• Мое избранное
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдар тізбесін және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдар тізбесін және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 671 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 9 қарашада № 17724 болып тіркелді

Редакция 10.11.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген:
1) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
  • 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментіне (А.Д. Дәрменов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов
  • 1
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 671 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдар тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, көліктегі) аумақтық органдарының лауазымдары:
1) Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының бастығы;
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Ішкі істер министрінің 15.04.2020 жылғы № 328 Бұйрығына сәйкес (28.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі аудандық (қалалардағы аудандардың) аумақтық органдарының лауазымдары:
1) Полиция департаментінің қаладағы, аудандағы көші-қон қызметі бөлімінің (бөлімшесінің) бастығы;
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Ішкі істер министрінің 15.04.2020 жылғы № 328 Бұйрығына сәйкес (28.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
Қазақстан Республикасы  
Ішкі істер министрінің  
2018 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 671 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 33-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және ішкі істер органдарында (бұдан әрі – ҚР ІІО) жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс (бұдан әрі – Конкурс) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдардың тізбесіне сәйкес бос лауазымдарға өткізіледі.
2-тарау. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен қағидалары
3. Конкурсты өткізуге дайындалу және ұйымдастыру Қазақстан Республикасы ІІО кадр қызметтеріне жүктеледі.
4. Полиция департаменттерінің Көші-қон қызметі басқармасының бастығы және тіркеу-емтихан жұмысы бөлімі бастығының лауазымына конкурсты Ішкі істер министрлігі, қаланың, ауданның көші-қон қызметі бөлімі (бөлімшесі) бастығының және тіркеу-емтихан жұмысы бөлімшесінің бастығы лауазымына Полиция департаменті ұйымдастырады.
5. Конкурс мынадай түрлерден тұрады:
1) ІІО қызметкерлері арасында конкурс (бұдан әрі – ішкі конкурс);
2) басқа құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасындағы конкурс (бұдан әрі – ведомствоаралық конкурс).
6. Жоғары тұрған бос басшы лауазымдарға кандидаттарды іріктеудің негізгі өлшемшарты «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарындағы кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 998 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12679 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 998 бұйрық) бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі-біліктілік талаптары) сәйкес келуі, ІІО қызметкерлерінің бәсекеге қабілеттілігі көрсеткішінің жоғары деңгейі болып табылады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 21.10.2020 жылғы № 726 Бұйрығына сәйкес (15.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 10.11.2020 жылдан бастап)
1-параграф. Ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында конкурс өткізу шарттары мен тәртібі
7. Ішкі конкурс бірқатар бірізді кезеңдерді қамтиды:
1) конкурсты өткізу туралы хабарлама жариялау;
2) конкурстық комиссияны қалыптастыру (бұдан әрі – комиссия);
3) ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген Қазақстан Республикасы ІІО қызметкерлерінен құжаттар қабылдау және оларды кадр қызметі қызметкерлерінің лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуін алдын ала қарауы;
4) конкурстық комиссия кандидаттармен өткізетін әңгімелесу;
5) конкурстық комиссияның шешімі.
8. Конкурсты өткізу туралы хабарлама конкурс жариялаған ІІО интернет-ресурсында жарияланады.
9. Конкурсты өткізу туралы хабарлама мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) конкурс өткізетін мемлекеттік органның атауы, оның орналасқан орнын, пошталық мекенжайын, телефон және факс нөмірлерін, электрондық пошта мекенжайларын көрсете отырып;
2) негізгі функционалдық міндеттерді, еңбекақы мөлшері мен жағдайын белгілей отырып, бос лауазымдардың атауы;
3) біліктілік талаптарына сәйкес мемлекеттік орган айқындайтын конкурстың қатысушысына қойылатын негізгі талаптар;
4) ішкі конкурсты өткізу туралы хабарлама жариялағаннан кейін келесі жұмыс күнінен есептелетін құжаттарды қабылдау мерзімі;
5) осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың тізбесі;
6) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі - өтініш).
10. Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы ІІО қызметкерлері қатарынан жүргізіледі, бұл ретте жоғары тұрған басшы лауазымына кадрлық резервте тұрған кандидаттарға басымдық беріледі.
11. Конкурсқа қатысу үшін хабарлама жарияланған күнінен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей кандидат конкурс жариялаған ІІО кадр қызметіне өтініш береді.
12. Өтінішке:
1) жұмыстағы негізгі көрсеткіштер мен шынайы жетістіктерді айқындайтын қызметтік жұмыстың нәтижелерімен бірге қызметтік мінездеме (ерікті нысанда);  
2) басшы құрам қатарынан қызметкерлердің ұсынымдары (ерікті нысанда);
3) № 998 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - кәсіби құзыреттерді айқындау қағидалары мен әдістері) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында кәсіби құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілік көрсеткіш есебін айқындау қағидалары мен әдістеріне 7, 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша орындаушылық лауазымды атқарып отырған ішкі істер органдары қызметкерінің тиімділігін бағалау парағы немесе басқарушылық лауазымды атқарып отырған ішкі істер органдары қызметкерінің тиімділігін бағалау парағы;
4) кәсіби құзыреттерді айқындаудың қағидалары мен әдістеріне 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі істер органдары қызметкерінің бәсекеге қабілеттігін бағалау парағы;
5) Қазақстан Республикасы ІІО кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығын өткізетін қызмет растаған қызметкердің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығының деңгейін жыл сайын қорытынды тексеру анықтамасы (ерікті нысанда) қоса беріледі.
13. Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда кадр қызметі кандидаттың конкурсқа қатысуға өтінішін қабылдаған күні қайтарады.
14. Кандидаттардың біліктілік талаптарына сәйкес келуіне құжаттарды қарау және зерделеу құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
15. Қызметкерлер туралы толық және объективті ақпарат алу үшін кандидаттар тізімі тексеру үшін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ІІО өзіндік қауіпсіздік қызметіне жолданады.
16. ІІО өзіндік қауіпсіздік қызметі кандидаттар туралы ақпаратты зерделеу нәтижелері бойынша кадр қызметіне әңгімелесу жүргізуге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті мәліметтер жолдайды.
17. Әңгімелесу өткізу күні мен уақыты туралы кандидатқа оны өткізгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарланады. Хабарлау телефон арқылы электрондық мекенжайға және мобильді телефонға ақпарат жолдау арқылы жүзеге асырылады.
18. Конкурс жариялаған ІІО бос лауазымдарды атқаруға кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыруға конкурстық комиссияны қалыптастырады.
19. Конкурстық комиссия конкурс жариялаған ІІО басшысының бұйрығымен құрылады.
20. Конкурстық комиссия кемінде бес мүшеден, оның ішінде төрағадан тұрады.
Конкурстық комиссияның хатшысы (кадр қызметінің өкілі) оның жұмысының ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.
Конкурстық комиссияның төрағасы болып ІІО басшысының кадр қызметіне жетекшілік ететін орынбасары тағайындалады.
21. Конкурстық комиссияның құрамына конкурс өткізетін ІІО кадр, заң қызметтерінің, өзіндік қауіпсіздік бөліністерінің, құрылымдық бөліністерінің басшылары енгізіледі.
2-параграф. Басқа құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында ведомствоаралық конкурс өткізу шарттары мен тәртібі
22. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған ішкі конкурсқа қатысушылар болмаған жағдайда ведомствоаралық конкурс өткізіледі.
23. Ведомствоаралық конкурс өткізу туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
24. Хабарлама осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген мәліметтерді қамтиды.
25. Конкурсқа біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда басқа құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысады.
26. Кандидат хабарлама жарияланған күннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей конкурс жариялаған ІІО-ның кадр қызметіне осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
27. Өтінішке:
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;  
2) кадр қызметі растаған қызметтік тізім (ерікті нысанда);
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 наурыздағы №211 бұйрығымен бекітілген Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидалары және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздеріне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20123 болып тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы.
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 23.10.2023 жылғы № 758 Бұйрығына сәйкес (21.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.11.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) тиісті құқық қорғау органының уәкілетті қызметі куәландырған жұмыстағы негізгі көрсеткіштерді және шынайы жетістіктерді айқындайтын қызметтік жұмыс нәтижелерімен бірге қызметкердің қызметтік мінездемесі (ерікті нысанда);
6) тиісті құқық қорғау органының кадр қызметі растаған куәландырған құрам қатарынан қызметкерлердің ұсынымдары (ерікті нысанда);
7) тиісті құқық қорғау органының уәкілетті қызметі растаған кандидаттың қызмет орны бойынша беделін түсіретін мәліметтің болуы немесе болмауы туралы құқық қорғау органының тиісті бөлінісі қызметінің анықтамасы (ерікті нысанда);
8) құқық қорғау органының кадр қызметі растаған тәртіптік жазаларының болуы немесе болмауы туралы анықтама (ерікті нысанда);
9) тиісті құқық қорғау органының уәкілетті қызметі растаған кәсіби даярлығының деңгейін жыл сайын қорытынды тексеру анықтамасы (ерікті нысанда);
10) құқық қорғау органының кадр қызметі растаған құқық қорғау органы қызметкерінің бәсекеге қабілеттігін бағалау парағы (болған жағдайда);
11) құқық қорғау органының кадр қызметі растаған құқық қорғау органы қызметкерінің тиімділігін бағалау парағы (болған жағдайда) қоса беріледі.
28. Осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда кадр қызметі кандидаттың конкурсқа қатысуға өтінішін қабылдаған күні қайтарады.
29. Кандидаттардың біліктілік талаптарына сәйкес келуіне құжаттарды қарау және зерделеу құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
30. Жеке адам туралы толық және объективті ақпарат алу үшін кандидаттар тізімі тексеру үшін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ІІО өзіндік қауіпсіздік қызметіне жолданады, сондай-ақ ақпарат кандидаттың жұмыс орны бойынша құқық қорғау органынан сұратылады.
31. ІІО не құқық қорғау органының өзіндік қауіпсіздік қызметі кандидаттың жұмыс орны бойынша кандидаттарды зерделеу нәтижелері бойынша кадр қызметіне әңгімелесу жүргізу күніне дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті ақпарат жолдайды.
32. Әңгімелесу өткізу күні мен уақыты туралы кандидатқа оны өткізгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарланады. Хабарлама телефон арқылы қатысушылардың электрондық мекенжайына және мобильді телефонына ақпарат жолдау арқылы жүзеге асырылады.
3-тарау. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің арасында және басқа құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында әңгімелесу өткізу тәртібі
33. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі жалпыға көрінетін қолжетімді жерлерде ІІО ақпараттық стенділерінде, сондай-ақ оның интернет-ресурсында құжаттарды қарау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей орналастырылады.
34. Әңгімелесу кандидаттар тізімі жарияланған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
35. Кандидаттармен әңгімелесу хаттама түрінде ресімделеді және жазбаның техникалық құралдары (аудио және (немесе) бейне) арқылы тіркеледі.
36. Талқылау барысы және конкурстық комиссия қабылдаған шешім хаттама түрінде ресімделеді, оған конкурстық комиссияның төрағасы және конкурстық комиссияның мүшелері, сондай-ақ хаттама жасауды жүзеге асырған хатшы қол қояды.
37. Осы Қағидаларда көзделген барлық материалдар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15997 болып тіркелген) бекітілген сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының ІІО кадр қызметінде сақталады.
38. Комиссия отырысы егер онда комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде екіден үші қатысқан жағдайда заңды деп есептеледі. Болмаған комиссия мүшелерінің орнын ауыстыруға жол берілмейді.
39. Кандидат егер комиссия құрамынан қатысып отырғандардың көпшілігі оған дауыс берсе комиссияның оң қорытындысын алады. Дауыс берген кезде дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.  
Конкурстық комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
40. ІІО кадр қызметі кандидаттарға отырыс өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы хабарлайды. Хабарлау телефон арқылы, ақпаратты электрондық мекенжайға және мобильді телефондарға жолдау арқылы жүзеге асырылады.
41. ІІО басшысы не уәкілетті басшы жарияланған бос лауазымға комиссия ұсынған кандидатты тағайындайды.
42. Комиссия шешіміне жоғары тұрған ІІО-ға (жоғары тұрған лауазымды адамға) не сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шағымдануға болады.
Қазақстан Республикасының ішкі істер 
органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға 
конкурс өткізу қағидаларына
қосымша
нысан
_________________ бастығы
(ішкі істер органының,
________________________
атағы, тегі, аты, әкесінің аты
 (болған жағдайда)
Өтініш
 Маған __________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысуға рұқсат беруді сұраймын.
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында бос лауазымды атқаруға конкурс өткізу шарттарымен және тәртібімен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.
Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығына жауапкершілік туралы ескертілдім.  
 ________________ _________________________________________________ (қолы) (тегі, аты (әкесінің аты болған жағдайда))
 Байланыс деректері: жұмыс және ұялы телефон нөмірі: __________________________________________ электрондық мекенжайы __________________________________________________ тұрғылықты мекенжайы ___________________________________________________ жұмыс мекенжайы _______________________________________________________
   20 ___ жылғы «___» _________