• Мое избранное
Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 02.06.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 қазанда № 17557 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 2 маусымнан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 19.05.2020 жылғы № 41 Бұйрығына сәйкес
Редакция 09.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары бекітілсін:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу»;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу»;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Тауар таңбасын, селекциялық жетiстiктердi және өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану құқығын беруді тіркеу;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 05.07.2019 жылғы № 382 Бұйрығына сәйкес (11.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке және өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықты беруді тіркеу;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 05.07.2019 жылғы № 382 Бұйрығына сәйкес (11.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Тауар таңбасын тіркеу;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 05.07.2019 жылғы № 382 Бұйрығына сәйкес (11.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес «Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 05.07.2019 жылғы № 382 Бұйрығына сәйкес (11.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес «Өнеркәсіптік меншік саласындағы қорғау құжаттарын беру;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 05.07.2019 жылғы № 382 Бұйрығына сәйкес (11.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес «Селекциялық жетістікке қорғау құжатын беру;
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 05.07.2019 жылғы № 382 Бұйрығына сәйкес (11.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес «Интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу;
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 05.07.2019 жылғы № 382 Бұйрығына сәйкес (11.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес «Тауар белгілері, тауар шығарылған жерлердің атаулары мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмесін ұсыну;
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 05.07.2019 жылғы № 382 Бұйрығына сәйкес (11.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) осы бұйрықтың 11-қосымшасына сәйкес «Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау»;
12) осы бұйрықтың 12-қосымшасына сәйкес «Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру».
2. Осы бұйрықтың 13-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі М. Бекетаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы  
Ақпарат және коммуникациялар  
министрі
  ____________Д. Абаев
  2018 жылғы «___» _____________
  • 1
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 11 қазандағы
№ 1481 бұйрығына
1-қосымша
«Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 тарау. Жалпы ережелер
1. «Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау және оның нәтижеcін беру «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - автордың өтінішін алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 12.07.2019 жылғы № 391 Бұйрығына сәйкес (05.07.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тізілімде көрсетілетін қызметті алушының өтініші алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде енгізілген мәліметтердің тиесілілігін, сипатын немесе мазмұнын өзгертпейтін техникалық сипаттағы қателер түзетілуі мүмкін.
5. Мемлекеттікқызметкөрсетунысаны – электрондық (толық автоматтандырылған).
6. Мемлекеттікқызметкөрсетунәтижесі – Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) мәліметтерді енгізу туралыкуәлікнемесе осы стандарттың 10-тармағында белгіленген жағдайда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет авторлық құқықпен қорғалатын объектiлерге құқықтардың Мемлекеттiк тiзiлiмiне ақпарат енгiзуге қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үшiн және уәкiлеттi органның www.adilet.gov.kz және көрсетілетін қызметті берушінің www.kazpatent.kz ресми сайттарында орналастырылған Бағаларға (бұдан әрi – Бағалар) сәйкес ақылы негізде жеке тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметтi алушы) көрсетіледі.
Төлем көрсетілетін қызметті берушінің newscab.kazpatent.kz ақпараттық жүйесімен түйістірілген екінші деңгейлі банктің төлем шлюзі арқылы аударым тәсілімен жүзеге асырылады.
8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
9. Порталда көрсетілген қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 12.07.2019 жылғы № 391 Бұйрығына сәйкес (05.07.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тізілімге мәліметтерді енгізу үшін:
1) осы cтандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) туындының данасы.
Туындының бір данасының орнына өтінішке – эскиздер, сызбалар, суреттер немесе фотосуреттер, ал электрондық есептеуіш машинаға (ЭЕМ) немесе дерекқорға арналған бағдарламаларға қатысты бағдарламаның немесе дерекқордың атауын, автордың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жасалған күнін, қолдану саласын, мақсатын, функционалдық мүмкіндіктерін, бастапқы кодын (бастапқы мәтінді), негізгі техникалық сипаттамаларын, бағдарламалау тілін, іске асырушы ЭЕМ-нің типін қамтитын реферат қоса берілуі мүмкін;
3) құрамдас немесе туынды шығармаға қатысты түпнұсқалық туындының авторымен (ларымен) немесе құқық иесімен жасалған авторлық шарттың көшірмесі қосымша ұсынылады егер, көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген күні құрамдас туындыда басқа авторлардың қорғау мерзімі өткен туындылары пайдаланылған болса, авторлық шарт ұсынылмайды.Негізінде туынды шығарма жасалған туындының қорғау мерзімі өткен жағдайда негізгі туындының авторымен авторлық шартты ұсыну талап етілмейді;
4) діни мазмұны бар туындыларға қатысты діни сараптамасының оң қорытындысының көшірмесі қосымша ұсынылады;
5) жеңілдіктер беруге негіз болып табылатын құжаттар:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 10-бабына сәйкес (бұдан әрі-1995 жылғы 28 сәуірдегі Заң) – куәлiктiң көшiрмесiн немесе жеңiлдiктерге құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiгiнiң көшiрмесiн, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiне немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiне қоса берiлетiн куәлiктiң көшiрмесiн, жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқын куәлiгiнiң не екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерде, геттоларда және басқа ерiксiз ұстау орындарында мәжбүрлеп ұсталғандығы туралы мұрағаттық анықтаманың көшiрмесiн, комиссариаттан алынған, басқа мемлекет аумағында соғыс қимылдарына қатысқандығын растайтын анықтаманың көшiрмесiн немесе басқа мемлекеттердiң аумағында ұрыс қимылдарына қатысқандығы туралы белгi соғылған әскери билеттiң көшiрмесiн, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткендiгiн растайтын құжат немесе жараланған, контузия алған немесе зақымданғанын растайтын медициналық құжаттардың көшiрмесiн, ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiне және медальдарына қоса берiлетiн куәлiктiң көшiрмесiн, Чернобыль АЭС-iндегi аварияның зардаптарын жоюға қатысушы куәлiгiнiң көшiрмесiн немесе Чернобыль АЭС-iндегi аварияның немесе азаматтық немесе әскери тағайындау объектiлерiндегi басқа радиациялық апаттардың зардаптарын жоюға қатысқанын, ядролық сынақтар мен оқуларға тiкелей қатысқанын растайтын құжат немесе әскери комиссариаттан немесе Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінен немесе әскери тағайындау объектiлерiндегi басқа радиациялық апаттардың зардаптарын жоюға қатысқан фактiсiн растайтын, ядролық сынақтар мен оқуларға тiкелей қатысқанын растайтын анықтаманың көшiрмесiн;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес – еңбек кiтапшасының көшiрмесiн немесе 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда жұмысы туралы мәлiметтерi бар өзге де құжаттардың көшiрмесiн (жұмыс орны, сондай-ақ мұрағат мекемелерi берген жұмыс кезеңдерi туралы мәлiметтерi бар құжаттардың, немесе бұйрықтардан, жеке шоттары мен жалақы төлеуге арналған ведомостан үзiндi көшiрмелердiң, коммунистiк партия немесе кәсiподақ мүшелерiнiң мүшелiк билеттерi немесе есеп карточкаларының, немесе қызметiн бұрын қолданыста болған заңнамаға сәйкес жүзеге асырып келген жұмыс стажын анықтау жөнiндегi, зейнетақы тағайындау жөнiндегi комиссиялардың шешiмдерiнiң, немесе сот шешiмдерiнiң, немесе арнайы комиссиялардың шешiмдерiнiң), немесе 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда әскери қызмет кезеңi туралы мәлiметтерi бар әскери билеттiң немесе анықтаманың көшiрмесiн;