Bestprofi Logo

Қаулы № 531 от 2018-08-28г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

"Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 27.03.2020 г.

Документ на казахском языке

"Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 531 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.03.2020 жылғы № 142 Қаулысына сәйкес  

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

"3-3) акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Астана халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамы 2013 – 2022 жылдардың қорытындылары бойынша таза кірісінің 5 (бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер төлеуге жұмсайды;";

"2-4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен "Астана халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының 2013 – 2022 жылдардың қорытындылары бойынша алынған, мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтерді төлегеннен кейін қалған таза кірісінің бір бөлігін оның материалдық-техникалық базасын дамытуға және жетілдіруге тиімді пайдалану бойынша қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание