• Мое избранное
«Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 05.10.2022 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № ҚР ДСМ-8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 25 қыркүйекте № 17429 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 5 қазаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 29.07.2022 жылғы № ҚР ДСМ-68 Бұйрығына сәйкес 
2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:  
1. Қоса беріліп отырған осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
  • 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  • 1
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдерінде көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
  • 1
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
 _____________ Е. Сағадиев
2018 жылғы « »
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
 _____________ Т. Сулейменов
2018 жылғы « »
  • 1
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы 28 тамыздағы
№ ҚР ДСМ-8 бұйрығымен бекітілген
1-қосымша
«Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) меншік нысанына қарамастан барлық субъектілер үшін дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылды:
1) ағымдық дезинфекция – науқас ауру ошағында болған кезде әрбір нозологиялық нысан үшін белгіленген жиілікпен жүргізілетін дезинфекция;
2) гнус – адам денсаулығына зиян келтіретін қансорғыш ұшатын жәндіктер (масалар, соналар, майда шыбындар, есекқұрттар, бәкене шыбындар) тобының біріккен атауы;
3) далалық дезинсекция – қансорғыш жәндіктер мен кенелердің санын азайту мақсатында елді мекен шегінде оларды жою немесе адамдар болатын орындардың айналасына қорғаныш аймақтарын құру;
4) далалық дератизация – кеміргіштердің санын азайту мақсатында оларды жою және адамдар үшін қауіпті аурулар эпизоотиясының дамуын болдырмау;
5) дезинфекция – сыртқы ортада инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені;
6) дезинфекциялық жабдық – дезинфекциялау, стерильдеу алдында тазарту, стерильдеу, дезинсекциялау және дератизациялау жүргізуге арналған аппараттар мен қондырғылар;
7) дезинфекциялық құралдар (бұдан әрі – дезқұралдар) – дезинфекциялау, стерильдеуалдында тазарту, стерильдеу (стерильдеу құралдары), дезинсекциялау (дезинсекциялау құралдары) жүргізуге арналған химиялық және биологиялық құралдар, сондай-ақ репелленттер мен педикулоцидтер;  
8) дезинсекция – адамды, жануарларды, үй-жайларды және аумақты жәндіктер мен басқа да буынаяқтылардан қорғау мақсатында оларды жою бойынша профилактикалық және жою іс-шараларының кешені;
9) дератизация – кеміргіштерді жоюға немесе азайтуға бағытталған профилактикалық және жою іс-шараларының кешені;
10) жоғары деңгейдегі дезинфекция – барлық патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдер жойылатын, ал спора саны азаятын дезинфекция;
11) инсектицидтер (акарицидтер, инсектоакарицидтер) – жәндіктер мен кенелерді жою үшін пайдаланылатын химиялық табиғаттың құралдары (препараттар);
12) имаго – буын аяқтылардың дамуының ересек (жыныстық жетілген) сатысы;
13) камералық дезинфекция – дезинфекциялық камераларда дезинфекциялау және дезинсекциялау;
14) кедергілік дератизация – кеміргіштердің, инфекция тасымалдаушылардың көшуінің алдын алу мақсатында қолданыстағы (физикалық, химиялық, биологиялық) әдістердің кез келгенін пайдалана отырып, кеміргіштерді жою үшін тұрақты немесе уақытша елді мекендердің, сондай-ақ тұрғындардың демалыс орындарының, сауықтыру мекемелерінің айналасында ені кемінде 200 метр қоғаныш аймағын құру;
15) кенттік дезинсекция – елді мекен шегінде зиянды жәндіктерді, кенелерді және басқа да буынаяқтыларды жою;
16) кенттік дератизация – тұрғын үй-жайларда (ғимараттарда), қора-қопсы құрылыстарында, мал шаруашылығы, өндірістік, қойма және өзге де үй-жайларда, сондай-ақ елді мекен шегіндегі ашық аумақта кеміргіштерді жою;
17) қолдану режимі – препаративті нысанда пайдаланылатын қолданыстағы заттардың шоғырлануын қоса алғанда, дезинфекциялау құралын қолдануды сипаттайтын нормалардың жиынтығы, препараттың шығыны, өңдеу уақыты, өңдеу жиілігі мен ауданы, қосымша заттар мен әдістерді пайдалану;
18) қорытынды дезинфекция – науқасты емдеуге жатқызғаннан, оқшаулағаннан кейін, ол жазылған соң немесе қайтыс болғаннан кейін ошақта жүргізілетін дезинфекция;
19) орта деңгейдегі дезинфекция – бактериялар (оның ішінде туберкулез микобактериясы), вирустар (оның ішінде поливирустар), грибоктар жойылатын, бірақ спора жойылмайтын дезинфекция;
20) ошақ – инфекция қоздырғышы науқастан сезімтал адамдарға беріле алатын шектерде оны қоршаған аумағы бар, инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқастың болатын орны;
21) ошақтық дезинфекция – ошақтарда инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу және (немесе) жою мақсатында жүргізілетін дезинфекция;
22) препаративті нысан – дезинфекциялау құралдарын шығару және (немесе) пайдалану нысаны;
23) репеллентті құралдар – буынаяқтыларды немесе кеміргіштерді үркітетін химиялық заттар;
24) родентицидтер (ратицидтер) – кеміргіштерге қарсы күреске арналған препараттар (құралдар);
25) стерилизация – қоздырғыштардың барлық түрін, оның ішінде спораларды физикалық, химиялық, термиялық немесе аралас әдістермен оларға әсер ету арқылы толық жою;
26) төмен деңгейдегі дезинфекция – бактериялар, кейбір грибоктар жойылатын, бірақ туберкулез микобактериясы сияқты төзімді бактерияларға қатысты тиімсіз дезинфекция;
3. Дезинфекциялау, дезинсекциялау мен дератизациялау жүргізу «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 152-бабына сәйкес (ары қарай-Кодекс) жүзеге асырылады.
4. Дезқұралдарымен жұмыс істеуге денсаулығының жағдайы бойынша қарсы көрсетілімі жоқ, кәмелет жастағы адамдарға рұқсат етіледі.Дезқұралдармен жұмыс істеуге тартылатын мамандар (дезинструктор, дезинфектор) әр 5 жыл сайын дезинфекциялау,дезинсекциялау дератизациялау бойынша кәсіптік даярлықтан және жыл сайын жұмыстарды қауіпсіз жүзеге асыру, дезқұралдармен уланған кезде дәрігер қарағанға дейін алғашқы көмек көрсету мәселелері бойынша нұсқамадан өтеді.
5. Дезинфекциялау құралдарын сақтау және тасымалдау Кодексінің 156-бабының 3-тармағына сәйкес жүргізіледі.
6. Дезқұралдар затбелгіде құралдың атауы, оның тағайындалуы, жарамдылық мерзімін көрсете отырып, өнім берушінің ыдысында(қаптамада) сақталады. Ыдыстың затбелгісі дезқұралды сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады.
7. Дезинфекциялау, дезинсекциялау мен дератизациялау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының және Евразиялық экономикалық комиссиясының қатысушы мемлекеттердің аумағында қолдануға рұқсат етілген дезқұралдар қолданылады. Дезқұралдардың қауіптілігі осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген дезинфекция, дезинсекция дератизация құралдарының қауіптілігін сыныптауға сәйкес белгіленеді. Дезқұралдарды қолдану шарттары олардың қауіптілік дәрежесімен айқындалады: