• Мое избранное
Актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасын, халықаралық актуарийлер қауымдастықтарының тізбесін және оларға қойылатын талаптарды, Міндетті актуарлық қорытындының мазмұнына және табыс етілу тәртібіне қойылатын талаптарды, Актуарийдің біліктілігін растауға қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидаларын және мерзімдерін, Сақтандыру нарығындағы актуарлық қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия беру қағидаларын, Тестілеу өткізу қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасын, халықаралық актуарийлер қауымдастықтарының тізбесін және оларға қойылатын талаптарды, Міндетті актуарлық қорытындының мазмұнына және табыс етілу тәртібіне қойылатын талаптарды, Актуарийдің біліктілігін растауға қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидаларын және мерзімдерін, Сақтандыру нарығындағы актуарлық қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия беру қағидаларын, Тестілеу өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 191 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 қазанда № 17618 болып тіркелді

Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 жылғы № 45 Қаулысына сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 15.02.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-1-бабының 5-тармағына, 18-1-бабының 4-тармағына, 40-бабының 2,3 және 4-тармақтарына, 43-бабының 8) тармақшасына және 75-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.12.2024 жылғы № 87 Қаулысына сәйкес (23.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.04.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 жылғы № 45 Қаулысына сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Халықаралық актуарийлер қауымдастықтарының тізбесі және оларға қойылатын талаптар;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Міндетті актуарлық қорытындының мазмұнына және табыс етілу тәртібіне қойылатын талаптар;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Актуарийдің біліктілігін растауға қойылатын талаптар;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидалары және мерзімдері;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Сақтандыру нарығындағы актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру қағидалары;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес Тестілеу өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Актуарлық қызметті жүзеге асыру, актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру, актуарийдің біліктілік емтиханын тапсыру, актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 151 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9718 болып тіркелген, 2014 жылғы 3 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 261 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10211 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі 15-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  • 1
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
  • 1
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
  • 1
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрлігі
 _____________ Д. Абаев
2018 жылғы 23 қазан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрлігі
 _____________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы 24 қазан
  • 1
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 тамыздағы
№ 191 қаулысына
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 жылғы № 45 Қаулысына сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша өзгертілді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.02.2021 жылғы № 7 Қаулысымен (өзгерту 12.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 жылғы № 102 Қаулысына сәйкес (14.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы
1. Актуарийлерді оқытудың ең төменгі міндетті бағдарламасы мына алты курстан тұрады:
1-курс. Мынадай тақырыптарды қамтитын өмірді сақтандырудағы пайыздық мөлшерлемелер мен кездейсоқ процестер теориясы:
қарапайым және күрделі пайыздардың негіздері;
қаржы аннуитеттері;
қарыздар және оларды өтеу кестелері;
борыштық бағалы қағаздар;
өмір сүру кестесі;
сақтандыру аннуитеттері;
жеке өмірді сақтандыру теориясы;
бірлескен өмірді сақтандыру теориясы;
зейнетақы сақтандыру.
2-курс. Мынадай тақырыптарды қамтитын актуарлық қағидаттар және олардың көшірмелері:
пайыздық мөлшерлеме теориясын практикалық қолдану;
сақтандыру аннуитеттерін актуарлық бағалау;
өмірді сақтандыру: өнімді әзірлеу, маркетинг және андеррайтинг негіздері;
резервтерді бағалау және өмірді сақтандырудағы капитал бойынша ең төменгі талаптар;
өмірді сақтандыру өнімдерінің табыстылығын талдау және бағалау;
жалпы сақтандыру: сақтандыру өнімдері, баға белгілеу және резервтерді бағалау негіздері;
қайтыс болу және еңбекке қабілетінен айырылу жағдайына ұжымдық сақтандыру: сақтандыру бағдарламалары, үлкен және шағын топтардың андеррайтинг негіздері, баға белгілеу және резервтерді бағалау негіздері;
ұжымдық медициналық сақтандыру: сақтандыру өтеулердің түрлері, басқарылатын медициналық бағдарламалар, баға белгілеу және резервтерді бағалау негіздері;
қайта сақтандыру;
зейнетақы бағдарламалары және әлеуметтік қамсыздандыру;
сақтандыру экономикасына шолу;