• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 09.06.2020 г

Отправить по почте

«Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 409 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 қазанда № 17582 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 9 маусымнан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 жылғы № 181 Бұйрығына сәйкес 
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13717 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жіберілуін;  
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
2018 жылғы 17 қыркүйек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
2018 жылғы 24 қыркүйек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2018 жылғы 28 қыркүйек
Қазақстан Республикасы
 Премьер-Министрінің орынбасары
​ – Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 4 қазандағы
№ 409 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 5 мамырдағы
№ 204 бұйрығымен
бекітілген
Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес әзірленді және өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу үшін сатып алынған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арзандатылған құн – бекітілген субсидиялар нормасынан төмен емес арзандатылған баға бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге немесе ауыл шаруашылығы кооперативтеріне (бұдан әрі – ауылшаркооперативі) өткізілетін өсімдік қорғау құралдарының құны;
2) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (бұдан әрі – ауылшартауарынөндіруші) - тауарлы ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі;
3) гербицидтер мен биопрепараттарды қолдану регламенті – гербицидтер мен биопрепараттарды қолдану шарттары және тәртібіне қойылатын талаптар;
4) жеке шот – субсидиялауға арналған өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) тіркеу және олармен жасалатын операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген адамды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін, тізілімдегі жазбалар жиынтығы;
5) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес облыстың (қаланың) жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы басқармасы немесе Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы (бұдан әрі - басқарма) айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және иесі ретінде оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;
6) отандық өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіруші (бұдан әрі – ӨҚҚ өндіруші) – Қазақстан Республикасы аумағында гербицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды өндіруді жүзеге асыратын және арнайы жарақтандырылған өндірістік жайлары, биозертханалары, биофабрикалары бар, биоагенттерді (энтомофагтарды) және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген гербицидтер мен биопрепараттарды өткізуді жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
7) өсімдіктерді қорғау құралдары (бұдан әрі – ӨҚҚ) – өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) және биопрепараттар;
8) ӨҚҚ жеткізуші – биоагенттерді (энтомофагтарды) және «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-6-бабына сәйкес тіркелген гербицидтер мен биопрепараттарды өндіруді (формуляциялауды) және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
9) ӨҚҚ ең төменгі құны – субсидия нормасын белгілеу үшін баға ұсыныстарын, сондай-ақ мемлекеттік органдардан алынған ақпаратты талдау жолымен жергілікті атқарушы орган айқындайтын, гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың Қазақстан Республикасы аумағында қалыптасқан ең төменгі бағасы;
10) өтінім – ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) сатып алынған ӨҚҚ үшін субсидияларды алуға арналған электрондық өтінімі;
11) өтпелі өтінім – ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) арзандатылған құнмен сатып алатын ӨҚҚ үшін ӨҚҚ өндірушінің субсидиялар алуға арналған электрондық өтiнiмі;
12) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – «электрондық үкімет» веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға, субсидия алуға арналған өтінімді (өтпелі өтінімді) тіркеуге, сондай-ақ өтінімді (өтпелі өтінімді) субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оларды өңдеуге мүмкіндік беретін, субсидиялау процестерін орындау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;
13) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қол жеткізуді ұсынатын, Интернет желісінде орналасқан интернет ресурс;
14) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – субсидиялауға арналған өтінімдер (өтпелі өтінімдер), сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;
15) танаптың электрондық картасы – бұрылыс нүктелерінің координаталарын, соңғы екі жылдағы ауыспалы егіс туралы ақпаратты және жерді қашықтықтан зондтайтын спутниктерден алынған деректерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінде орналасқан танап туралы ақпарат;
16) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
17) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
3. Инвестициялар және даму саласындағы уәкiлеттi орган жергілікті атқарушы органға отандық гербицидтер, биопрепараттар өндірушілердің тізбесін келесі жылға өткен жылдың 1 желтоқсанынан және тиісті жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей бередi.
Жергілікті атқарушы органдар отандық гербицидтер өндірушілердің тізбесін оны алғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде веб-порталға орналастырады.  
Жергілікті атқарушы органдар келесі жылға өткен жылдың 1 желтоқсанынан және тиісті жылдың 1 маусымынан кешіктірмей, отандық биоагенттер (энтомофагтар) өндірушілердің тізбесін қалыптастырады және үш жұмыс күні ішінде тізбенің деректерін веб-порталға орналастырады.
4. Сатып алынған ӨҚҚ құнын өтеуге арналған субсидияларды төлеу жергілікті бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады.
Басқарма ӨҚҚ құнын субсидиялау жөніндегі ай сайынғы жеке қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) бекіткеннен кейін оны үш жұмыс күні ішінде веб-порталға орналастырады.
5. Гербицидтердің 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялар нормасы олардың құрамы мен әсер етуші затының (тарының) концентрациясына байланысты абсолютті мәнде (теңге) белгіленеді. Құрамы мен әсер етуші затының (тарының) концентрациясы бойынша тектесі бар гербицид үшін 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялар нормасы гербицидтің немесе тектестің ең төменгі құнының жартысынан аспайтын мәнді құрайды. Құрамы мен әсер етуші затының (тарының) концентрациясы бойынша тектесі жоқ гербицид үшін 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялар нормасы тиісті гербицидтің ең төменгі құнының жартысынан аспайтын мәнді құрайды.  
Сатып алынған биопрепараттардың, биоагенттердің (энтомофагтардың) 1 грамына (данасына, литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормасы абсолютті мәнде (теңге) тиісті биопрепараттың, биоагенттің (энтомофагтың) ең төменгі құнының 40 (қырық) пайызынан (қоса алғанда) асырылмай белгіленеді.
6. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген, субсидиялар нормасын есептеу үшін дақыл (өңделетін объект) және оларды қолдану регламенті туралы ақпарат ескерілген гербицидтер мен биопрепараттардың тізбесі «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген тәртіппен бекітілетін Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтердің (улы химикаттардың) тізіміне (бұдан әрі – Пестицидтердің (улы химикаттардың) тізімі) сәйкес айқындалады.
Осы тізбені, сондай-ақ жаңадан тіркелген гербицидтер және биопрепараттар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті басқармаға ұсынады.
7. Белгіленетін субсидиялар нормасын негіздейтін құжаттар (тиісті ӨҚҚ түрлеріне қалыптасқан ең төменгі құнды растайтын, ӨҚҚ енгізу нормалары мен материалдарын ескере отырып, олардың субсидиялауға жататын түрлерінің көлемдері бойынша есептемелер, субсидиялау лимиттері) қоса берілген субсидияланатын ӨҚҚ түрлерінің тізбесі және 1 литрге (килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялар нормалары облыс, республикалық маңызы бар қала әкімінің орынбасары, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адам қол қойған ілеспе хатпен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) тиісті жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей мақұлдауға ұсынылады.
Оң шешім қабылданған жағдайда Министрлік тиісті ілеспе хатпен субсидияланатын ӨҚҚ тізбесін және 1 литрге (килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялар нормаларын кері қайтарады.
Теріс шешім қабылданған жағдайда Министрлік субсидияланатын ӨҚҚ тізбесін және 1 литрге (килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялар нормаларын мақұлдаудан уәжді бас тартуы бар хатпен кері қайтарады. Бұл ретте пысықталған субсидияланатын ӨҚҚ түрлерінің тізбесі және субсидиялар нормалары қайта қарау үшін бес жұмыс күні ішінде Министрлікке жолданады.