Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы
Редакция 31.12.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де ұйымдар (келісім бойынша) Бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.
5. "Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту және "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбір шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 113 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 9-10, 58-құжат) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Мемлекеттік бағдарлама өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.01.2020 жылғы № 1 Қаулысымен (12.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) Бүкіл мәтін бойынша «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының», «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ деген сөздер «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының», «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ деген сөздермен ауыстырылады ҚР Үкіметінің 31.12.2020 жылғы № 952 Қаулысына сәйкес (28.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)
1. Паспорт
Атауы |
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) |
Әзірлеу үшін негіз |
Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабының 1) тармақшасы; |
Орындауға жауапты |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
Іске асыруға жауаптылар |
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісу бойынша), облыстардың, Нұр-Cұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері; |
Басты мақсаты |
Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру үшін АӨК-дегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімін 5 жыл ішінде 2017 жылмен салыстырғанда кемінде 2,5 есе ұлғайту. |
Міндеттер |
1) Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету; |
Іске асыру мерзімі |
2017 – 2021 жылдар |
Нысаналы индикаторлар |
2021 жылы мынадай көрсеткіштерге қол жеткізу: 1) 2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі индексі (2017 жылы – 112 %, 2018 жылы – 118 %, 2019 жылы – 196 %, 2020 жылы – 228 %, 2021 жылы – 267 %); 2) 2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің (көрсетілетін қызметтерінің) нақты көлем индексі (2017 жылы – 108 %, 2018 жылы – 113 %, 2019 жылы – 154,2 %, 2020 жылы – 170,5 %, 2021 жылы – 190,2 %); 3) 2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі (2017 жылы – 159 %, 2018 жылы – 185 %, 2019 жылы – 304 %, 2020 жылы – 395,3 %, 2021 жылы – 516 %); 4) 2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда тамақ өнімдері өндірісіндегі негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі (2017 жылы – 102 %, 2018 жылы – 122 %, 2019 жылы – 185,2 %, 2020 жылы – 204,5 %, 2021 жылы – 221,9 %); 5) азық-түлік тауарлары импортының көлемі (2017 жылы – 2 466 млн. АҚШ доллары, 2018 жылы – 2 377 млн. АҚШ доллары, 2019 жылы – 2 288 млн. АҚШ доллары, 2020 жылы – 2 196 млн. АҚШ доллары, 2021 жылы – 2 105 млн. АҚШ доллары); 6) өнеркәсіпте қайталама және айналымды сумен жабдықтау жүйелеріндегі су көлемі: қайталама (2017 жылы – 0,7 км3, 2018 жылы – 0,71 км3, 2019 жылы – 0,73 км3, 2020 жылы – 0,75 км3, 2021 жылы – 0,77 км3); айналымды (2017 жылы – 7,33 км3, 2018 жылы – 7,38 км3, 2019 жылы – 7,46 км3, 2020 жылы – 7,54 км3, 2021 жылы – 7,62 км3); 7) өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі (2017 жылы – 1 081,0 млн. АҚШ доллары, 2018 жылы – 1 150,0 млн. АҚШ доллары, 2019 жылы – 1 270,0 млн. АҚШ доллары, 2020 жылы – 1 650,0 млн. АҚШ доллары, 2021 жылы – 2 400,0 млн. АҚШ доллары); 8) суаруға арналған су шығысы (2017 жылы – 8 608 текше м/га, 2018 жылы – 8 223 текше м/га, 2019 жылы – 7 873 текше м/га, 2020 жылы – 7 548 текше м/га, 2021 жылы – 7 348 текше м/га); |
Қаржыландыру көздері мен көлемі |
Мемлекеттік бағдарламаны 2017 – 2021 жылдары іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген жалпы шығыстар барлығы 2 947,1 млрд. теңгені (РБ – 1 829,5 млрд. теңге*, ЖБ – 849,9 млрд. теңге*, басқа көздер – 267,8 млрд. теңге) құрайды, оның ішінде: 2017 жылы: барлығы – 372,7 млрд. теңге; РБ – 232,5 млрд. теңге; ЖБ –140,2 млрд. теңге; 2018 жылы: барлығы – 454,4 млрд. теңге; РБ – 262 млрд. теңге; ЖБ – 150,1 млрд. теңге; басқа көздер – 42,3 млрд. теңге; 2019 жылы: барлығы – 507,6 млрд. теңге; РБ – 2 90,6 млрд. теңге; ЖБ – 156,7 млрд. теңге; басқа көздер – 60,2 млрд. теңге; 2020 жылы: барлығы – 745,6 млрд. теңге; РБ – 468,4 млрд. теңге; ЖБ – 200,6 млрд. теңге; басқа көздер – 76,5 млрд. теңге; 2021 жылы: барлығы – 866,8 млрд. теңге; РБ – 576,0 млрд. теңге; ЖБ – 202,1 млрд. теңге; басқа көздер – 88,6 млрд. теңге |
* сомалар инвестициялық бағдарламалар, АӨК-мен аралас кіші бағдарламалар және өңірлердегі АӨК-ні дамыту бағдарламалары негізінде тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджетке сәйкес нақтыланатын болады
** Мемлекеттік бағдарламаның нәтижелер көрсеткіштерін орындау тиісті қаржы жылдарына арналған қаржыландыру көлемдерінен айқындалатын болады.
