• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 11.11.2023 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ұлттық ғылыми кеңестер туралы" 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 және "Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы" 2011 жылғы 12 шілдедегі № 785 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 шілдедегі № 407 қаулысы

Осы Қаулы 2023 жылғы 11 қарашадан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.10.2023 жылғы № 950 Қаулысына сәйкес 
Редакция 08.09.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Ұлттық ғылыми кеңестер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 468-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесінде:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) "Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.";
2) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.08.2023 жылғы № 716 Қаулысына сәйкес (04.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев