• Менің таңдаулыларым
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Назар аударыңыз! Құжаттың 13.05.2025 күші жойылды

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 7 қарашадағы № 979 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 8 қарашада № 17715 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес 
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасында:
1 «Салықтық түсімдер» санатында:
05 «Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар» сыныбында:
3 «Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 30-ерекшелікпен толықтырылсын:
«30 Жер қойнауын пайдаланушылардың басқа түсімдері»;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
1 «Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар» функционалдық кіші тобында:
121 «Республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
007 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
«011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
013 «Республикалық маңызы бар қала, астана Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
«011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
694 «Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 055 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«055 Мемлекеттік органдар үшін автомашиналар паркін жаңарту»;
9 «Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер» функционалдық кіші тобында:
248 «Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
001 «Қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 111 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
«111 Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің күрделі шығыстары»;
373 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрылыс басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
061 «Мемлекеттік органдардың объектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
«011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
02 «Қорғаныс» функционалдық тобында:
2 «Төтенше жағдайлар жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру» функционалдық кіші тобында:
201 «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
060 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы қызметті ұйымдастыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
104 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықты, объектілер мен аумақтарды табиғи дүлей зілзалалардан инженерлік қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік кіші бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«104 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне халықты, объектілер мен аумақтарды табиғи дүлей зілзалалардан инженерлік қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге берілетін нысаналы даму трансферттері»;
03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобында:
1 «Құқық қорғау қызметi» функционалдық кіші тобында:
201 «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
076 «Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 137 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
«137 Түркістан облысының облыстық бюджетіне Түркістан облысының Ішкі істер департаментін материалдық-техникалық жабдықтауға, қосымша штат санын ұстауға, әкімшілік ғимаратын жалға алуға және экологиялық апат аймағындағы тұрғаны үшін қызметкерлеріне жоғарылатылған еңбекақы және сауықтыруға арналған материалдық көмек төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
252 «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы ішкі істер органы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
006 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын: