• Мое избранное

Отправить по почте

Палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 669 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 қазанда № 17615 болып тіркелді

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-26) тармақшасына және «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:  
1. Қоса беріліп отырған Палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. «Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 458 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 16 маусымда № 11351 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.  
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
  2018 жылғы «___» __________
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 24 қыркүйектегі
бұйрығымен № 669 бекітілген
Палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-26) тармақшасына және «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-28) тармақшасына сәйкес әзірленді және палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын, палубалы шағын көлемді кемелерге қолданылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) палубалы шағын көлемді кеме – бортқа, арақабырға және тіреуіш бағандарға сүйенетін кеме корпусында тұмсығынан артқы бөлігіне дейін төсемнен және жинақтан тұратын, су өткізбейтін көлденең жабыны бар шағын көлемді кеме;
2) Кеме қатынасының тіркелімі – кемелерді, палубалы шағын көлемді кемелерді сыныптайтын және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
3) техникалық қадағалау – палубалы шағын көлемді кемелерді куәландыру бойынша Кеме қатынасының тіркелімінің қызметі;
4) куәландыру – кеменiң арналуы мен жiктелiмiнiң расталуын есепке ала отырып, оның жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған, техникалық регламенттерде және Кеме қатынасы тiркелiмiнiң ережелерiнде белгiленген талаптарға сәйкес кеменiң техникалық жай-күйiн анықтау мақсатында кеменi қарап шығу;
5) палубалы шағын көлемді кемені куәландыру актісі – Кеме қатынасы тiркелiмiмен берілетін және куәландыру нәтижелерін қамтитын құжат;
6) паналау орнына дейінгі қашықтық – жақын маңайдағы қол жетімді портқа немесе паналау орнына кеме жүруі үшін таңдалған бағдардың нүктесінен жолдың навигациялық жағынан ең қысқа қауіпсіз жағалауынан өлшенетін километрдегі (бұдан әрі – км) барынша рұқсат етілетін қашықтық;
7) паналау орны – кемемен оның қауіпсіздігіне қатер төндіретін мән-жайлар туындаған кезде пана ретінде қолданатын табиғи немесе жасанды қорғалған акватория;
8) қамтамасыз етілуі (h1%) 1 % толқынның биіктігі – нақты толқынның 1 % үзіліссіз ұзақ байқау кезінде көрсетілгеннен артатын биіктікте болған, тұрақсыз толқындату режимін сипаттайтын толқынның биіктігі;
9) қамтамасыз етілуі (h3%) 3 % толқынның биіктігі – нақты толқынның 3 % үзіліссіз ұзақ байқау кезінде көрсетілгеннен артатын биіктікте болған, тұрақсыз толқындату режимін сипаттайтын толқын биіктігі.
2-тарау. Техникалық қадағалауды жүргізу тәртібі
4. Техникалық қадағалау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеме иесі өтінімінің негізінде жүзеге асырылады.
5. Техникалық қадағалау нәтижесі бойынша Кеме қатынасы тiркелiмiмен кеме иесіне палубалы шағын көлемді кемені куәландыру актісі беріледі
6. Техникалық куәландыру мынадай кезеңдерден тұрады:
1) бастапқы куәландыру;
2) қайта куәландыру;
3) кезектен тыс куәландыру.
7. Алғашқы куәландыру жағада немесе жүзу кезінде жүргізіледі.
Кемені Кеме қатынасы тiркелiмiнде есепке қою кезінде оның мемлекеттік тіркеу алдында кеменің оның құқық иелігін белгілейтін құжаттарда көрсетілген мәліметтерге нақты сәйкестігін растау үшін кеме алғашқы куәландырудан өтеді.
Бастапқы куәландыру барысында кеме техникалық құралдарының дұрыстығы мен жұмысқа қабілеттілігі, кемеге арналған техникалық құжаттама тексеріледі, оның жүк көтергіштігі мен жолаушы сыйымдылығы, рұқсат етілген қуаты мен қозғалтқыштар (аспалы моторлар) саны, желкендерінің рұқсат етілген алаңы, жүзу аудандары (жағалаудан алшақтығы), су үстіндегі борттың ең төменгі биіктігі, рұқсат етілетін толқын биіктігі, құтқару және өртке қарсы құралдармен, сигнал беру оттарымен, навигациялық және басқа жабдықтармен жарақтандырылуы бойынша шарттар мен техникалық талаптар белгіленеді.
8. Есепке қою мақсатында Бастапқы куәландыруға ұсынылатын палубалы шағын көлемді кеме, осы Қағидаларға 2-қосымшаға (бұдан әрі – 2-қосымша) сәйкес авариялық-құтқару және өзге де жарақтандырулармен жиынтықталады.
9. Қайта куәландыру Бастапқы куәландыру актісінде көрсетілген мерзімі басталғанға дейiн 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
Қайта куәландыру жүзу кезінде жүргізіледі.
Егер палубалы шағын көлемді кемені куәландыру нәтижесінде оның сипаттамасы құқық иелігін белгілейтін құжаттарға сәйкес келмейтіндігі немесе кеменің техникалық жай-күйі кеме қатынасының қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтіндігі анықталса, анықталған сәйкессіздіктер Куәландыру актісінде көрсетіледі.
10. Кезектен тыс куәландыру мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) жойылмаса кеменің жүзу қауіпсіздігі қамтамасыз етілмейтін бүлінулерден кейін;
2) жүзу қауіпсіздігіне қатер төндіретін ақаулар анықталған жағдайда және кеменің техникалық жай-күйін немесе жүзу ауданын нақтылау кезінде, сондай-ақ Сыныптау куәлігі қолданысының тоқтата тұруына әкеп соққан себептердің жойылуын тексеру үшін;
3) кеме типін, мақсатын және сыныбын (санатын) өзгертпестен, алайда оның конструкциясының және (немесе) жабдығының елеулі өзгеруінен, шағын көлемді кемелердің жөнделуінен немесе жетілдірілуінен кейін;
4) куәландыру актілерімен белгіленген жүзу ауданының немесе маусымдық шектеулердің бұзылуына жол берген кемелер үшін;
5) мемлекеттік қадағалау (бақылау) органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының нұсқамалары бойынша;
6) кемені сыныптамалық тіркеуге қою және алу кезінде;
7) кеме үшін белгіленбеген жүзу аудандарынан және маусымдарынан тыс бір жолғы өтуге (айдауға) дайындық кезінде және жүзеге асырғаннан соң;