Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 523 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 523 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 354 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 28, 231-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:
«Қаражатты екінші деңгейдегі банктерге шартты түрде орналастырудың шарттары мен тетіктері» деген 3-бөлімде:
он төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«ЕДБ бөлінетін қаражатты ШОК субъектілерінің қолданыстағы инвестициялық кредиттерін орналастырылған қаражат сомасының 50 %-ына дейін қайта қаржыландыру мақсатына жібереді. Бұл талап кәсіпкерлерді қаржылық қолдау бағдарламаларына («Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, «Даму Өндіріс» бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының сауықтыру бағдарламалары) қатысатын қолданыстағы қарыздарға қолданылмайды.»;
«6. Мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары
Осы Жоспар шеңберінде қаражат алатын ШОК субъектілерінің жаңа жобаларын қаржыландыруды ынталандыру үшін «Даму» КДҚ» АҚ «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа жобалар бойынша кредиттерді кепілдендіру тетігін қолдана алады.».
2. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 674 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясында:
кіріспенің үшінші бөлігінде:
«3.3) жаңа мемлекеттік бағдарламалар: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 шілдедегі № 470 қаулысымен бекітілген Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – «Нұрлы жол» бағдарламасы); Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы (бұдан әрі – «Нұрлы жер» бағдарламасы)»;
«3.4) қолданыстағы және өзектілендірілген бағдарламалар: Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – ИИДМБ); «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – «БЖК-2020» бағдарламасы);»;
«Жаңа мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар – «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламалары» деген 1.3.2-кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1.3.2. «Жаңа мемлекеттік бағдарламалар – 2015 – 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы»;
«Нақтыланған мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар – ИИДМБ, «БЖК-2020» бағдарламасы» деген 1.3.3-кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1.3.3. «Нақтыланған мемлекеттік бағдарламалар – ИИДМБ, «БЖК-2020» бағдарламасы»;
«Нақтыланған мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар – ИИДМБ, «БЖК-2020» бағдарламасы» деген 1.3.3-кіші бөлімнің төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы».
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 03.06.2019 жылғы № 361 Қаулысына сәйкес (25.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2019 жылғы № 1060 Қаулысына сәйкес (03.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 603 қаулысында:
«1) «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды берумен «Қазақстанның Даму Банкі-Лизинг» акционерлік қоғамына кейіннен кредит беру үшін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды берумен «Қазақстанның Даму Банкі-Лизинг» акционерлік қоғамына кейіннен кредит беру үшін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды берумен «Қазақстанның Даму Банкі-Лизинг» акционерлік қоғамына кейіннен кредит беру үшін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары»;
«7) бюджеттік кредитті берудің мақсаты қарыз алушының «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну үшін 10 (он) жыл мерзімге жылдық 0,2 % сыйақы мөлшерлемесімен «Қазақстанның Даму Банкі-Лизинг» АҚ-ға кейіннен кредит беру үшін жылдық 0,15 % сыйақы мөлшерлемесімен «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамына кейіннен кредит беруі болып табылады.».
6. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 131 қаулысында:
«1. Қоса беріліп отырған «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру мақсатында «ҚДБ-Лизинг» акционерлік қоғамына кредит беру үшін кейіннен «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамын кредиттей отырып «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру мақсатында «ҚДБ-Лизинг» акционерлік қоғамына кредит беру үшін кейіннен «ҚДБ-Лизинг» акционерлік қоғамы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру мақсатында «ҚДБ-Лизинг» акционерлік қоғамына кредит беру үшін кейіннен «ҚДБ-Лизинг» «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары»;
«7) бюджеттік кредитті берудің мақсаты қарыз алушының «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну үшін 10 (он) жыл мерзімге жылдық 0,2 % сыйақы мөлшерлемесімен «Қазақстанның Даму Банкі-Лизинг» АҚ-ға кейіннен кредит беру үшін жылдық 0,15 % сыйақы мөлшерлемесімен «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамына кейіннен кредит беруі болып табылады.».
7. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 88 қаулысында:
«1. Қоса беріліп отырған «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру мақсатында «ҚДБ-Лизинг» акционерлік қоғамына кредит беру үшін «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамына кейіннен кредит бере отырып, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру мақсатында «ҚДБ-Лизинг» акционерлік қоғамына кредит беру үшін «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамына кейіннен кредит бере отырып, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарында: