Toggle Dropdown
«Медициналық және фармацевтік кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлаудың үлгілік бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 165 және «Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттар мен үлгілік кәсіптік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 647 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № ҚР ДСМ-26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 қарашада № 17684 болып тіркелді
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 32-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және 175-бабының 3) тармақшасына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 5-тармағына және 22-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Медициналық және фармацевтік кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлаудың үлгілік бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15167 болып тіркелген, Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық және фармацевтік кадрлардың біліктілігін арттырудың және оларды қайта даярлаудың үлгілік бағдарламаларында:
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. «Терапия (жасөспірімдер терапиясы, диетология)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттырудың және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы»;
7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
7. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес «Терапия (жасөспірімдер терапиясы, диетология)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.
8. «Терапия (жасөспірімдер терапиясы, диетология)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Ішкі аурулар терапиясындағы инновациялық технологиялар»;
«Салауатты өмір салтын ұстану мен аурулардың алдын алу»;
«Ауруханаға дейінгі және ауруханалық кезеңде ішкі аурулардың шұғыл терапиясы»;
«Жасөспірім ауруларының диагностикасы, ағымы мен емдеу ерекшеліктері»;
«Амбулаториялық-емханалық терапия»;
«Терапиядағы дәлелді медицина мәселелері»;
«Ішкі ағзалар ауруларын емдік тамақтану арқылы емдеу мәселелері»;
«Ауруханаға дейінгі және ауруханалық кезеңдегі терапиядағы диагностикалау мен емдеудің қазіргі заманғы әдістері»;
«Терапиялық соматикалық және хирургиялық аурулардың шекаралық жағдайлары»;
«Терапиядағы диагностиканың аспаптық және зертханалық әдістері»;
«Шекаралық психикалық ауруларды диагностикалау, емдеу және жүргізу тактикасы, сонымен қатар самотоформдық бұзылулар кезінде».
9. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдерінде – 108/2 сағат (апта), «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта), бұдан бұрын интернатура және резидентураны (клиникалық ординатура) оқыған, «Терапия (жасөспірімдер терапиясы, диетология)» және «Педиатрия» мамандықтары бойынша қайта даярлау курстарынан өткен «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі бар мамандарға арналған қайта даярлау циклдерінде – 432/8 сағатты (апта) құрайды.»;
4-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. «Кардиология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика, интервенциялық аритмология, интервенциялық кардиология) (ересектер)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы»;
12. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдерінде – 108/2 сағат (апта), «Педиатрия», «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта), балалар кардиологиясы бойынша қайта даярлауы болғанда ересектер бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта) құрайды.
13. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 4-қосымшаға сәйкес «Кардиология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика, интервенциялық аритмология, интервенциялық кардиология) (ересектер)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.
14. «Кардиология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика, интервенциялық аритмология, интервенциялық кардиология) (ересектер)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Кардиологиядағы инновациялық технологиялар»;
«Ауруханаға дейінгі және ауруханалық кезеңде шұғыл кардиология»;
«Интервенциялық кардиологияның өзекті мәселелері»;
«Амбулаториялық және стационарлық кезеңдегі балалар кардиологиясының өзекті мәселелері»;
«Превентивті кардиология»;
«Жүрек- қан тамыр патологиясы бар науқастарды амбулаторлық қарау»;
«Жүрекішілік электрофизиологиялық зерттеу және тахикардияның радиожиілікті аблациясы»;
«Кардиологиядағы (ересектер) диагностиканың аспаптық және зертханалық әдістері»;
«Клиникалық аритмология»;
«Балалар жасындағы аритмология»;
«Жүрек қантамырлар аурулары бар науқастарды жүргізу тәсілі мен диагностикасы»;
«Кардиологиядағы реанимация және қарқынды терапия (симуляциялық платформаларды пайдаланумен болатын практикалық курс)»;
«Кардиология практикасындағы шекаралық психикалық бұзылулар».»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
«4-1-тарау. «Кардиология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика, интервенциялық аритмология, интервенциялық кардиология) (балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы»;
«14-1. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдерінде – 108/2 сағат (апта), «Педиатрия», «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта), ересектер кардиологиясы бойынша қайта даярлауы болғанда балалар бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта) құрайды.
14-2. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 4-1-қосымшаға сәйкес «Кардиология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика, интервенциялық аритмология, интервенциялық кардиология) (балалар)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.
14-3. «Кардиология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика, интервенциялық аритмология, интервенциялық кардиология) (балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Кардиологиядағы инновациялық технологиялар»;
«Ауруханаға дейінгі және ауруханалық кезеңде шұғыл кардиология»;
«Интервенциялық кардиологияның өзекті мәселелері»;
«Амбулаториялық және стационарлық кезеңдегі балалар кардиологиясының өзекті мәселелері»;
«Превентивті кардиология»;
«Жүрек- қан тамыр патологиясы бар науқастарды амбулаторлық қарау»;