«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
«Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларының экономикалық сараптамасын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 202 бұйрығының күшін жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 18 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 15 қазанда № 17552 болып тіркелді
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларының экономикалық сараптамасын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 202 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10778 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі _________________Ж. Қасымбек 2018 жылғы 18 қыркүйек
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _______________ Ә. Смайылов 2018 жылғы 24 қыркүйек
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі ___________ Қ. Бозымбаев 2018 жылғы 11 қыркүйек
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |