Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шiлдедегi № 159 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 қыркүйекте № 17391 болып тіркелді
Редакция 28.01.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы тізбе (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Зерттеулер және статистика департаменті (Тутушкин В.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті Төрағасының м.а.
_____________________ Қ. Орынханов
2018 жылғы 18 қыркүйек
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 30 шілдедегі
№ 159 қаулысына
қосымша
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының есептілікті ұсыну мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2. «Екiншi деңгейдегi банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11162 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есеп Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген активтердің талдамасы туралы есеп Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің талдамасы туралы есеп Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген туынды қаржы құралдары бойынша шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің талдамасы туралы есеп Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Айрықша пайыздық тәуекелді есептеудің (валюталар бөлігінде) талдамасы туралы есеп Тізбеге 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Уақыт аралықтары бойынша ашық позицияларды бөлу (валюталар бөлігінде) туралы есеп Тізбеге 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жалпы пайыздық тәуекелді есептеудің (валюталар бөлігінде) талдамасы туралы есеп Тізбеге 8-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің (қарыз алушылар бөлігінде) ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есеп Тізбеге 9-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша k4 ағымдағы өтімділік коэффициентінің талдамасы туралы есеп Тізбеге 10-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша k4-1, k4-2, k4-3 мерзімді өтімділік коэффициенттерінің талдамасы туралы есеп Тізбеге 11-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша k4-4, k4-5, k4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерінің талдамасы туралы есеп Тізбеге 12-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Аптаның (айдың) әрбір жұмыс күні үшін әрбір шетел валютасы бойынша валюталық позициялар және валюталық нетто-позиция туралы есеп Тізбеге 13-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ішкі активтердің, ішкі және өзге міндеттемелердің орташа айлық шамасын, қаражат бөлігін ішкі активтерге орналастыру коэффициентін есептеу туралы есеп Тізбеге 14-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Банктерді Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелерге капиталдандыру коэффициенттерінің талдамасы туралы есеп Тізбеге 15-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Секьюритилендіру кезінде меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенттерін есептеу туралы есеп Тізбеге 16-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ислам банктері ұсынатын кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген активтердің талдамасы туралы есеп Тізбеге 17-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ислам банктері ұсынатын кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің талдамасы туралы есеп Тізбеге 18-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ислам банктері ұсынатын тауар-материалдық қорлардың нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелдің талдамасы туралы есеп Тізбеге 19-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
20-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Өтімділікті өтеу коэффициентінің талдамасы туралы есеп Тізбеге 20-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
20-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тұрақты қорландырудың нетто коэффициентінің талдамасы туралы есеп Тізбеге 21-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Екiншi деңгейдегi банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілікті ұсыну қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қағаз тасымалдағыштағы есептілікке бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олар есепке қол қоюға уәкілеттік берген адамдар және орындаушы қол қояды және банкте сақталады.»:
3. «Өзара сақтандыру қоғамдары есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 129 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12074 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қызмет туралы есеп Тізбеге 22-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Инвестициялық портфель туралы есеп Тізбеге 23-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдері туралы есеп Тізбеге 24-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сақтандыру резервтері туралы есеп Тізбеге 25-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Өзара сақтандыру қоғамдарының есептілікті ұсыну қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Есепті күндегі жағдай бойынша қағаз тасымалдағыштағы есептілікке Қоғамның бірінші басшысы, бас бухгалтері немесе олар есепке қол қоюға уәкілеттік берген адамдар және орындаушысы қол қояды және Қоғамда сақталады.»:
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)