• Менің таңдаулыларым
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 9

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 31 қазанда № 17650 болып тіркелді

Редакция 04.11.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 9) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 жылғы № 237 Бұйрығына сәйкес (12.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 15.12.2022 жылғы № 189 Бұйрығына сәйкес (20.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м. а. 27.10.2023 жылғы № 547 Бұйрығына сәйкес (02.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.11.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
  • 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
  • 1
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
  • 1
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев
  • 1
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы
№ 600 бұйрығына
1-қосымша
  • 3
Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 14.06.2019 жылғы № 269 Бұйрығына сәйкес (31.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-3-бабының 9) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы) 10-бабының 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 22) тармақшасына сәйкес әзірленген және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау және «Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 жылғы № 237 Бұйрығына сәйкес (12.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 15.12.2022 жылғы № 189 Бұйрығына сәйкес (20.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м. а. 27.10.2023 жылғы № 547 Бұйрығына сәйкес (02.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.11.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 08.07.2025 жылғы № 341 Бұйрығына сәйкес
2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) адамдарды қабылдау республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын тағайындау және мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ білім алушылардың бюджеттен тыс және өз қаражаты есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 жылғы № 237 Бұйрығына сәйкес (12.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м. а. 27.10.2023 жылғы № 547 Бұйрығына сәйкес (02.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.11.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 21.10.2025 жылғы № 490 Бұйрығымен (08.07.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
ЖЖОКБҰ үздіксіз интеграцияланған медициналық білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша қабылдауды бакалавриаттың, магистратураның, резидентураның білім беру қызметіне лицензияға қосымшалар болған кезде жүзеге асырады.
2-тарау. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдау рәсімі
3. ЖЖОКБҰ-ға жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар адамдар қабылданады.
  • 1
4. Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу және (немесе) ақылы оқуға қабылдау үшін қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижесі бойынша:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 жылғы № 237 Бұйрығына сәйкес (12.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 24.05.2021 жылғы № 241 Бұйрығына сәйкес (06.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 05.11.2021 жылғы № 554 Бұйрығына сәйкес (09.08.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 20.07.2022 жылғы № 3 Бұйрығына сәйкес (05.11.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.06.2023 жылғы № 252 Бұйрығына сәйкес
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.05.2024 жылғы № 212 Бұйрығына сәйкес (27.10.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 08.07.2025 жылғы № 341 Бұйрығына сәйкес (26.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.07.2025 жылдан бастап)
ұлттық ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 65 балл, ал «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау» білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім беру салалары бойынша – кемінде 50 балл және «Құқық» даярлау бағыты бойынша – кемінде 75 балл;
ағымдағы күнтізбелік жылда жаңадан құрылған және білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алған ұлттық ЖЖОКБҰ-да - кемінде 50 балл, ал «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау» білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл, «Құқық» даярлау бағыты бойынша – кемінде 75 балл;
басқа ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 50 балл, ал «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау» білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл және «Құқық» даярлау бағыты бойынша – кемінде 75 балл жинаған адамдар жіберіледі.
Бұл ретте ҰБТ-ның Қазақстан тарихы және екі бейіндік пәндері бойынша және (немесе) шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл, ал Оқу сауаттылығы мен Математикалық сауаттылықтан кемінде 3 балл алу қажет.
Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен қысқартылған оқу мерзімін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға арналған жоғары білімнің беру грантын беру конкурсына қатысу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша – кемінде 25 балл және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 35 балл, оның ішінде ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинаған адамдар жіберіледі.
ҰБТ-ны электрондық форматта өту кезінде республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына оқуға түсуші осы тармақта көрсетілген қажетті балл саны бар ҰБТ-ның нәтижесімен қатыса алады.
Осы тармақта көрсетілген талаптар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларға қолданылмайды.
4-1. Шет тілін (ағылшын) меңгергенін растайтын:
2-тарау 4-1-тармақпен толықтырылды ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 жылғы № 237 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 12.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 20.07.2022 жылғы № 3 Бұйрығына сәйкес (05.11.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 02.06.2023 жылғы № 252 Бұйрығына сәйкес (26.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)
4-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.05.2024 жылғы № 212 Бұйрығына сәйкес (27.10.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС) халықаралық сертификаттары бар тұлғалар қалауы бойынша ҰБТ-да «Шет тілі (ағылшын)» бейіндік пәнін немесе арнайы пәнін тапсырудан босатылады.
ҰБТ-да «Шет тілі (ағылшын)» бейіндік пәнін немесе арнайы пәнін тапсырған және бір мезгілде жоғарыда көрсетілген шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттардың (ағылшын тілі) бірін ұсынған жағдайда ҰБТ сертификаты үшін шет тілі (ағылшын тілі) балдарының ең жақсы нәтижесі ескеріледі.
SAT (ЭсЭйТи – САТ), ACT (ЭйСиТи), IB (АйБи), A Level (Э-Левел), TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ), TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), IELTS (АЙЛТС) халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар тұлғалар Қағидаларға 2-1-қосымшаға балдарды ауыстыру шкаласына сәйкес білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысады және (немесе) жоғары оқу орындарына ақылы бөлімге қабылданады.
4-2. Қазақ тілін В1-ден (орта) төмен емес деңгейде меңгергенін растайтын ҚАЗТЕСТ сертификаты бар тұлғалар осы Үлгілік қағидаларға 2-2-қосымшада белгіленген балдарды ауыстыру шкаласына сәйкес қалауы бойынша ҰБТ-да «Қазақ тілі» бейіндік пәнін немесе арнайы пәнін тапсырудан босатылады.
2-тарау 4-2-тармақпен толықтырылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.05.2024 жылғы № 212 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 14.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-3. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының бітірушілері осы Үлгілік қағидаларға 2-3-қосымшада белгіленген оқудағы нәтижелерін сырттай бағалау балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру шәкіліне сәйкес білім беру грантын беру конкурсына қатысады және (немесе) жоғары оқу орындарына ақылы бөлімге қабылданады.
2-тарау 4-3-тармақпен толықтырылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.05.2024 жылғы № 212 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 14.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. ЖЖОКБҰ Заңның 43-1-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына және осы Үлгілік қағидаларға сәйкес ЖЖОКБҰ-ға қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 жылғы № 237 Бұйрығына сәйкес (12.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 26.01.2023 жылғы № 29 Бұйрығына сәйкес (15.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)
5-тармақ өзгертілді ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 26.07.2024 жылғы № 372 Бұйрығымен (03.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 08.07.2025 жылғы № 341 Бұйрығына сәйкес (26.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.07.2025 жылдан бастап)
Қосымша емтиханға қатысу үшін өтінішті қабылдау, оны ЖЖОКБҰ-ның өткізуі 1 шілде мен 20 тамыз аралығында жүзеге асырылады, бұл ретте білім беру грантын беру конкурсына қатысушылар үшін қосымша емтихан конкурсқа қатысуға өтініштерді қабылдау басталғанға дейін өткізіледі.
Түсушілер осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген балдарға сәйкес мәлімделген ЖЖОКБҰ-ға қосымша емтиханға қатысуға өтініш береді.
Түсуші қосымша емтиханнан өткен және (немесе) ЖЖОКБҰ белгілеген шекті өту балын жинаған жағдайда ЖЖОКБҰ-ға қабылданады.
Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындарына және (немесе) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша құрылған олардың филиалдарына қабылдау қағидаларын ЖЖОКБҰ дербес әзірлейді және бекітеді.
6. Қазақстан Республикасының азаматтары және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар ұлты қазақ адамдар қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылданады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 26.01.2023 жылғы № 29 Бұйрығына сәйкес (15.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)
6-тармақ өзгертілді ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 26.07.2024 жылғы № 372 Бұйрығымен (03.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 08.07.2025 жылғы № 341 Бұйрығына сәйкес (26.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.07.2025 жылдан бастап)
6-тармақ өзгертілді ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 21.10.2025 жылғы № 490 Бұйрығымен (08.07.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
ЖЖОКБҰ-ға «орта буын маманы» немесе «қолданбалы бакалавр» біліктілігі бар техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін, ақылы оқуға түсетін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша адамдарды қабылдауды ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
Ақылы негізде қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары тобы бойынша жоғары білімі бар адамдарды ЖЖОКБҰ-ға қабылдауды ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
Мерзімді әскери қызмет өткерген, жалпы орта білімі бар азаматтарды ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдау ҰБТ-ның нәтижелерін есепке алмай, күнтізбелік жыл ішінде ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін екі жыл ішінде жүзеге асырылады. Бұл ретте, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша «Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалар тобына, ал осы қағидаларға сәйкес «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласының басқа да білім беру бағдарламалар тобына оқуға қабылдауға жол беріледі.
6-тармақтың төртінші бөлігі 01.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізілді ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 08.07.2025 № 341 Бұйрығының 4-тармағына сәйкес
Мерзімді әскери қызмет өткерген, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін екі жыл ішінде ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары ҰБТ-ның нәтижелерін есепке алмай өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша оқудың қысқартылған мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша ақылы негізде оқуға қабылданады. Бұл ретте, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша «Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалар тобына, ал осы қағидаларға сәйкес «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласының басқа да білім беру бағдарламалар тобына оқуға қабылдауға жол беріледі.
6-тармақтың бесінші бөлігі 01.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізілді ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 08.07.2025 № 341 Бұйрығының 4-тармағына сәйкес
7. Шетелдік азаматтарды білім беру гранты негізінде бөлінген квота бойынша халықаралық келісімдер негізінде құрылған халықаралық және шетелдік ЖЖОКБҰ-ға қабылдауды халықаралық және шетелдік ЖЖОКБҰ дербес жүзеге асырады.
7-тармақ өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 жылғы № 237 Бұйрығымен (өзгерту 12.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 08.07.2025 жылғы № 341 Бұйрығына сәйкес (26.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.07.2025 жылдан бастап)
Шетелдік азаматтарды ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға оқуға қабылдау күнтізбелік жыл ішінде ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына дейін 5(бес) күн бұрын жүзеге асырылады.
Ағылшын тілінде оқуға түсетін шетел азаматтарын «Денсаулық сақтау» білім беру саласы бойынша ұлттық немесе өзге де жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына (ЖОО) білім беру гранты негізінде немесе ақылы негізде оқуға қабылдау ағылшын тілін меңгергенін растайтын сертификаты болған жағдайда ғана ЖОО қабылдау комиссиялары жүргізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады: International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) (IELTS Academic) (АЙЛТС Академик), шекті балл кемінде – 5.0; Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл кемінде – 35 балл; Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ), шекті балл кемінде – 417; TOEIC (Test of English for International Communication (Тест ов Инглиш фо Интернейшнал комуникэйшн)), шекті балл кемінде – 550; Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш тест), шекті балл кемінде – 80.
Бұл ретте білім беру гранты негізінде және ақылы негізде шетелдік азаматтарды қабылдауды Заңның 9-1-бабына сәйкес аккредиттеуден өткен ЖЖОКБҰ жүзеге асырады.