Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
«Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 749 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 18 қыркүйектен бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 01.09.2023 жылғы № 758 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 69-70, 636-құжат, 2015 ж., № 36, 248-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларында:
«2. Жүргізушілердің жалпы міндеттері» деген бөлімде 1-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы алып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерде:
14-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалмаған.
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу фактісін сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқорға лауазымды тұлғалардың сұрау салуы жолымен расталады;».
2. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |