• Мое избранное
"Байланыс саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 531 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"
Внимание! Документ утратил силу с 30.01.2019 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Байланыс саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 531 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 429 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 қаңтарда № 16218 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 30 қаңтардан бастап ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 27.12.2018 жылғы № 549 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Байланыс саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 531 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11380 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мыналар:
1) «көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі»;
5- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.»;
3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым Министрліктің www.miс.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі 8, 14- кіреберіс, 8 (7172) 74-03-64 телефоны бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағымдар жұмыс күндері жазбаша нысанда поштамен, портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымды қабылдаған тұлғаның тегін және аты-жөнінің бірінші әріптерін, берілген шағымға жауапты алу мерзімін және орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінде» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өндеу барысында жаңартылады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекен-жайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымда:
жеке тұлғаның – оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекен-жайы көрсетіледі;
заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен мерзімі көрсетіледі.
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.»;
4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электронды нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) www.miс.gov.kz – Министрліктің интернет-ресурсында;
2) порталда орналастырылған.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің www.miс.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.»;
3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мыналар:
3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация);
4) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: