Toggle Dropdown
2
Медицина кадрларын интернатурада даярлау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-16 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 қазанда № 17534 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 08.01.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы 21-бабының 5-тармағына сәйкес және білім алушылардың клиникалық даярлығын қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған медицина кадрларын интернатурада даярлау қағидалары бекітілсін
Toggle Dropdown
2. Мыналардың:
Toggle Dropdown
1) «Интернатура туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 16 маусымдағы № 452 бұйрығынның (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6331 болып тіркелген, 2010 жылғы 9 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде № 461-468 (26311) болып жарияланған);
Toggle Dropdown
2) «Резидентура туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 28 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5142 болып тіркелген, 2008 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, № 6 құжат) күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
1
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде және оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Toggle Dropdown
1
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы 18 қыркүйектегі
№ ДСМ-16 бұйрығына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Медицина кадрларын интернатурада даярлау қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Медицина кадрларын интернатурада даярлау қағидалары (бұдан әрі – Қағидадар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы (бұдан әрі –Заң) 5-бабының 21-тармағына сәйкес әзірленді және медицина кадрларын интернатурада даярлау тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Toggle Dropdown
2) интерн – тәлімгердің бақылауымен интернатураның білім беру бағдарламасы шеңберіндегі білім алушы;
Toggle Dropdown
3) интернатура – клиникалық практикаға рұқсат алу үшін білім алушыларды базалық жоғары медициналық білім шеңберінде клиникалық мамандықтар бойынша даярлау нысаны.
Toggle Dropdown
4) тәлімгер - медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға және жас мамандарға кәсіптік бейімделуде практикалық көмек көрсету үшін медициналық ұйымның немесе медициналық білім беру ұйымының басшысы тағайындайтын, кемінде бес жыл өтілі бар, қызметін білім берудің, ғылым мен практиканың үш тұғырлығы негізінде жүзеге асыратын медицина қызметкері;
Toggle Dropdown
3. Интернатурада медицина кадрларын даярлау мерзімі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 221-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленеді.
Toggle Dropdown
4. Медицина кадрларын интернатурада даярлау осы Қағидаларға, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 267-бабының 1-тармағының 3 тармақшасына сәйкес бекітілген денсаулық сақтау саласындағы жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
5. Медицина кадрларын мемлекеттік бюджет есебінен интернатурада даярлау жоғары медициналық білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының шеңберінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
6. Медицина кадрларын интернатурада мемлекеттік білім беру тапсырысының белгіленген санынан тыс даярлау оқуға жұмсалатын шығындарды толық өтей және осы Қағидалардың талаптарын сақтай отырып, шарт негізінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Медицина кадрларын интернатурада даярлау тәртібі
Toggle Dropdown
7. Медицина кадрларын интернатураға қабылдау және мамандықтар бойынша топтарды қалыптастыру денсаулық сақтау саласындағы жоғары және үздіксіз интеграцияланған медициналық білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының (бұдан әрі - ЖЖООКББҰ) бірінші басшысының бұйрығы негізінде ағымдағы жылғы 1 қыркүйекке дейін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға ақпарат бере отырып, ағымдағы жылғы 28 тамызынан кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
8. Оқу процесін ұйымдастыру академиялық күнтізбе, оқу cабақтарының кестесі, білім беру бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
9. Интернатурада мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу және олардың мөлшерлерін бекіту қағидаларына сәйкес стипендия төленеді.
Toggle Dropdown
10. Медицина кадрларын интернатурада даярлау тәлімгерлердің басшылығымен жүргізіледі.
Toggle Dropdown
11. Интерндерді ауыстыру және қайта қабылдау «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) бекітілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
12. Интерндерге академиялық демалыс ауруы бойынша ұзақтығы 6-12 айға дейінгі амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультативтік комиссиясының қорытындылары, әскери қызметке шақырту қағазы, үш жасқа толғанға дейінгі асырап алынған ұл немесе қыз баланың туу туралы құжаттары (куәлік) негізінде беріледі.
Toggle Dropdown
ЖЖООКББҰ білім алушыларға академиялық демалыстар беру тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
13. Медицина кадрларын интернатурада даярлау медициналық жоғары білім беру ұйымдарының клиникалық базаларында осы Қағидалардың, үлгілік оқу жоспарының және білі беру бағдарламалары негізіне әзірленген жеке жоспар бойынша жүргізіледі.
Toggle Dropdown
14. Білім алушы жеке жоспарға сәйкес интернатурада:
Toggle Dropdown
1) дәрігерге дейінгі медициналық көмекті, білікті медициналық көмекті, мамандандырылған медициналық көмекті, медициналық-әлеуметтік көмекті көрсететін ұйымдарда пациенттерге жетекшілік етеді;
Toggle Dropdown
2) диагностикалық, емдеу және профилактикалық іс-шараларды тағайындауға және орындауға қатысады;
Toggle Dropdown
3) құжаттаманы және халық арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізеді;
Toggle Dropdown
4) бөлімшенің қызметі туралы есептер жасауға қатысады;
Toggle Dropdown
5) профилактикалық қарап-тексеруге, диспансерлеуге, консилиумдерге қатысады;
Toggle Dropdown
6) пациенттерді клиникалық аралауға қатысады;
Toggle Dropdown
7) айына кемінде төрт рет емдеу-профилактикалық ұйымдарда кезекшілікке қатысады (интернатурада білім алушының оқу жүктемесін есептеу кезінде ескерілмейді);
Toggle Dropdown
8) клиникалық және клиникалық-анатомиялық конференциялардың жұмысына қатысады;
Toggle Dropdown
9) патологиялық-анатомиялық ашуларға қатысады.
Toggle Dropdown
15. Жеке оқу жоспарының талаптарын орындамаған бітіру курсының білім алушылары жазғы семестрден өтпестен екінші оқу жылына қалдырылады.
Toggle Dropdown
16. Интерндарға академиялық кезеңдер (семестрлер немесе оқу жылы) арасында каникул беріледі. Каникулдың ұзақтығы оқу жылы ішінде бітіру курсты қоспағанда, кемінде жеті аптаны құрайды.
Toggle Dropdown
17. Білім беру бағдарламасының сапасын мемлекеттік бақылау қорытынды мемлекеттік аттестаттау нысанында жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
18. Интернатурада білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау ағымдағы, межелік бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау нысанында жүзеге асырылады. Ағымдағы, межелік бақылау және қорытынды мемлекеттік аттестаттау нысандарын ЖЖООКББҰ белгілейді.
Toggle Dropdown
19. Медициналық білім бағдарламасы бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттау мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жүргізіледі.
Toggle Dropdown
20. Интерндер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу мезгілінде:
Toggle Dropdown
1) жеке жұмыс жоспарын орындайды;
Toggle Dropdown
2) тиісті пәндер бойынша бағдарламада көзделген емтихандар, аралық аттестаттауды, қорытынды аттестаттауды тапсырады;
Toggle Dropdown
3) атқарған жұмыстары туралы егжей-тегжейлі есептерін ұсынады.
Toggle Dropdown
21. Интерндерді оқудан шығару Заңның 41-бабының 1 тармағына сәйкес білім беру ұйымының бекітілген Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
22. Қорытынды аттестациядан өткен интернге интернатурада білім алушыларға «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжат беріледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы 18 қыркүйектегі
№ ҚР ДСМ-16 бұйрығына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Медицина кадрларын резидентурада даярлау қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Медицина кадрларын резидентурада даярлау қағидалары «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 36-тармағына сәйкес әзірленді және медицина кадрларын резидентурада дарялау тәртібін белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
Toggle Dropdown
1) академиялық саясат – білім беру қызметін жоспарлау мен басқару және студентке бағдарланған оқытуды іске асыруға және білім сапасын арттыруға бағытталған оқу процесін тиімді ұйымдастыру бойынша шаралар, қағидалар және рәсімдер жүйесі;
Toggle Dropdown
2) резидентура тыңдаушысы – клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеретін маман.
Toggle Dropdown
3. Резидентураға қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
4. Медицина кадрларын резидентурада даярлау осы Қағидаларға, «Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттар мен үлгілік кәсіптік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 647 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12007 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 647 бұйрық) бекітілген медициналық мамандықтар бойынша резидентураның мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттарына және медициналық мамандықтар бойынша резидентураның үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
5. Медицина кадрларын резидентурада даярлау республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен, білім алушының жеке қаражаты есебінен, жұмыс берушінің есебінен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат есебінен жүргізіледі.
Toggle Dropdown
6. Медицина кадрларын резидентурада мемлекеттік бюджет есебінен даярлау жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық мамандықтар бойынша кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының шеңберінде 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
7. Резидентурада даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын десаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдарында орналастырылады.
Toggle Dropdown
8. Медицина кадрларын резидентурада белгіленген мемлекеттік білім беру тапсырысынан тыс даярлау оқытуға жұмсалатын шығындарды толық өтей және осы Қағидалардың талаптарын сақтай отырып, шарт негізінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
9. Білім және ғылым ұйымдары жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім мамандықтарының және білім алушылардың санына қарай, резидентура тыңдаушыларының ғылыми қызметі және оқу процесі барысын ұйымдастырумен және бақылаумен айналысатын құрылымдық бөлімшелердің штаттық құрамын дербес белгілейді.
Toggle Dropdown
2-тарау. Медицина кадрларын резидентурада даярлау тәртібі
Toggle Dropdown
10. Резидентурада кадрларды даярлау «Интернатура және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5134 болып тіркелген) бекітілген клиникалық мамандықтар бойынша жүзеге асырылады
Toggle Dropdown
11. Резидентураның оқу бағдарламаларын меңгеруді қалаған адамдардың алдыңғы білім деңгейі базалық медициналық білім, жоғары медициналық білім, интернатураның болуы болып табылады.
Toggle Dropdown
12. Медицина кадрларын резидентурада даярлау күндізгі оқыту нысаны бойынша жүзеге асырылады, оқыту мерзімі екіден төрт жылға дейін құрайды.
Toggle Dropdown
Академиялық демалыс беру «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 506 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10475 болып тіркелген) бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Медицина кадрларын резидентурада даярлау мерзімі дәрігердің еңбек өтіліне және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне есептеледі.
Toggle Dropdown
13. Медицина кадрларын резидентурада даярлау оқу медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейде даярлауды қамтамасыз ететін клиникалық базаларда жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Бұл ретте медицина кадрларын резидентурада даярлау аудандық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымдарында басталып, облыстық және республикалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымдарында аяқталады.
Toggle Dropdown
14. Оқу жүктемесінің және емдеу-алдын алу жұмысының көлемі мамандықтар бөлімдері бойынша резидентура тыңдаушысының жеке оқу жоспармен белгіленеді.
Toggle Dropdown
15. Жұмыс оқу жоспарлары мамандықтардың үлгілік оқу жоспарларының, резидентура тыңдаушыларының жеке оқу жоспарларының негізінде әзірленеді және алқалық орган шешімінің негізінде ұйым басшысы бекітеді. Резидентура тыңдаушысының жеке оқу жоспарын кафедра отырысында бекітіледі.
Toggle Dropdown
16. Резидентураның тыңдаушылары оқу кезінде № 647 бұйрыққа сәйкес:
Toggle Dropdown
1) жеке жұмыс жоспарын орындайды;
Toggle Dropdown
2) бағдарламада көзделген тиісті пәндер бойынша емтихандар, аралық аттестаттауды, қорытынды аттестаттауды тапсырады;
Toggle Dropdown
3) жүргізілген жұмыс туралы нақтыланған есеп береді.
Toggle Dropdown
17. Резидентура тыңдаушыларын бір оқу орынынан екіншісіне, ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру бос орын болған жағдайда қалған оқу мерзіміне оқу демалысы кезінде білім беру және ғылым ұйымы басшысының шешімімен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Ауыстыру процедурасын білім және ғылым ұйымы дербес белгілейді және оның академиялық саясатында көрсетіледі.
Toggle Dropdown
18. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын резидентура тыңдаушыларына стипендия Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу және олардың мөлшерлерін бекіту қағидаларына сәйкес төленеді.
Toggle Dropdown
19. Резидентураның тыңдаушыларына академиялық кезеңдер (семестрлер немесе оқу жылы) арасында каникул беріледі. Каникулдың ұзақтығы оқу жылы ішінде № 647 бұйрықпен бекітілген медициналық мамандықтар бойынша резидентураның мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттарына және медициналық мамандықтар бойынша резидентураның үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес бітіруші курсты қоспағанда, кемінде жеті аптаны құрайды.
Toggle Dropdown
20. Білім беру бағдарламасының сапасын мемлекеттік бақылау қорытынды мемлекеттік аттестаттау нысанында жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
21. Резидентураның оқуды аяқтаған тыңдаушыларына «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) бекітілген Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларына сәйкес мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.
Toggle Dropdown
22. Резидентураның тыңдаушыларын оқудан шығару Заңның 41-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.