Bestprofi Logo

Бұйрық № 564 от 2018-10-12г./Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерін және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерін және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 қазанда № 17553 болып тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.08.2025 жылғы № 196 Бұйрығына сәйкес (31.03.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 63) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 жылғы № 264 Бұйрығына сәйкес (12.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 07.08.2023 жылғы № 248 Бұйрығына сәйкес (04.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.03.2025 жылғы № 55 Бұйрығына сәйкес (29.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.04.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

1. Қоса беріліп отырған Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерін және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидалары бекітілсін.

1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.08.2025 жылғы № 196 Бұйрығына сәйкес (31.03.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ш.Т. Каринова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына қосымша

Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп- интернат-колледждерін және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидалары

Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 жылғы № 264 Бұйрығымен (12.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 17.07.2020 жылғы № 305 Бұйрығымен (24.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 07.08.2020 жылғы № 332 Бұйрығымен (17.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 03.06.2021 жылғы № 275 Бұйрығымен (07.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Оқуағарту министрінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 350 Бұйрығымен (03.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Қағидалар өзгертілді ҚР БОқуағарту министрінің 27.08.2022 жылғы № 378 Бұйрығымен (05.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Оқуағарту министрінің 04.04.2023 жылғы № 84 Бұйрығымен (27.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Оқуағарту министрінің 07.08.2023 жылғы № 248 Бұйрығымен (04.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Оқуағарту министрінің 30.01.2024 жылғы № 16 Бұйрығымен (07.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Оқуағарту министрінің 29.04.2024 жылғы № 94 Бұйрығымен (30.01.2024 ж. редакцияны қараңыз) Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.03.2025 жылғы № 55 Бұйрығымен (29.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.04.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.08.2025 жылғы № 196 Бұйрығымен (31.03.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.08.2025 жылғы № 196 Бұйрығына сәйкес (31.03.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

1. Осы Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерін және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 63) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерін және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) оқуға қабылдаудың тәртібін, сондай-ақ «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау», «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібін айқындайды.

2. Білім беру ұйымдары оқуға қабылдауды Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңға, осы Үлгілік қағидаларға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ олардың негізінде әзірленген білім беру ұйымдарының жарғыларына сәйкес жүзеге асырады.

3. Білім алушылардың қатарына қабылдау білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.

4. Сыныптарды білім алушылардың даярлық деңгейі және даму дәрежесі бойынша жасақтауға рұқсат етілмейді.

5. Білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау кезінде білім беру ұйымдарының басшылары «Мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығына 2-қосымшамен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13227 болып тіркелген) бекітілген білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартына сәйкес білім беру қызметтерін көрсету үшін балалардың немесе білім алушылардың ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) шарт жасайды.

6. Көрсетілетін қызметті алушы баланың немесе білім алушының тілегі, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып және қабылдау шарттарына сәйкес білім беру ұйымдарын таңдайды.

7. Білім беру ұйымына оқуға қабылдаудан бас тартылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы тұрғылықты жері бойынша білім беруді басқарудың жергілікті органдарына жүгінеді.

2-тарау. Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерін және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі

8. Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.

Білім беру ұйымына қызмет ету аумағы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бұйрығымен бекітіледі.

9. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін алу үшін құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арқылы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) қағаз тасығышта жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттарды ұсынады.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген.

Үлгілік қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық акті мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты «электрондық үкімет» ақпараттық- коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.

10. Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірі мен 31 тамызы аралығында жүзеге асырылады.

11. Балаларды білім беру ұйымдарына қабылдау үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1) қызмет алушының осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазылған өтініші;

2) баланың туу туралы куәлігі (құжатты қағаз түрінде тапсырған кезде деректерді салыстыру үшін көрсетілетін қызметті алушының өзі ұсынады);

3) қызмет алушының жеке куәлігі (құжатты қағаз түрінде тапсырған кезде деректерді салыстыру үшін көрсетілетін қызметті алушының өзі ұсынады);

4) «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттаманың нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 тіркелген) бұйрығына (бұдан әрі - ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы) сәйкес № 065/е нысанындағы «Иммундау паспорты» және № 052-2/е нысанындағы «Бала денсаулығының паспорт» медициналық анықтамалары;

5) баланың 3х4 см көлеміндегі фотосуреті.

12. Портал арқылы жүгінген көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама (құжаттарды қабылдау не осы Үлгілік қағидалардың 13-тармағында көрсетілген дәлелді бас тарту) жіберіледі.

13. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсетуден дәлелді бас тартуы үшін «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 19-1-бабының 2-тармағында белгіленген тізбе, сондай-ақ «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) бұйрығының (бұдан әрі- № ҚР ДСМ-76 бұйрығы) 2-қосымшасында бекітілген санитарлық қағидаларына сәйкес негіздер болып табылады, олар:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;

6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;

14. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында баланың ағымдағы жылдың 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымына қабылданатыны туралы хабарлама не болмаса осы Үлгілік қағидалардың 13-тармағында көрсетілген дәлелді бас тарту келеді.

15. Көрсетілетін қызметті беруші оқуға қабылдау кезінде ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан өтініш берген алғашқы үш көрсетілетін қызметті алушыға қабылданатыны туралы хабарлама жібереді, содан кейін – білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан тыс, бірінші болып тіркелгендер қатарынан 1 (бір) үміткерге ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қабылданатыны туралы хабарлама жібереді.

16. Өтінішті қағаз түрінде көрсетілетін қызметті беруші арқылы берген кезде, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды тіркейді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан алғаны туралы қолхат немесе құжаттарды қабылдаудан бас тартқаны туралы Үлгілік қағидалардың 13-тармағында көзделген дәлелді бас тарту негіздері көрсетілген қолхатты Үлгілік қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысандар бойынша береді.

Көрсетілетін қызметті беруші ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қабылдау туралы хабарламаны бірінші болып тіркелгендер қатарынан 3-ке 1 (білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан 3 үміткерге, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан тыс 1 үміткерге) қатынасын ескере отырып жібереді.

Білім беру ұйымы бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықты ағымдағы жылғы 25 тамыздан кейін шығарады.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание