• Мое избранное
Тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде, Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінде және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын, сондай-ақ куәліктердің нысандарын беру, тіркеудің қолданысын тоқтату және оны жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде, Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінде және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын, сондай-ақ куәліктердің нысандарын беру, тіркеудің қолданысын тоқтату және оны жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1340 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 қыркүйекте № 17414 болып тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің м.а. 06.09.2023 жылғы № 644 Бұйрығына сәйкес (30.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 22.09.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, 4-бабының 3-тармағына, 36-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің м.а. 06.09.2023 жылғы № 644 Бұйрығына сәйкес (30.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің м.а. 06.09.2023 жылғы № 644 Бұйрығына сәйкес (30.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде, Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінде және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, тіркеудің қолданысын тоқтату және оны жарамсыз деп тану қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тауар таңбасына куәлік нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес географиялық нұсқамаларды пайдалану құқығына куәлік нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығына куәлік нысаны.
2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялануы үшін және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі М. Бекетаев
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 29 тамыздағы
№ 1340 бұйрығына
1-қосымша
Оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің м.а. 06.09.2023 жылғы № 644 Бұйрығына сәйкес (30.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде, Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінде және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, тіркеудің қолданысын тоқтату және оны жарамсыз деп тану қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Әділет министрінің м.а. 19.05.2020 жылғы № 41 Бұйрығымен (29.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Әділет министрінің 15.06.2021 жылғы № 508 Бұйрығы​мен (19.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Әділет министрінің 30.06.2021 жылғы № 550 Бұйрығымен (15.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің м.а. 30.11.2022 жылғы № 984 Бұйрығына сәйкес (30.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің м.а. 06.09.2023 жылғы № 644 Бұйрығына сәйкес (30.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде, Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінде және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, тіркеудің қолданысын тоқтату және оны жарамсыз деп тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 3-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемқызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде, Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінде және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, тіркеудің қолданысын тоқтату, оны жарамсыз деп тану тәртібін және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің м.а. 06.09.2023 жылғы № 644 Бұйрығына сәйкес (30.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
1) бюллетень – тауар белгілері мен географиялық нұсқамалар және тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау мәселелері жөніндегі ресми мерзімдік басылым;
2) ДЗМҰ – Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы;
3) жалпыға бiрдей белгiлi тауар белгісі – уәкілетті органның мүдделi тұлғалар дәлелдемелеріне негiзделген шешiмiмен жалпыға бірдей белгілі деп танылған, тауар белгісі ретiнде пайдаланылып жүрген белгiлеме немесе тауар белгісі;
4) тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі (бұдан әрi – тауар белгісі) – осы Заңға сәйкес тiркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тiркеусiз қорғалатын, бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (көрсететін қызметтерiн) басқа заңды немесе жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан (көрсететін қызметтерiнен) ажырату үшiн қызмет ететiн белгi;
5) патенттiк сенiм білдірілген өкiлдер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган мен сараптама жасау ұйымы алдында жеке және заңды тұлғалардың өкiлi болу құқығы берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары;
6) тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесі – тауар белгісіне айрықша құқыққа немесе географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалануға айрықша құқыққа ие жеке немесе заңды тұлға;
7) ТКҚХС – тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық сыныптамасы;
8) географиялық нұсқама – географиялық объектінің аумағынан шығарылатын, белгілі бір сапасы, репутациясы немесе басқа да сипаттамалары едәуір дәрежеде оның географиялық шығу тегімен байланысты тауарды сәйкестендіретін белгілеме. Осы географиялық объектінің аумағында тауардың сипаттамаларының қалыптасуына елеулі әсер ететін, оны өндірудің кем дегенде бір сатысы жүзеге асырылуға тиіс;
9) тауар шығарылған жердің атауы – елдің, елді мекеннің, жергілікті жердің немесе басқа да географиялық объектінің қазіргі немесе тарихи, ресми немесе бейресми, толық немесе қысқартылған атауын білдіретін не атауы бар, осындай атауды қамтитын немесе осындай атаудан шыққан және ерекше қасиеттері тек қана немесе негізінен осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адами факторлармен айқындалатын тауарға қатысты оны пайдалану нәтижесінде белгілі болған белгілеме. Осы географиялық объектінің аумағында тауар өндірудің тауардың ерекше қасиеттерінің қалыптасуына елеулі әсер ететін барлық сатысы жүзеге асырылуға тиіс;
10) ИНИД – библиографиялық деректерді сәйкестендіру үшін халықаралық кодтар;
11) «Электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал), нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің «ортақ терезесін» білдіретін ақпараттандыру объектісі;
12) төлемдерді электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде жүргізу туралы ақпарат беру процестерін автоматтандыратын ақпараттандыру объектісі – «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі ( бұдан әрі – ЭҮТШ);
13)  электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Көрсетілетін қызметті беруші Мемқызметтер туралы заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
Осы Қағидаларға өзгерістер немесе (және) толықтырулар енгізу кезінде, уәкілетті орган «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникацялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына, көрсетілген қызметті берушіге тиісті нормативтік құқықтық акт әділет органдарына мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.
2-тарау. Мемлекеттік тізілімінде тiркеу тәртібі
1-параграф. Тауар белгілерін тіркеу
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) тауар белгісін тіркеу туралы шешімі негізінде және тауар белгісіне куәлік беру үшін төлем жасалғанын растайтын құжатты ұсынған жағдайда, тауар белгісі бойынша реттік нөмерімен (бұдан әрі – реттік нөмірі) тіркелген күні туралы (бұдан әрі – тіркелген күні) мәліметтер тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
4. Тауар белгісін тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркеу кезінде мынадай мәліметтер енгізіледі:
1) тауар белгісінің тіркеу нөмірі мен берілген күні;
2) тауар белгісінің бейнесі;
3) ТКҚХС-ның сыныбы;
4) иеленушінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және оның тұрғылықты жерін немесе орналасқан жерін, ұжымдық тауар белгісіне қатынасын көрсету ұжымдық тауар белгісін пайдалануға құқығы бар иелердің деректері және субъектілердің тізбесі көрсетіледі;
5) өтінімнің көрсетілетін қызметті берушіге берілген күні және нөмірі;
6) тауар белгісіне тіркелген тауарлар мен қызметтердің тізімі;
7) егер Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес конвенциялық басымдық белгіленген болса, бірінші өтінімнің елі, нөмірі және берілген күні;
8) хат алмасу үшін мекенжайы;
9) өкіл туралы мәліметтер (патенттік сенім білдірілген өкіл туралы);
10) куәлікті беру туралы және ресми бюллетеньдегі нөмірі туралы мәліметтерді жариялау күні;
11) тауар белгісіне құқыққа иелік ету туралы деректерді қоса алғанда, тауар белгісін тіркеуге қатысты кейінгі өзгерістер.