• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 624 қаулысы

Редакция 15.09.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы, алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші, алпыс бесінші, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, жетпіс үшінші, жетпіс төртінші, жетпіс бесінші, жетпіс алтыншы және жетпіс жетінші абзацтары 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 9 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 21.08.2020 жылғы № 530 Қаулысына сәйкес (09.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 21.08.2020 жылғы № 530 Қаулысына сәйкес (09.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)
3. «Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 495-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық органдары;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) мемлекеттік корпорацияның филиалдары – мемлекеттік корпорацияның облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы филиалдары;»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындауға жүгіну тәртібі»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі»;
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмектің мөлшерін есептей отырып, ІЭМ-ді және ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі шешімнің жобасын қалыптастырады.»;
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Уәкілетті орган келіп түскен ІЭМ-ді қарайды және төрт жұмыс күні ішінде әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртiбi»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті жүзеге асыру тәртібі»;
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерiнде ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртiбi»;
7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-тарау. Мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерде ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеу тәртiбi».
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.06.2023 жылғы № 528 Қаулысымен (21.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.06.2023 жылғы № 528 Қаулысымен (21.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.08.2023 жылғы № 734 Бұйрығымен (30.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.06.2023 жылғы № 528 Қаулысымен (21.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 239 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 23-24, 129-құжат):
2-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағының он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші және қырық бесінші абзацтары 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.».
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
қосымша
Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорына әлеуметтік
аударымдарды есептеу және
аудару және оларды өндіріп алу
қағидалары мен мерзімдеріне
1-қосымша
«Мемлекеттік әлеуметтiк
сақтандыру қоры»
акционерлік қоғамының басшысы
 ____________________________
Өтініш
  кімнен ______________________________________________________ (әлеуметтiк аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеушiнiң немесе төлеушi банктiң атауы)
 _______________ №___ төлем тапсырмасымен қате (артық) аударылған әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың сомасын:

Р/с №

ЖСН

Т.А.Ә.

бар болса

Кезең

Төленген сома

Қайтарылатын сома


 


 


 


 


 


 

 атына қайтаруды жүргізуді сұраймын, референс, төлемнің жалпы сомасы __________, қайтарылатын жалпы сома ________, себебі (керегін белгілеу қажет):
 төлеушi немесе банк бiр немесе бiрнеше төлем тапсырмасы негiзiнде екi немесе одан да көп рет қордың шотына қате аударған;
 алушылар қайтаруға тиіс, жұмыстан босатылған қызметкерлер аванспен алған табысқа артық есептелген;
 «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа жеткен адамдар болып табылатын қатысушылар үшін артық төленген;
 төлемді тағайындау коды дұрыс көрсетілмеген;
 төлем тапсырмасының тізімдік бөлігінде төлем кезеңінде қате жіберілген;
 төлем тапсырмасының тізімдік бөлігінде қызметкерлер үшін әлеуметтік аударымдар сомасында қате жіберілген;
 төлеушінің деректемелері дұрыс көрсетілмеген;
 әлеуметтік аударымдар немесе өсімпұлдар болып табылмайтын қаражат қордың шотына қате аударылған;
 дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығы ретінде тіркелмеген жеке тұлға аударған.
Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргiзудi сұраймыз:
 Төлеушінің атауы: _______________
 Төлеушінің ЖСН/БЖН:____________
 ЖСК:____________
 Төлеушінің БСК:__________________
 Төлеушінің банкі:__________________
 Төлеушінің банктік шотының нөмірі: ___________
Қосымшалар:
Қажет болған жағдайда: өзі үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбек қызметінің басталуын/тоқтатылуын растайтын құжаттың көшірмесі, зейнетақы төлемдерін алушының мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі, шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияның (910.00 нысаны) немесе әлеуметтік аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды қайтару кезеңі үшін патент құны есебінің (911.00 нысаны) көшірмесі, бюджетпен есеп айырысу туралы салық төлеушінің жеке шотынан үзінді, өтініштегі және төлеушінің төлем құжаттарындағы қолтаңбада айырмашылық болған жағдайда – қол қою құқығын беру туралы бұйрықтың көшірмесі.
Қолдары:
 Басшы _________________________ (Т.А.Ә. бар болса, қолы) Бас бухгалтер: _____________________ (Т.А.Ә. бар болса, қолы) Заңды мекенжайы: _____________ Төлеушінің байланыс телефондары:_______________ Телефон: +7 (____)_________________, E-mail _____________________ Толтырылған күні 20 ____жылғы «___» ___________ Ескертпе: өтініш бланкіде толтырылып, мөрмен (бар болса) расталады (факсимилемен қол қоюға жол берілмейді). Мөр орны
   _____________________