2. Кіріспе
Агроөнеркәсіптік кешендегі елдің азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыру арқылы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысатын экономиканың маңызды секторының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) АӨК одан әрі даму перспективасы бар: өткізу нарықтары, егістіктер, суармалы егіншілікті дамыту перспективасы бар, май, ет секторларының экспорттық позициялары күшеюде, ал астық пен ұн бойынша Қазақстан аса қысқа мерзімде әлемдегі ең ірі экспорттаушы елдердің қатарына кірді.
2-бөлімнің екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 05.01.2020 жылғы № 1 Қаулысына сәйкес (12.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) және Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі – ДСҰ) мүшелігі мүмкіндіктер ашады және сонымен бірге ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да бәсекеге қабілеттілікке жоғары талаптар қояды. Осыған байланысты АӨК-ні мемлекеттік реттеудің рөлі аса маңызды.
Тәуелсіздік кезеңінде тоғыз бағдарламалық құжат әзірленді, олардың негізінде АӨК саласындағы мемлекеттік саясат іске асырылды: 1991 – 1995 жылдарға және 2000 жылға дейінгі кезеңге арналған "Ауыл" әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы, Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 1993 – 1995 жылдарға және 2000 жылға дейiнгi кезеңге арналған тұжырымдамалық бағдарламасы, Ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудың 2000 – 2002 жылдарға арналған бағдарламасы, 2003 – 2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы, Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Агроөнеркәсіптік кешенді орнықты дамытудың 2006 – 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамытудың 2006 – 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар бағдарламасы, Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасы және Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі "Агробизнес-2017" бағдарламасы.
Осы Мемлекеттік бағдарлама:
1) Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген мемлекеттік секторда менеджменттің заманауи құралдарын және корпоративтік басқарудың қағидаттарын енгізу қажеттігі туралы тапсырмасына;
2) Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 қыркүйектегі кеңейтілген отырысында берілген Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу қажеттігі туралы тапсырмасына;
3) "100 нақты қадам" Ұлт жоспарында және "Қазақстан-2050" стратегиясында белгіленген Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық мақсаттарына;
4) Қазақстан Республикасын дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына;
5) Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес әзірленді.
Осылайша, осы Мемлекеттік бағдарлама агроөнеркәсіптік кешеніндегі еңбек өнімділігін арттыруға және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтуға бағытталған.
Мемлекеттік бағдарлама Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың "Агробизнес-2017" бағдарламасы мен Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасын интеграциялау негізінде әзірленді.
Мақсаттарға, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштеріне Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (осы Мемлекеттік бағдарламаға 1-қосымша) іске асыру жолымен қол жеткізілетін болады.
3. Ағымдағы ахуалды талдау
Ауыл шаруашылығында елдің жалпы ішкі өнімінің (бұдан әрі – ЖІӨ) шамамен 5 %-ы жасалады.
2015 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 3,3 трлн. теңгені, 2016 жылы 3,7 трлн. теңгені, 2017 жылы 4,1 трлн. теңгені құрады, бұл нақты мәнде 2015 жылдың деңгейінен 23,1 %-ға төмен.
1-диаграмма. Жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің серпіні, млрд. теңге
АӨК саласын SWOT талдау
Күшті жақтары |
Әлсіз жақтары |
Қазақстан аумағы бойынша әлемде тоғызыншы орынды иеленеді; |
елдің ЖІӨ-сіндегі ауыл шаруашылығы өнімдері үлесінің төмендігі (4,8 %); |
Мүмкіндіктер |
Қауіп-қатерлер |
ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлері бойынша өндіріс көлемін ұлғайту; |
ауа райы жағдайының тұрақсыздығы, табиғи-климаттық жағдайдың қолайсыз өзгеруі, су ресурстары көлемінің тапшылығы; |
3.1. Азық-түлік қауіпсіздігі
ҚР-ның азық-түлік қауіпсіздігі еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және мықты мемлекетті қалыптастырудың, оның ұзақ мерзімді табысты дамуы мен экономикалық өсімінің басты шарттарының бірі болып табылады.
Ұлттық қауіпсіздікті заңнамалық деңгейде қамтамасыз ету үшін азық-түлік қауіпсіздігінің қажеттілігі "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы ҚР Заңында бекітіліп берілген.
ҚР Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауында жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер ҚР үшін ХХІ ғасырдың он ғаламдық сынының бірі ретінде белгіленген.
ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі отырысында Президент азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің ең маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылатынын атап өтті.
Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі жаһандану процестерінің дамуы - Қазақстанның ЕАЭО мен ДСҰ-ға кіруі жағдайында ерекше өзекті болып отыр.
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі ҚР Заңына сәйкес азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өлшемшарттары мыналар болып табылады:
1) азық-түлік тауарларының физикалық қолжетімділігі;
2) азық-түлік тауарларының экономикалық қолжетімділігі;
3) тамақ өнімдері қауіпсіздігінің кепілдігі.
Азық-түлік тауарларының физикалық қолжетімділігі
Азық-түлік тауарларының физикалық қолжетімділігі – республиканың барлық аумағында азық-түлік тауарларының уақыттың әр сәтінде және халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті көлемде болуы.
Өсімдік шаруашылығы. 2015 жылы жалпы өсімдік шаруашылығы өнімдерінің көлемі 1,8 трлн. теңгені құрады, бұл нақты мәнде 2011 жылдың деңгейінен 5,8 %-ға төмен. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы құрылымындағы саланың үлесі 55,2 %-ды құрады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |