Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 184 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 17 қазанда № 17572 болып тіркелді
Редакция 11.12.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Рахметова С.К.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 тамыздағы
№ 184 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 22 ақпандағы № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 болып тіркелген, 2008 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында № 12 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспары (бұдан әрі – Шоттар жоспары) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі – жинақтаушы зейнетақы қорлары), банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұрын еншілес банк болған заңды тұлғаны қоспағанда), Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының және микроқаржы ұйымдарының (бұдан әрі – ұйымдар) қаржылық есептілік элементтерін топтастыру және қаржылық есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есеп шоттарында құндық көрсеткішпен ағымдағы көрсетуге арналған.»;
4-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;
1-параграфта 1060 91, 1270 91, 1280 91, 1280 92, 1280 93, 1280 94 және 1280 95 шоттардың нөмірлері және аттары алып тасталсын;
3-параграфта 3390 91 және 3390 92 шоттардың нөмірлері және аттары алып тасталсын;
4-параграфта 4030 91, 4030 92, 4030 93, 4030 94, 4030 95 және 4030 96 шоттардың нөмірлері және аттары алып тасталсын;
6-параграфта 6240 91 және 6280 91 шоттардың нөмірлері және аттары алып тасталсын;
7-параграфта 7310 91, 7310 92, 7310 93, 7310 94 және 7440 91 шоттардың нөмірлері және аттары алып тасталсын;
9-параграфта 8760 шоттың нөмірі және аты алып тасталсын;
1-параграфта 1060 91, 1270 91, 1280 91, 1280 92, 1280 93, 1280 94, 1280 95, 3390 91 және 3390 92 шоттардың нөмірлері, аттары және сипаттары алып тасталсын;
3-параграфта 8760 шоттың нөмірі, аты және сипаты алып тасталсын;
4-параграфта 4030 91, 4030 92, 4030 93, 4030 94, 4030 95 және 4030 96 шоттардың нөмірлері, аттары және сипаттары алып тасталсын;
6-параграфта 6240 91 және 6280 91 шоттардың нөмірлері, аттары және сипаттары алып тасталсын;
7-параграфта 7310 91, 7310 92, 7310 93, 7310 94 және 7440 91 шоттардың нөмірлері, аттары және сипаттары алып тасталсын.
2. «Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7121 болып тіркелген, 2011 жылғы 5 қазанда «Заң газеті» газетінде № 144 (2134) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Нұсқаулық (бұдан әрі – осы Нұсқаулық) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі – жинақтаушы зейнетақы қорлары), банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың (бұрын еншілес банк болған заңды тұлғаны қоспағанда), бағалы қағаздар нарығы кәсiби қатысушыларының және микроқаржы ұйымдарының (бұдан әрi – ұйым) меншiктi ақшаны салымдарға, қарыздарға, бағалы қағаздарға, туынды қаржы құралдарына, тазартылған бағалы металдарға, шетел валютасына орналастыру операцияларының, хеджирлеу операцияларының, сондай-ақ РЕПО және керi РЕПО операцияларының бухгалтерлiк есебін жүргiзуді нақтылайды.».
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4. «Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 270 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7978 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 431-432 (27250-27251) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және қаржы ұйымдары, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізуді ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы (бұдан әрі – Бухгалтерлік есеп туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы ұйымдарының (жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ұйымдарды қоспағанда) және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ұйымдар) бухгалтерлік есебін жүргізуді ұйымдастыру тәртібін белгілейді.».
5. «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 240 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13056 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу қағидаларында:
1-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) таза шығыстар – комиссиялық сыйақы төлеу бойынша шығыстар, жалпы және әкімшілік шығыстар, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13504 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 41 қаулысымен (бұдан әрі – № 41 қаулы) бекітілген қаржы ұйымдарының, микроқаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті ұсынуы қағидаларына 5-қосымшада көзделген ұқсас шығыстар баптарына сәйкес келетін басқа да шығыстар;».
6. «Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурстарында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша атқарушы органның мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 26 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13438 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурстарында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша атқарушы органның мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидаларында:
10-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) акционерлік қоғам (қаржы ұйымын қоспағанда) үшін – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15384 тіркелген «Жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығымен (бұдан әрі – № 404 бұйрық) бекітілген тізбеге және нысандарға;
2) қаржы ұйымы үшін – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13504 тіркелген «Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының қаржылық есептiлiктi ұсынуы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 41 қаулысына (бұдан әрі – № 41 қаулы);»;
11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қаржы ұйымын қоспағанда, акционерлік қоғам үшін – № 404 бұйрықпен бекітілген нысандарға сәйкес жасалған бухгалтерлік баланс және пайда мен зияндар туралы есеп;».
7. «Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының қаржылық есептiлiктi ұсынуы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 41 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13504 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы ұйымдарының, микроқаржы ұйымдарының қаржылық есептiлiктi ұсынуы қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспесі және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, қаржы ұйымдарының, микроқаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті ұсыну тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қаржы ұйымдарының, микроқаржы ұйымдарының қаржылық есептiлiктi ұсынуы қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының қаржылық есептiлiктi ұсынуы қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы ұйымдарының, микроқаржы ұйымдарының қаржылық есептiлiктi ұсынуы қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қаржы ұйымдарының, микроқаржы ұйымдарының қаржылық есептiлiктi ұсынуы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржылық есептілік нысандарын, тiзбесiн, кезеңділігін және ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, қаржы ұйымдарының және микроқаржы ұйымдарының қаржылық есептiлiктi ұсыну тәртібін айқындайды.»;
11 және 13-тармақтар алып тасталсын;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Ұлттық Банкке ай сайынғы қаржылық есептілікті:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қағидаларға 6, 7, 8 және 9-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша: есепті айдан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей;
сыртқы басқаруға берілген зейнетақы активтері болған жағдайда – есепті айдан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей;
3) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары Қағидаларға 6, 7, 8 және 9-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей;
4) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар Қағидаларға 10 және 11-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей;
5) инвестициялық портфельді басқарушылар Қағидаларға 10, 11, 12 және 13-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей;
6) Ұлттық почта операторы Қағидаларға 14 және 15-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей;
7) «өсірді сақтандыру» саласында лицензиясы бар және сақтанушының сақтандырушының инвестицияларына қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шарттарын жасауды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары Қағидаларға 12 және 13-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.»;
4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы ұйымдарының,
микроқаржы ұйымдарының қаржылық
есептiлiктi ұсынуы қағидаларына
4-қосымша»;
5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы ұйымдарының,
микроқаржы ұйымдарының қаржылық
есептiлiктi ұсынуы қағидаларына
5-қосымша»;
6-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы ұйымдарының,
микроқаржы ұйымдарының қаржылық
есептiлiктi ұсынуы қағидаларына
6-қосымша»;
7-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы ұйымдарының,
микроқаржы ұйымдарының қаржылық
есептiлiктi ұсынуы қағидаларына
7-қосымша»;
8-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы ұйымдарының,
микроқаржы ұйымдарының қаржылық
есептiлiктi ұсынуы қағидаларына
8-қосымша»;
9-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы ұйымдарының,
микроқаржы ұйымдарының қаржылық
есептiлiктi ұсынуы қағидаларына
9-қосымша»;
10-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы ұйымдарының,
микроқаржы ұйымдарының қаржылық
есептiлiктi ұсынуы қағидаларына
10-қосымша»;
11-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы ұйымдарының,
микроқаржы ұйымдарының қаржылық
есептiлiктi ұсынуы қағидаларына
11-қосымша»;
12-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес нысанда жазылсын;
13-қосымша Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес нысанда жазылсын;
14-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы ұйымдарының,
микроқаржы ұйымдарының қаржылық
есептiлiктi ұсынуы қағидаларына
14-қосымша»;
15-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы ұйымдарының,
микроқаржы ұйымдарының қаржылық
есептiлiктi ұсынуы қағидаларына
15-қосымша»;
16-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы ұйымдарының,
микроқаржы ұйымдарының қаржылық
есептiлiктi ұсынуы қағидаларына
16-қосымша».
8. «Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 47 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15084 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әзірленді және қаржы ұйымдарының (айрықша қызметі банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және микроқаржы ұйымдарының (бұдан әрі – ұйым) бухгалтерлік есепті жүргізуін автоматтандыру тәртібін айқындайды.».
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі Басқармасының бухгалтерлік
есеп жүргізу және қаржылық
есептілік мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін кейбір
қаулыларының тізбесіне
1-қосымша
Қаржы ұйымдарының,
микроқаржы ұйымдарының қаржылық
есептiлiктi ұсынуы қағидаларына
12-қосымша
«Инвестициялық қордың (басқа клиенттердің) активтері бойынша бухгалтерлік баланс» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Есепті кезең: _____ жылғы ____________
Ұсынатындар: инвестициялық портфельді басқарушылар және «өмірді сақтандыру» саласында лицензиясы бар және сақтанушының сақтандырушының инвестицияларына қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шарттарын жасауды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей
Қаржылық есептілік түрі: жеке
Инвестициялық қордың (басқа клиенттердің) активтері бойынша бухгалтерлік баланс
_________________________________________________________________
(инвестициялық портфельді басқарушының толық атауы)
_________________________________________________________________
(инвестициялық қордың (басқа да клиенттің) толық атауы)
_____ жылғы «___» ____________ жағдай бойынша
Баптың атауы
|
Жол коды
|
Есепті кезеңнің соңында
|
Есепті кезеңнің басында
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Активтер
|
|
|
|
Ақшалай қаражат және ақша қаражатының баламалары
|
1
|
|
|
Тазартылған бағалы металдар
|
2
|
|
|
Банктердегі салымдар
|
3
|
|
|
Бағалы қағаздар
|
4
|
|
|
оның ішінде:
|
|
|
|
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары
|
4.1
|
|
|
халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары
|
4.2
|
|
|
шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары
|
4.3
|
|
|
шет мемлекеттердің бағалы қағаздары
|
4.4
|
|
|
Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары
|
4.5
|
|
|
басқа бағалы қағаздар
|
4.6
|
|
|
Депозитарлық қолхаттар
|
5
|
|
|
Инвестициялық пай қорларының пайлары
|
6
|
|
|
Акционерлік қоғамдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар
|
7
|
|
|
«кері РЕПО» операциялары бойынша талаптар
|
8
|
|
|
Дебиторлық берешек
|
9
|
|
|
Туынды қаржы құралдары
|
10
|
|
|
Материалдық емес активтер
|
11
|
|
|
Негізгі құрал-жабдықтар
|
12
|
|
|
оның ішінде:
|
|
|
|
жер телімдері
|
12.1
|
|
|
үйлер мен ғимараттар
|
12.2
|
|
|
салынып жатқан және қайта құрылатын жылжымайтын мүлік объектілері
|
12.3
|
|
|
Басқа негізгі құрал-жабдықтар
|
12.4
|
|
|
Басқа активтер
|
13
|
|
|
Активтер жиынтығы
|
14
|
|
|
|
|
|
|
Міндеттемелер
|
|
|
|
Инвестициялық қордың бағалы қағаздарын сатып алу
|
15
|
|
|
Төленуге тиіс дивидендтер
|
16
|
|
|
Алынған қарыздар
|
17
|
|
|
Туынды қаржы құралдары
|
18
|
|
|
Кредиторлық берешек
|
19
|
|
|
«РЕПО» операциялары бойынша міндеттемелер
|
20
|
|
|
Басқа міндеттемелер
|
21
|
|
|
Міндеттемелер жиынтығы
|
22
|
|
|
Таза активтер жиынтығы
|
23
|
|
|
Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам) ____________________ ___________ ___________ Тегі, аты, әкесінің аты қолы күні (ол болған кезде)
Бас бухгалтер ____________________ ___________ ___________ Тегі, аты, әкесінің аты қолы күні (ол болған кезде)
Орындаушы ____________________ ___________ Тегі, аты, әкесінің аты қолы (ол болған кезде)
Орындаушының телефоны ____________________
«Инвестициялық қордың (басқа
клиенттердің) активтері бойынша
бухгалтерлік баланс»әкімшілік
деректерді жинауға
арналған нысанына
қосымша
«Инвестициялық қордың (басқа клиенттердің) активтері бойынша бухгалтерлік баланс» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1. Осы түсіндірме «Инвестициялық қордың (басқа клиенттердің) активтері бойынша бухгалтерлік баланс» әкімшілік деректер жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Инвестициялық портфельді басқарушылар және «өмірді сақтандыру» саласында лицензиясы бар және сақтанушының сақтандырушының инвестицияларына қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шарттарын жасауды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары нысанды есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша ай сайын толтырады.
4. Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейiн дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейiн дөңгелектенеді.
5.Толтырылған нысанға бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.
6. 3-бағанда есепті кезеңнің соңғы күнін қоса алғанда, есепті кезең соңындағы деректер көрсетіледі.
7. 4-бағанда есепті кезең басындағы деректер көрсетіледі.
8. 1 – 23-жолдарда бас кітаптан немесе деректер базасынан алынған ақпарат негізінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары ескеріле отырып топтастырылған деректер көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі Басқармасының бухгалтерлік
есеп жүргізу және қаржылық
есептілік мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін кейбір
қаулыларының тізбесіне
2-қосымша
Қаржы ұйымдарының,
микроқаржы ұйымдарының қаржылық
есептiлiктi ұсынуы қағидаларына
13-қосымша»;
«Инвестициялық қордың (басқа клиенттердің) активтері бойынша пайда мен зияндар туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Есепті кезең: _____ жылғы ____________
Ұсынатындар: инвестициялық портфельді басқарушылар және «өмірді сақтандыру» саласында лицензиясы бар және сақтанушының сақтандырушының инвестицияларына қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шарттарын жасауды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей
Қаржылық есептілік түрі: жеке
Инвестициялық қордың (басқа клиенттердің) активтері бойынша пайда мен зияндар туралы есеп
___________________________________________________________
(инвестициялық портфельді басқарушының толық атауы)
____________________________________________________________
(инвестициялық қордың, басқа клиенттің толық атауы)
_____ жылғы «___» ____________ жағдай бойынша
Баптың атауы
|
Жол коды
|
Жыл басынан бастап есепті күнге дейінгі кезеңде
|
Есепті кезеңде
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Кезең басындағы инвестициялық қордың таза активтері
|
1
|
|
|
Клиент активтерінің түсімдері
|
2
|
|
|
Инвестициялық қордың бағалы қағаздарын (пайларын) орналастырудан түсімдер
|
3
|
|
|
Орналастырылған салымдар бойынша сыйақы түріндегі кірістер
|
4
|
|
|
Бағалы қағаздар бойынша сыйақы (купон және (немесе) дисконт) түріндегі кірістер
|
5
|
|
|
оның ішінде:
|
|
|
|
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша
|
5.1
|
|
|
халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары бойынша
|
5.2
|
|
|
шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары бойынша
|
5.3
|
|
|
шет мемлекеттердің бағалы қағаздары бойынша
|
5.4
|
|
|
Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары бойынша
|
5.5
|
|
|
басқа бағалы қағаздар бойынша
|
5.6
|
|
|
«Кері РЕПО» операциялары бойынша кірістер
|
6
|
|
|
Акциялар бойынша дивидендтер түріндегі кірістер
|
7
|
|
|
Бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан түскен кірістер
|
8
|
|
|
Акционерлік қоғамдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардан түскен кірістер
|
9
|
|
|
Қайта бағалаудан түскен кірістер
|
10
|
|
|
оның ішінде:
|
|
|
|
бағалы қағаздардың әділ құнының өзгеруінен
|
10.1
|
|
|
шетел валютасын қайта бағалаудан
|
10.2
|
|
|
қайта бағалаудан түскен басқа кірістер
|
10.3
|
|
|
Шетел валютасын сатып алу-сатудан түскен кірістер
|
11
|
|
|
Басқа қаржы активтері бойынша сыйақы түріндегі кірістер
|
12
|
|
|
Басқа кірістер
|
13
|
|
|
Кірістер жиынтығы
|
14
|
|
|
Инвестициялық қордың сатып алынған бағалы қағаздары (пайлары)
|
15
|
|
|
Инвестициялық қордың акциялары бойынша төленген дивидендтер бойынша шығыстар
|
16
|
|
|
Клиент активтерін алып қою
|
17
|
|
|
Бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан болған шығыстар
|
18
|
|
|
Акционерлік қоғамдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардан болған шығыстар
|
19
|
|
|
Қайта бағалаудан болған шығыстар
|
20
|
|
|
оның ішінде:
|
|
|
|
бағалы қағаздардың әділ құнының өзгеруінен
|
20.1
|
|
|
шетел валютасын қайта бағалаудан
|
20.2
|
|
|
қайта бағалаудан болған басқа шығыстар
|
20.3
|
|
|
Шетел валютасын сатып алу-сатудан болған шығыстар
|
21
|
|
|
Комиссиялық сыйақылар
|
22
|
|
|
оның ішінде:
|
|
|
|
инвестициялық портфельді басқарушыға
|
22.1
|
|
|
брокерге және дилерге
|
22.2
|
|
|
кастодианға және тіркеушіге
|
22.3
|
|
|
басқа тұлғаларға
|
22.4
|
|
|
Басқа шығыстар
|
23
|
|
|
Шығыстар жиынтығы
|
24
|
|
|
|
|
|
|
Анықталмаған (қате аударылған) сомалар
|
25
|
|
|
Анықталмаған (қате аударылған) сомаларды қайтару
|
26
|
|
|
Кезең соңындағы таза активтер
|
27
|
|
|
Таза активтердегі өзгерістер
|
28
|
|
|
Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы тұлға) _____________________ ____________ ____________ Тегі, аты, әкесінің аты қолы күні (бар болса)
Бас бухгалтер _____________________ ____________ ____________ Тегі, аты, әкесінің аты қолы күні (бар болса)
Орындаушы _____________________ ____________ Тегі, аты, әкесінің аты қолы (бар болса)
Орындаушының телефоны _____________________
«Инвестициялық қордың (басқа
клиенттердің) активтері бойынша
пайда мен зияндар туралы есеп»
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанына
қосымша
«Инвестициялық қордың (басқа клиенттердің) активтері бойынша пайда мен зияндар туралы есеп» әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1. Осы түсіндірме «Инвестициялық қордың (басқа клиенттердің) активтері бойынша пайда мен зияндар туралы есеп» әкімшілік деректер жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды инвестициялық портфельді басқарушы және «өмірді сақтандыру» саласында лицензиясы бар және сақтанушының инвестицияларға қатысуы немесе сақтандырушы пайдасының талаптарын көздейтін сақтандыру шарттарын жасасуды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары ай сайын, есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырады.
4. Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейiн дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейiн дөңгелектенеді.
5. Толтырылған нысанға бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы тұлға), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.
6. 3-бағанда есепті кезеңнің соңғы күнін қоса алғанда, жыл басынан бастап есепті күнге дейінгі кезеңдегі деректер көрсетіледі.
7. 4-бағанда есепті кезеңнің соңғы күнін қоса алғанда, есепті кезеңдегі деректер көрсетіледі.
8. 1 – 28-жолдарда бас кітаптан немесе деректер базасынан алынған ақпарат негізіндегі, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары ескеріле отырып топтастырылған деректер көрсетіледі.
9. 1-жол бойынша 3-бағанда тиісті жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша деректер көрсетіледі, 4-бағанда әр есепті айдың біріндегі жағдай бойынша деректер көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 шілдедегі
№ 184 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. «Арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 100 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5434 тіркелген).
2. «Исламдық арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 20 наурыздағы № 25 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5635 тіркелген).
3. «Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау мәселелерін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 43 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7503 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінің № 261-266 (27340) жарияланған) 1-қосымша болып табылатын бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау мәселелерін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.
4. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 131 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11993 тіркелген, 2015 жылғы 17 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қосымша болып табылатын бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2 және 3-тармақтары.
5. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 6 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13415 тіркелген, 2016 жылғы 4 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қосымша болып табылатын бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2 және 3-тармақтары.
6. «Арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 100 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 200 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16035 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 13 желтоқсанда жарияланған).
7. «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, өзара сақтандыру қоғамдарына және сақтандыру брокерлерiне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының, сақтандыру брокерлерiнiң бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 251 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16390 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 2 наурыз жарияланған) 3-қосымша болып табылатын бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы.