• Мое избранное
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды кіріс ету қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды кіріс ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 137 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 тамызда № 17313 болып тіркелді

Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.04.2020 жылғы № 54 Қаулысына сәйкес  
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері есептілігінің тізбесі;
  • 1
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есеп;
  • 1
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша мәліметтер туралы есеп;
  • 1
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шартты активтер мен шартты міндеттемелер туралы есеп;
  • 1
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкаралық активтер және міндеттемелер бойынша есеп, сондай-ақ шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер;
  • 1
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есеп;
  • 1
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктің, сондай-ақ ислам банкінің басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялары туралы есеп;
  • 1
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша активтердің және шартты міндеттемелердің, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтердің (провизиялардың) құрылымы туралы есеп;
  • 1
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыздар, оның ішінде егжей-тегжейлі көрсетілген негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтер (провизиялар) мөлшері туралы есеп;
10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен есепті ай ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күнге қолданылатын мәмілелер туралы есеп;
  • 1
11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша репо, кері репо операциялары туралы есеп;
  • 1
12) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтеуге дейін қалған төлем мерзімі туралы есеп;
  • 1
13) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есеп;
14) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің есептілікті ұсыну қағидалары.
2. Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есепті электрондық форматта мына мерзімдерде ұсынады:
күн сайынғы есеп – есепті күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей (ай сайынғы есеппен бір мезгілде ұсынылатын айдың алғашқы есепті күндеріндегі есептерді қоспағанда);
ай сайынғы есеп – есепті айдың соңғы күнінен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей.
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері ай сайын электрондық форматта осы қаулының 1-тармағының 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 11) және 12) тармақшаларында көзделген есептерді есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей; осы қаулының 1-тармағының 10) тармақшасында көзделген есептілікті есепті айдан кейінгі айдың он бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері ай сайын электрондық форматта осы қаулының 1-тармағының 13) тармақшасында көзделген есепті есепті айдан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей ұсынады.
Есепті айда күнтізбелік тоқсан аяқталған кезде осы қаулының 1-тармағының 13) тармақшасында көзделген есеп аяқталған тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.
Келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері (оның ішінде қорытынды айналымды жасамаған банктер) осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 11) және 12) тармақшаларында көзделген ай сайынғы есептілікті (банкішілік операциялар бойынша қорытынды айналымдарды есепке ала отырып) желтоқсан айына қосымша ұсынады.
3. Осы қаулының 15-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4. Зерттеулер және статистика департаменті (Тутушкин В.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  • 1
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберсін;
  • 1
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында және осы қаулының 5-тармағында көзделген іс-шараларды орындау туралы ақпарат беру.
  • 1
5. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.
7. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрлігінің  
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов _____________
2018 жылғы «10» тамыз
  • 1
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 маусымдағы
№ 137 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері есептілігінің тізбесі
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің есептілігіне мыналар кіреді:
1) екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есеп;
2) қосымша мәліметтер туралы есеп;
3) шартты активтер мен шартты міндеттемелер туралы есеп;
4) банкаралық активтер және міндеттемелер бойынша есеп, сондай-ақ шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер;
5) бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есеп;
6) банктің, сондай-ақ ислам банкінің басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялары туралы есеп;
7) активтердің және шартты міндеттемелердің, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтердің (провизиялардың) құрылымы туралы есеп;
8) қарыздар, оның ішінде егжей-тегжейлі көрсетілген негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтер (провизиялар) мөлшері туралы есеп;
9) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен есепті ай ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күнге қолданылатын мәмілелер туралы есеп;
10) репо, кері репо операциялары туралы есеп;
11) өтеуге дейін қалған төлем мерзімі туралы есеп;
12) тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есеп.