• Мое избранное
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы субъектілерге қатысты тексеру жүргізу кезіндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы субъектілерге қатысты тексеру жүргізу кезіндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 қарашадағы № 807 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 81 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 қарашада № 17818 болып тіркелді

Редакция 14.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141 және 143-баптарына және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.02.2023 жылғы № 127 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.03.2023 жылғы № 29 Бірлескен Бұйрығына сәйкес (14.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 26.06.2024 жылғы № 231 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.06.2024 жылғы № 44 Бірлескен Бұйрығына сәйкес (27.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.02.2023 жылғы № 127 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.03.2023 жылғы № 29 Бірлескен Бұйрығына сәйкес (14.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы субъектілерге қатысты тексеру жүргізу кезіндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) қатысты тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалаушы ұйымына (бас жобалаушы) қатысты тексеру парағы;
4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мердігерге (бас мердігерге) қатысты тексеру парағы;
5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты тексеру парағы;
6) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы техникалық қадағалауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға қатысты тексеру парағы;
7) осы бірлескен бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты тексеру парағы;
8) осы бірлескен бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғалары қатысты талаптарға сәйкестігін тексеру парағы;
9) осы бірлескен бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) қатысты талаптарға сәйкестігін тексеру парағы;
10) осы бірлескен бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалаушы ұйымына (бас жобалаушы) қатысты талаптарға сәйкестігін тексеру парағы;
11) осы бірлескен бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мердігерге (бас мердігерге) қатысты талаптарға сәйкестігін тексеру парағы;
12) осы бірлескен бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты талаптарға сәйкестігін тексеру парағы;
13) осы бірлескен бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы техникалық қадағалауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға қатысты талаптарға сәйкестігін тексеру парағы;
14) осы бірлескен бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты талаптарға сәйкестігін тексеру парағы;
15) осы бірлескен бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы құрылыс объектілерінің жобаларын басқару бойынша инжинирингтік қызметтер көрсететін ұйымдарға қатысты талаптарға сәйкестігін тексеру парағы;
16) осы бірлескен бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензиаттарға қатысты талаптарға сәйкестігін тексеру парағы;
17) осы бірлескен бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарына қатысты талаптарға сәйкестігін тексеру парағы;
18) осы бірлескен бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізетін заңды тұлғаларға қатысты талаптарға сәйкестігін тексеру парағы;
18-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 26.06.2024 жылғы № 231 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.06.2024 жылғы № 44 Бірлескен Бұйрығына сәйкес (27.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
19) осы бірлескен бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып айқындау (қажет болған кезде) тізбесі бекітілсін.
1-тармақ 19-тармақшамен толықтырылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 26.06.2024 жылғы № 231 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.06.2024 жылғы № 44 Бірлескен Бұйрығына сәйкес (өзгерту 14.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 2 қыркүйектегі № 395 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14351 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетімен
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2018 жылғы 19 қарашадағы
№ 807 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 26 қарашадағы
№ 81 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы субъектілерге қатысты тексеру жүргізу кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
Өлшемшарттар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.10.2020 жылғы № 528 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.10.2020 жылғы № 81 Бірлескен бұйрығымен (19.11.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.11.2020 жылдан бастап)
Осы Өлшемшарттар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.02.2023 жылғы № 127 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.03.2023 жылғы № 29 Бірлескен Бұйрығына сәйкес (14.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы субъектілерге қатысты тексеру жүргізу кезіндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі –Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141 және 143-баптарына (бұдан әрі – Кодекс), «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), «Тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) және «Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту және «Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 23 маусымдағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) сәйкес әзірленген.
2. Өлшемшарттарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;
2) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;
3) бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) – авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар; жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша мемлекеттік емес аттестаттау орталықтары; жобалау ұйымы (бас жобалаушы); бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдар; лицензиаттар; мердігер (бас мердігер); құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізетін заңды тұлғалары; құрылыс объектілерінің жобаларын басқару бойынша инжинирингтік қызметтер көрсететін ұйымдар; тапсырыс беруші (құрылыс салушы); техникалық қадағалауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар;
4) елеулі бұзушылықтар – сәулет, қала құрылысы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген дөрекі болып табылмайтын, дұрыс емес есептілік пен мониторинг ұсынумен, атқарушылық құжаттаманың уақтылы және дұрыс ресімделмеуімен байланысты бұзушылықтар, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы бұзушылықтардың алдын алуға және олардың алдын алуға бағытталған талаптар адамның қолайлы мекендеу ортасы мен тыныс-тіршілігінің жай-күйінің нашарлауына әкеп соқтыратын бұзушылықтар;
5) елеусіз бұзушылықтар – елеулі және өрескел бұзушылықтарға жатпайтын, бірақ жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге әкеп соғатын талаптарды бұзу;
6) өрескел бұзушылықтар – техногендік оқиғалармен, мемлекеттік мүдделерге, заңды және жеке тұлғаларға залал келтірумен, азаматтар мен қоғамның құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірумен байланысты, сәулет, қала құрылысы және өмірлік циклдің барлық кезеңдерінде құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу нәтижесінде туындаған, адамның өмір сүруі мен өмір сүруінің қолайлы ортасының жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан іс-әрекеттер, объектінің беріктігін, тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз ету, құрылыс конструкцияларының жол берілмейтін шамасын деформациялау, іргелес аумақтың ғимаратының немесе құрылысының және геологиялық массивтерінің негіздері;
7) тәуекел – бақылау және қадағалау субъектісінің қызметі нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;
8) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау және қадағалау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
9) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
10) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
11) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін тексерулерді (бұдан әрі – Талаптарға сәйкестігін тексеру) кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау және қадағалау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау және қадағалау субъектісін (объектісін) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеруден босату процесі;
12) тексеру парағы – бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі: