-ресурста және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде орналастырады.

5. Облыстық басқарма (қалалық басқарма) тыңайтқыштар құнын субсидиялау жөніндегі айларға бөлінген жеке қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны тиісті интернет-ресурста және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде орналастырады.»;

«7. Субсидиялар мынадай талаптар сақталған жағдайда төленеді:

1) ауылшартауарынөндірушінің немесе ауылшаркооперативінің осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін бойынша субсидиялар алуға арналған өтiнiмді:

қағаз түрінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

не электрондық түрде «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы беруі.

Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) тыңайтқышты шарт негізінде тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құнмен сатып алған жағдайда, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзіне тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтiнiмді:

қағаз түрінде Мемлекеттік корпорацияға;

не электрондық түрде «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы береді.

Мұндай жағдайда, субсидиялар тыңайтқыштарды өндірушіге тыңайтқыштарды өндіруші өтпелі өтінімге күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей нақты сатылған тыңайтқыштар жөнінде мәліметтер енгізген жағдайда, осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес төленеді.

Форс-мажорлық мән-жайлар пайда болған (көктемгі дала жұмыстарын жүргізу кезінде тыңайтқыштарға жаппай өтінімдер түскен кезде өндіріс қуаттылықтардың болмауы, вагондық емес партияларды жеткізудің мүмкін болмауы) жағдайда тыңайтқыштарды өндірушінің нақты сатылған тыңайтқыштар жөнінде мәліметтер енгізуі мерзімі өтпелі өтінімге тиісті себептерді міндетті түрде көрсете отырып, күнтізбелік он күнге созылады.

Тыңайтқыштарды өндірушілер өтпелі өтінімге нақты сатылған тыңайтқыштар жөніндегі мәліметтерді белгіленген мерзімде енгізбеген жағдайда, ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) өтпелі өтінімді қайта беруге құқылы.

Бұл ретте, субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде осы Қағидалардың 7-тармағы 1) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде белгіленген мерзімде тыңайтқыштар өткізілмеген ауылшартауарынөндірушілердің (ауылшаркооперативтерінің) тізімі қалыптастырылады.

Өтінімді (өтпелі өтінімді) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ақпараттық жүйесінде Мемлекеттік корпорацияның операторы қалыптастырады және өзінің ЭЦҚ-сын қояды. Бұдан әрі өтінім (өтпелі өтінім) субсидиялаудың ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы облыстық басқармаға (қалалық басқармаға) қайта жіберіледі. Бұл ретте ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) жеке шоты субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде уақытша ашылады. Бұл ретте ауылшартауарынөндірушіге (ауылшаркооперативіне) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде шартты жеке шот ашылады;

2) ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) берген өтiнiмді (өтпелі өтінімді) тіркеу.

Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) жұмыс істеп тұрған жеке шоты болған жағдайда, ол субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өтiнiмді (өтпелі өтінімді) өздігінен тіркеуді жүзеге асыруға құқылы, бұл жағдайда өтiнiм (өтпелі өтінім) беру қажет етілмейді және ол осындай тіркелген сәттен бастап берілген деп есептеледі;

3) ауылшартауарынөндірушіде (ауылшаркооперативінде) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің «Заңды тұлғалар» немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорларымен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталған жеке шотының болуы. Бұл ретте өтпелі өтінім үшін субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тыңайтқыштар өндірушінің жеке шотының болуы қажет;

4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жүйесінің өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) сатып алған тыңайтқыштарға жұмсалған шығындарды растау;

Бұл ретте өтінім берілген тыңайтқыштарға субсидия алу үшін электрондық шот-фактураларды кері қайтарып алуға, жоюға және түзетуге жол берілмейді.

Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдаланбайтын шетелдік тыңайтқыш өндірушіден тыңайтқыштарды тікелей сатып алған кезде, тыңайтқыштарды сатып алуға жұмсалған шығындар жүк кедендік декларацияның мәліметтерін ресми мәлімдеумен (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден тыңайтқыш сатып алған ауылшартауарынөндіруші немесе ауылшаркооперативі үшін) немесе тауардың Еуразиялық экономикалық одақтан әкелінгенін растайтын мемлекеттік кірістер органы берген құжаттың мәліметтерімен расталады;

5) ауылшартауарынөндірушіде (ауылшаркооперативінде) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiмен және «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқорымен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталған, тиісті алаңда жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание