Toggle Dropdown
БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
«Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларын, жазаны өтеуден бостауға негіз болып табылатын аурулар тізбесін, ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 20 тамыздағы № 574 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 қыркүйекте № 17421 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 07.07.2022 жылғы № 562 Бұйрығына сәйкес (өзгерту қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 жылғы 1 шілдеден бастап, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларын, жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесін, ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 9762 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру қағидасы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық- атқару жүйесі комитеті (А.Х. Базылбеков) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдауды;
4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (А.Х.Базылбеков) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 9 тамыздағы № 574 бұйрығына 1- қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығына 1- қосымша
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау және санитарлық саулығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленген және қылмыстық-атқару жүйесінің (бұдан әрі - ҚАЖ) тергеу изоляторларында (бұдан әрі - ТИ) ұсталатын қылмыс жасауда күдіктілер мен айыпталушыларға (бұдан әрі - күдіктілер және айыпталушылар), сондай-ақ ҚАЖ түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдарға (бұдан әрі - сотталғандар) туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастырумен байланысты мәселелерді реттейді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) дәріге сезімталдық тесті (бұдан әрі - ДСТ) - туберкулез микобактерияларының туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілерге (бұдан әрі -ТҚД) сезімталдық спектрын анықтау;
2) егу – туберкулез микобактерия дақылдарын қоректік ортада патологиялық материалдан бөліп алу әдісі (тығыз және сұйық);
3) жалғастыру кезеңі – терапияны жалғастыру кезеңі, ол сақталған микобактериалды таралымға кедергі жасайды, қабыну өзгерістерінің және туберкулез барысы инволюциясының одан әрі азаюын, сондай-ақ науқастың ағзасындағы функционалды мүмкіндіктерін қалпына келтіруді қамтамасыз етеді;
4) кең көлемде дәрілік тұрақтылығы бар туберкулез (бұдан әрі - ККДТ ТБ) – штаммдары рифампицинге төзімді туберкулез микобактерияларымен қозатын туберкулез;
5) кең көлемді дәрілерге тұрақтылығы бар туберкулез (бұдан әрі - ККДТ ТБ) – бұл штаммдары кем дегенде изониазид пен рифампицинге, сондай-ақ фторхинолондардың біріне және екінші қатардағы үш инъекциялық препараттың біріне (капреомицин, канамицин немесе амикацинге) төзімді туберкулез микобактерияларымен қозатын туберкулез;
6) ҚАЖ туберкулезге қарсы ауруханалары – туберкулезбен ауыратын сотталғандарға медициналық көмек көрсетуге арналған мекемелер.
7) қарқынды кезең – аурудың клиникалық көріністерін жоюға және туберкулез микобактерияларының таралуына барынша әсер етуге бағытталған (қақырық жағындысының конверсиясы және дәріге төзімді штаммаларды жою) терапияның бастапқы кезеңі;
8) микроскопиялық зерттеу – қышқылға төзімді бактерияларды бекітілген жағындыларда анықтау әдісі.
9) молекулалық-генетикалық әдіс (бұдан әрі - МГ) – туберкулезді және ККДТ ТБ-ны анықтаудың полимеразды тізбекті реакциясы негізінде жеделдетілген әдістері;
10) полирезистентті туберкулез (бұдан әрі – ПР ТБ) – КДТ ТБ және ККДТ ТБ-ден өзгеше, штаммдары екі және одан да көп дәрілерге көнбейтін туберкулез микобактериялары қоздыратын туберкулез;
11) туберкулез науқасында қақырық жағындысының конверсиясы - ем барысында қарқынды фаза аяқталғаннан кейін кемінде екі жүйелі теріс микроскопиялармен дәлелденген қышқылға төзімді бактерияларының жойылуы;
2-тарау. Туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру тәртібі
3. Қылмыстық-атқару жүйесінде туберкулезбен ауыратындарды емдеу жүзеге асады:
1) туберкулезге қарсы ауруханаларда;
2) ТИ, толық қауіпсіз мекемелерде, әйелдерді ұстауға арналған мекемелерде, кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған, сот, құқық қорғау және арнаулы органдардың бұрыңғы қызметкерлеріне арналған орташа қауіпсіз мекемелерде, төтенше қауіпсіз мекемелерде туберкулезбен ауыратындарды ұстауға және емдеуге арналған оқшауланған учаскелер жатады (бұдан әрі – туберкулезбен ауыратындарды емдеуге арналған оқшаулаған учаскелер).
4. ҚАЖ мекемелерінде туберкулезге қарсы іс-шараларға:
1) туберкулезге күдікті адамдарды уақтылы анықтау;
2) туберкулез жағдайының, туберкулездің дәріге төзімді түрлерінің, туберкулездің коинфекциясын және адамның иммунді тапшылық вирусын (бұдан әрі - АИТВ-инфекциясы) диагностикалау;
3) туберкулез жағдайларын тіркеу және стандарттық жіктеу;
4) туберкулезбен ауыратын науқастарды бактерия шығарушылығына және ДСТ-ке байланысты бөлек ұстау және оқшаулау;
5) сезімталдық деректерін ескере отырып, науқастарды үздіксіз емдеу;
6) Қазақстан Республикасы денсаулық сақтаудың жалпы қабылданған стандарттарына сәйкес туберкулезге қарсы препараттармен (емделуге жататындарды 100% қамту) ТҚП-ға жағымсыз реакцияны алу үшін дәрілермен үздіксіз қамтамасыз ету;
7) туберкулезбен науқастарға диспансерлік бақылау;
8) АИТВ жұқтырғандарға туберкулездің химияпрофилактикасы;
9) туберкулез мәселелері бойынша санитарлық ағарту;
10) стандартты медициналық құжаттамалар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6697 болып тіркелген);
11) туберкулезбен ауыратындардың тіркелуін Ұлттық тізімін жүргізу (бұдан әрі - ТАҰТ);
11) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес туберкулезді инфекциялық бақылау шараларын сақтау бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын талаптарды орындау;
12) туберкулезбен ауыратындардың босатылатындары туралы ақпаратты жүйесінің денсаулық сақтау туберкулезге қарсы ұйымдарына (бұдан әрі - ТҚҰ), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің (бұдан әрі - ҚДСК) аумақтық органдарына және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметтерінің бөліністеріне беру;